Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т


дейді.  Сөйтіп  ғалым  Б.Кенжебаев түңғыш  рет қазак



Pdf көрінісі
бет25/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33

  дейді.  Сөйтіп  ғалым  Б.Кенжебаев түңғыш  рет қазак 
ертегілерін  типолоғиялық  зертгеу  әдісі  негізінде  бүкіп  сюжетін 
шамасынша 
сүрыптағанын 
көреміз. 
Сондай-ақ 
ғалым 
жалпы 
ертегілердің  ауызша  даму  барысында,  түрлі 
еядің  қоғамдағы 
экономикалык-әлеуметтік 
жағдайына 
қарай 
өзгеру, 
түрлену 
ерекшеліктерін де дүрыс аныктаған.  Міне,  бүл ерекшеліктерді тек бір 
ертегі  жанрьгаа  ғана  емес, 
барлық  фольклор  түріне  ортақ  деп 
карастыруға  болады.  Одан  әрі  ғалым  ертегілер  бойында  халықтың
267

дүниеге  көзқарасы.түсінігі  болатынын,  әр  елдің  тарихынан,  тарихи- 
әлеуметтік  дамуының,  түрмысының,  салтының  бейнесі,  суреті  бар 
екеніне  де  ерекше  назар  аудартады.  Және  де  ергегіге  тән  мына 
белгілері  де:ертегілердің  басталуы,  ұласуы,  аяқталысы;  көбінесе  қара 
сөзбен  айтылатыны;  ертегідегі  бір  оқиға  екінші 
оқиғаға  тиіп,  бір 
оқиға екінші оқиғамен ұласып отыратыны т.б.  алғаш рет сөз болады.
Демек XX ғасырдьщ алғашқы  жартысында басылған бұл мақалада 
Б.Кенжебаев  қазақ  ертегілерінің  біраз  жанрлык  ерекшеліктерін, 
сюжетін  т.с.с.  фольклортану  талабы  тұрғысынан  талдауы-  сол 
кезеңдегі  қазақ  фольклористикасының  жеткен  жетістігі  болып 
саналады.
Кеңес  өкіметінің  халық 
ауыз  әдебиетін  дұрыс  түсініп,  оны 
зерттей  білуде  фольклористерге  біршама  қамқорлық  жасап,  бағьгг 
сілтеп  отырғаны  белгілі. 
Кеңес  жазушыларының  бірінші  съезінде 
(1934) 
М.Горькийдің 
жасаған 
баяндамасы 
мен 
Д.Бедныйдың 
«Батырлар»  (1936) пьесасы жөнінде СССР Халық Комиссарлар  Советі 
жанындағы  Искусство  істерін  басқару  комитетінің  алған  қаулысы 
кеңес  фольклористикасының тарихында елеулі уақиға болып саналды. 
А.М. 
Горысийдің 
баяндамасында 
халықтың 
поэтикалық 
творчествосыньщ  негізі  болып  материалистік  концепциясы  алынды, 
халық  ауыз  әдебиетінің  коллективтік  ерекшелігі  айқын  көрсетілді.
А.М.Горький 
халық  ауыз  әдебиетінің  тарихи  мәнін,  көркемдік 
қасиетін  айта отырып, халық даналылығы  арқасында жасалған типтер 
мен  образдарды  ашып  берді.  Сөйтіп  халық  поэзиясы  дүниежүзілік 
әдебиеттің 
зор 
табыстарының 
негізі, 
қайнар 
көзі 
болып 
табылатындығын  дәлелдеді.  А.М.Горький  кеңес  жазушыларының 
Бүкілодақгық  бірінші  съезінде  сөйлеген  қорытынды  сөзінде  кеңес 
жазушыларына халық ауыз әдебиетін жинаңдар, зерттеңдер, халықтан 
үйреніңдер-  дей  келіп: 
«Сүлейман  секілді  поэзия  қазынасын  жассш 
алатын білгір адамдарды қамқорлыңқа алыңдар.  Тагы да  айтам:  сөз 
өнері  ауыз  әдебиетінен  басталады.  Ауыз  әдебиетін  жинаңдар,  одан 
үйреніңдер, 
зерттеңдер... 
Ауыз 
әдебиеті 
Совет 
Одагының 
жазушыларына көп материал береді»,-
 деп көрсетгі  [356].
Отызыншы 
жылдардың 
орта 
кезінен 
бастап 
кеңес 
фольклористикасы  өзінің 
идеялық-теориялық  дәрежесінің  өсуі 
жағынан  анағұрлым  жоғары  сатыға көтерілді.  Әрбір  республикадағы 
жазушылар  одағының  жанынан  халық  творчествосының  секциясы, 
жоғары  оқу  орындарында  халық  ауыз  әдебиетінің  кафедрасы, 
ғылыми- 
зерттеу 
институттарында 
бөлімдер 
мен 
секторлар 
үйымдастырыла бастайды.
268

Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеуге  Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, 
М.Ғабдуллин,  М.Сильченко.  Н.Смирнова т.б.  әдебиетші  ғалымдар  ат- 
салыса  бастады.  Белгілі  орыс  фолыслористері  Ю  Соколовтың  [357], 
М.Азадовскийдің  [358]  мақалаларьшда  қазақ  фолыслоры  жайында 
бірсыпыра  мәнді  пікірлер  айтылды.  Орыс  әдебиетінің  мәселелерімен 
шұғылданып  жүрген  Л.Тимофеев  [359],  К.Чуковский  [360]  сияқты 
әдебиетшілер өздерінің еңбектерінде, әдебиеттану ғылымының жалпы 
проблемалық  мәселелерін  сөз  еткенде, 
халық  ауыз  әдебиетінің 
жайына да тоқталып өтеді.
Фольклордың 
қалыптасуы  мен  дамуы  жолында,  оның  көркем 
жазба  әдебиетпен  тығыз  байланыста  болғаньгаа  да  көңіл  бөлінген. 
Өнердің  осы  екі  саласының  өзара  әсері  мен  өзара  байыту  процесі 
кенестік  дәуірде,  көбінесе  біржақты,  яғни  әдебиетгану  тұрғысьгаан 
ғана  зерттелді.  Бұл  мәселе  неғұрлым тереңірек  зерттеуді  қажет  етеді 
дей  отьфып,  кеңес  ғалымдары:  халықтьгқ  шығармашылықтың 
әдебиетпен  байланысын  аньщтау;  кеңестік  фольклордагы  әдебиеттің 
заңдылықтарын  қарастыру  мәні  т.б.  -бәрі  фольклорды  әрі  тарихи, 
әрі  теориялық  тұрғыдан  зерттеу  қажеттілігін  де 
алға  шығарған 
болатьга.  Мұндағы  теориялық  мәселелер  катарына:  жанрлардың 
өзіндік  ерекшеліктері;  болашақта  социалистік  коғамда  фольклордьщ 
даму  мүмкіндіктері; фольклор  мен әдебиеттің келешекте бірігуі т.с.с. 
мәселелері сөз болады.
1920-шы 
жылдардағы 
қазақ 
фольклортану 
ғылымында 
социалистік  мазмүнды  қалыптастыруда  Қазан  төңкерісіне  дейінгі 
халыктық  мүраны  пайдалану  жүзеге  асқаны  белгілі:  жаңа 
форма 
ойлап  табу  мәселесі,  «ескі»  жанрдьщ  элементін  жаңа  тақырьгата 
қолдану,  «ескі»  формадан  қүтылу  мәселесі,  кеңестік  фольклордың 
жанрлары,  күралы  және  болашақ  даму  мүмкіндіктері  т.с.с.назарда 
болды.  Сондай-ақ  ол  кезде  кеңестік  қоғамның  жаңа  жағдайындағы 
фольклор 
мен 
әдебиеттің 
өзара 
байланысы, 
жазбаша  туған 
шығармаларды 
фольклорға 
жатқызу 
мүмкіндігі, 
халықтық 
шығармалардың  коллективтік  авторлығы,  варианттылық  мәселесі 
т.с.с.  қарастырылып отырды.
Сонымен  қатар  фольклорды  айтушылардың  социалистік  реализм 
әдісін  меңгеруі  -кемшілігі  десек,  ал,  типтілік  мәселесін  басшылыққа 
алу-  үтымды  жағы  болады.  Қазан  төңкерісіне  дейінгіге  қарағанда 
кенестік  фольклордағы  жинақтау  тәсілдеріндегі  ерекшелігі:  халық 
поэзиясындағы  үнамды  қаһарман  бейнесі,  оньщ 
мінезін  т.б. 
бейнелеуде  колданған  жаңа  тәсілдер,  кейіпкердің  халықтық  бейнесі, 
яғни  аскақтатылған  көсемдер  мен  қарапайым  кеңес  адамының,  және 
олардың  озық  қаһармандарының  бейнесі  т.б,-  бәрі  де  фольклордың
269

қоғамдық-саяси  тақырыбын,  социалистік  мазмұнын т.б.  айқындаудың 
негізгі өдіс-тәсілдері болды  [361].
Мұндай 
кезең 
ерекшелігі 
қазақ 
фольклортану 
ғылымы 
қарастырған  төмендегідей  тақырыптар  бойында  да  кездеседі:  а) 
кеңестік  фольклорда  коллективтіліктің  бастау  алу  мәселесі;  ә) 
кеңестік  фольклордағы  ұнамды  қаһарман  бейнесі;  б)  кеңестік 
фольклор мен  әдебиет;  в) кеңестік фольклордағы социалистік реализм 
әдісі,  болашақта  социалистік  қоғамда  халық  ауыз  әдебиетінін 
мұмкіндіктері т.с.с. қаралды.
XX  ғасырдьщ  бірінші  жартысында аңыздардың  зерттелуі  барлық 
басылым  көрген  мәтіндерді  жиыстырудан  басталды.  Аңыздарды 
зертгеу: 
тақырыбы 
бойынша, 
қағазға 
түскен 
уақыты 
мен 
қаһармандары бойынша жіктеу, жұйелеу жұмыстары, идеялық бағыты 
бойынша  қаһармандардың  халыктығы,  халық  кейіпкерінің  аңыздағы 
орны,  аңыздағы  шындық  пен  қиялдың  арақатынасы,  аңыздардағы 
тарихилық  мәселесі,  ол  ұлгілердің  ауызша  тараған  тарих  іспетті 
екендігі;  аңыздағы  варианттылық  мәселесі  фольклорлық  жанрдың 
бір  көрінісі  екендігі,  тарихи  оқиғалардағы  тұлғалардың типтендірілуі 
мәселесі,  аңыздағы  көркемдіктің  белгілері,  аңыздардың  сөз  өнеріне 
қатысы,  кеңестік  аңыз  бен  тарихи  аңыз  байланысы; 
аңыздардың 
қоғамдық-саяси,  тарихи  және  тәрбиелік  маңызы,  аңыздардың 
жанрлық  табиғатын  анықтау  т.с.с.  мәселелер  сөз  болды.  Бұлар  сол 
кездегі фолььслортану ғылымының ұтымды  жағы болды.
Сондай-ақ  эпостық  жырлардың  идеялық-  тақырыптық  мазмұны; 
ондағы қиял  мен  шындықтың арақатынасы;  халықтың тарихи санасы 
мен  тарихи 
көзқарасьтнъщ  -  эпоста.  коріну 
бепгілері; 
эпостың 
мазмұнындағы негізгі ерекшелік реализм болып табылатыныІэпосТБЩ 
композициялық,  әрі  стильдік  безендірілуі;  «ескі»  эпостың  дәстурлі 
көркемдік  құралдарын  қолдану  ықтималдығы;  дәстұрдің  біраз 
тұрлерін  ығыстыру  мұмкіндіктері; 
бейнеліліктің  жаңа  тәсілдерін 
енгізу т.б. проблемалар  жан-жақты карастырылған болатын.
Жалпы  ертегі  ішіндегі  қаһармандардың  бет-бейнесінің  өзгертілуі; 
қаһарманның  іс-әрекетін  бейнелеудегі  фантастиканың  алатын  орны; 
кейіпкерді  неғұрлым  шынайы  көрсету  ұлгісі;  ұнамсыз  кейіпкерлердің 
бейнесіндегі  өзгерістерді  бақылау;  ертегі  сюжеті  мен  кейіпкерін 
тұсіндіруде  олардың  әлеуметтік 
жағы  басым  қарастырылуы; 
ертегілерді 
көркейтуге  қолданылған  көркемдік  тәсілдердің  де 
өзгерістерін  бақылау;  фольклорды  таратушылардың  ертегіге  деген 
көзқарасының  өзгеруі  себептерін  анықтау 
т.с.с.  -   бәрі  де  XX 
ғасырдың  бірінші  жартысындағы  қазақ  фольклортану  ғылымы 
алдында тұрған  өзекті мәселелерді негіздегені анық.
270

Сондай-ақ  кезең  ерекшелігі  болып  табылған  Кеңес  жүйесінің 
қоғамға  енгізген  түрлі  өзгерістері  өз  кезегінде:  ертегі  жанрының 
өзгеруіне;  Кеңес  үкіметі тұсында жнналған  ергегілердегі  ерекше қиял 
мен  шындықтың  арасалмағын  ажыратуға;  сол  тұстағы  ертегілерде 
орын  алған  діни  нанымның  көріну  белгілерін;  халықтың  дәстүрлі 
ертегіге  көзқарасын,  берген  бағасьш  т.с.с.  анықтауға  әсер 
еткені 
сөзсіз [362].
Кеңестік 
дәуірде 
жарияланған 
мақал-мәтелдердің 
Қазан 
төңкерісіне  дейінгілерден  ерекшеліктері:  идеясында;  тақырыбында; 
қоғамдық  саясаттың,  моральдың,  эстетиканың  т.б. 
үлгісіндегі 
мазмүнында  т.с.с.  тарихи  түрғыдан  келгенде  тап  тартысының  дерек 
көзі  т.с.с.  ретінде  алынуы-  бәрі  де  социалистік  қүрылыстың  негізін 
калаудың бірден-бір насихат қүралы есебінде алынғаны да мәлім.
Соғысқа  дейінгі  кезеңде  фольклорға  тән  өзіндік  ерекшеліктерді 
зерттеу  фольклортану  ғылымы  алдьшда  түрған  басты  мәселелердің 
біріне  айналды.  Бүл  мақсатқа  жету  үшін  ғалымдардың  көбінесе 
фольклор  мен  әдебиетгің  ерекшеліктерін  өзара  салыстырғаны  мәлім. 
Фольклордың  мән-маңызы  мен  өзіне  тән  ерекшеліктері  дегенде, 
біріншісі-  ондағы  ауызекілік  сипат,  яғни  фольклордың  ауызша туьш, 
ауызша  таратылып,  ауызша  дамып,  ауызша  түрленуі  т.б.  алынды. 
Себебі  осы  касиеті 
арқасында  халықтық  шығарма  авторлық 
шығармадан  аясыратылды.  Сопдай-ақ  фольклор  бүкіл  халықтың  мүң- 
мүқтажын,  мақсатын  т.б.  дәріптеуге  арналса,  ал  көркем  шығарма 
индивидуальдык  автордікі  болғандықтан,  субъективті  мақсатты 
қанағаттандыруға тырысатыны да діттелді.
Қазақ  фольклортану  ғылымы 
1940  жылдары,  яғни  соғыс 
жылдарында  да 
біраз  қызметгер  атқарды.  Бүл  кезде  жазылған 
мақалалар,  ғылыми  зерттеулер,  негізінен  бір  тақырыпты-  халыктың 
ерлік  дәстүрін  паш  етуге арналды.  Халыктың  отансүйгіштік дәстүрін 
дәріптеумен қатарГфольклорлық мүраны жеке-жеке жанрларға жіктеп 
зерттеуі дами  бастады.  Мәселен,  С.Мүқанов, М.Әуезов,  Қ.Жүмалиев, 
Ә.Марғүлан,  Б.Кенжебаевтың, 
т.б.  қазақтьщ  эпостық  жырларцн,. 
Ә.Мәметованың  шешендік  сөздерді  зерттегені  мәлім.  Мүндағы  қазақ 
ауыз  әдебиеті  мөселелері  халықтың  тарихымен  тығыз  байланысты 
қарастьфылды.  Фольклордың  әрбір  жанрының  өзіндік  ерекшеліктері, 
шығармалардың 
көркемдік, 
идеялық, 
тақырыптык 
тарихпен 
байланыстылығы  т.б.  сол  кездегі  орта  мектепке  арналған  окулық, 
хрестоматиялар  аукымында  да  (авторлар:  Қ.  Жүмалиев,  Ә.Марғүлан, 
Е.Ысмайылов, С.Мүқанов, Қ.Бекхожин т.б.) зерттеле бастады.
Мәселен,  XX  ғасырдьщ  40-жылдары  ерекше  көзге  түсетіні 
Ә.Марғүланның  «Геройлық  жыр  тудырудың  бірініиі  дәуірі»  атты
271

мақаласы  (Әдебиет  және  искусство.-№1.1941.-Б.90-98).  Мұнда  қазақ 
тарихы Үйсін-Қанлы заманынан басталады дей отырып, бұл геройлық 
жыр  шығарудың  бірінші  дәуірі 
болды  дейді. 
Оған  біздің 
заманымыздан  арғы  Ш  ғасыр  мен  осы  заманның  VI  ғасырлар  арасы 
жатқызылады.  Кейін  бұл  бергі  Қыпшақ  дәуіріне  (УП-ХП)  ұласатыны 
да сөз болады.  Үйсін-Қаңлы дәуірінде айтылатын  геройлық жырларға 
«Ер  Төстік»,  «Хан  мерген»,  «Хан  Бодай»,  «Ақ  Көбек»  т.б.  ұлгілері 
жатқызылған.  Мәселен,  «Ер  Төстік»  нұсқасы 
ескі  замандағы 
бақташылық  жыры  делінсе,  мұнда  Ер  Төстік  найза  алып  қамалға 
шықпайтыны,  көбінесе 
малды  аман  өсірудің 
алпауыты  болып 
суреттелетіні,  негізінен, 
жаратылыс 
стихиясына  қарсы  қару 
көрсететіні  т.б.  сөз  болады.  Және  де 
бұл  нұсқа 
сюжеті, 
кейіпкерлердің іс-әрекеті т.б.  гректің «Илиада» мен  «Одиссея» тәрізді 
шығармаларымен 
салыстырыла  қарастырылады.  Міне,  мұнда 
жоғарыдағы  келтірілген  ұлгілер  Ә.Марғұлан  еңбегінде  эпос  жанрына 
қатысты  талданса,  басқа  зерттеулерде  қиял-ғажайып  ертегілер 
қатарында  қарастырылатынын  есте  ұстаған  жөн.  Бұл  пікірін 
Ә.Марғұлан 
«О 
характере 
и 
исторической 
обусловленности 
казахского  эпоса»  атты  зертгеу  еңбегінде  (Известия.  казахского 
филиала АН СССР. Серия историческая.-1946.№2.-С.75-80)  тереңдете 
отырьш, эпостық жырларды шығу дәрежесіне қарай топтайды:
1.  Ең көне  замандағы  эпостық жырлар  («Ер  Төстік»,  «Ақ  Көбек», 
«Құламерген», «Шолпан мерген» т.б.)
2.  Оғыз-Қыпшақ  заманында  пайда  болған  эпостар  (ХІ-ХП  ғ.ғ.) 
(«Қорқыт», «Алпамыс», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» т.б.).
3.  Тарихи  дәуірдегі  эпос  (ХІІ-ХІУғ.ғ.)  («Қобыланды»,  «Ер 
Тарғын», «Қамбар»т.б.).
4.Жоңғар феодалдарының қазақ даласына шапқыншылығын  және 
оған  қарсы  күресті  сипаттайтьш  жырлар  («Қабанбай»,  «Бөгенбай», 
«Олжабай» т.б.).
5.Феодальдық  қайшылықтарға  қарсы  күреске  байланысты  туған 
эпос.
Міне,  ғалымның  қазақ  эпосын  бұлай 
жіктеу,  үлгінің 
шығу 
кезеңін  басты  талап  есебінде,  яғни,  негізінен,  тарихилық  ерекшелікті 
алға  қоюмен  түсіндіріледі.  Демек  эпостық  жырдың  ішкі  өзіндік 
ерекшеліктері  ескерілмей  қалды.  Сол  себепті  эпостың  ішкі  жанрлық 
түрлері,  яғни  батырлар  жыры,  лиро-эпостық  жырлар  және  тарихи 
жырлардың 
бір-бірінен 
айырмашылықтары 
ескерілмей 
қалды. 
Дегенмен қазақ эпосы пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін 
XX  ғасырдың  40-шы  жылдары  ғалым  Ә.Марғүланның  ұсынуы,  сөз
272

жок,  сол  тұстағы  қазак  фольклортану  ғылымының  жеткен  деңгейін 
көрсетеді.
Соғыс  жылдары  өзінің  өмір  суру,  әрі  идеялық-көркемдік  қызметі 
жағынан  қаһармандық  эпосқа  деген  кызығушылық  үстем  болғанына 
көңіл  бөлген  жөн.  Дегенмен  фольклорлық  мүраға  тек  түрпайы- 
әлеуметгік  түрғыда  қарау,  өрі  халық  шығармашылығын  дамытуда 
мирасқорлық пен  дәстүрлік  маңыздылығын  немқүрайды бағалау т.б.- 
бәрі  де  кезең  ерекшелігі  болып  табылатын  біржақты  сыңаржақ 
көзкарастар ықпалын танытады.
Ғылыми  жүмыстың  сәтгі  өтуі  үшін  фольклорлык  жариялымдарға 
қойылатын  ғылыми  талаптарды  кисынға  келтіру  мәселесі  де  сөз 
болды.  Сондай-ақ  болашақта  фольклор  турасында  оқу  қүралдарын 
жасау, 
академиялық  жинақтарды  шығару, 
оқу  орындарында 
фольклорлық  кабинеттер  ашу,  фольклорды  жинаушыларға  түрлі 
нүскаулар әзірлеу мәселелеріне  де т.с.с.  назар аударыла бастады.
Қазан  төңкерісінен  кейін  фольклордың  көптеген  жанрлары  ел 
арасында  өзінің  өмір  сүруін  тоқтатқан  жоқ.  Кейбір  жанрларда 
дәстүрлікті  (қапыптасқан  бейнелер, берілуі  формалары, тілі т.с.с.)  ері 
қарай  жалғастыруы  байқалса,  кейбіреулерінде  дәстүрлілікті  сақтай 
отырып, кеңестік тақырьгатармен толысу да іске асты.
Ал, енді  біраз үлгілерде стилін, түрмыстық жағын нақгылау, түрлі 
детальдарды  т.б.  өңдеумен  қатар,  тіпті  мазмүндық  өзгерістер  күштеп 
енгізілгені  мвлім.  Біраз  зертгеушілер  тарапынан  фольклордын 
дәстүрлілігі  жалпы  өзгерістерге  үшырамау  керек  деп  ескертілсе  де, 
ара-түра  социалистік  шындық  түрғысьгаан  жаңаргу,  толықтыру  аз 
болмағанына  назар  аударған  жөн.  Сондай-ақ  дәстүрлі  фолыслорды 
кеңестік 
фолыслормен 
теңестіруге  болмайтыны, 
оның  мөдени 
мүраның бір бөлегі деп есептелінетіні т.с.с. сөз  болуы да орынды.
Кеңестік  фольклор  мен  әдебиеттің  байланысына  келетін  болсақ, 
барлық  уақытта  да  халықтық  шығармалар  классикалық  әдебиетгің 
негізі  болғаны  белгілі.  Халықтык 
шығармалардын  жазушылардың 
көркемдік  ой-санасына  негіз  болғаны  да  анық.  Дегенмен  Қазан 
төңкерісіне  дейін  өнердің  бүл  екі  саласы  арасында  үйлесімділік, 
бірліктің  т.б.  болмауы,  олардын  әрі  карай  дамуына  кедергілер 
туғызды.  Кеңес  үкіметі  түсында  бүл  салалар  бүкіл  хаігықтың  бірлігі 
көзкарасын  дәріптеуге бағындырылды.
1920  жылдардьщ  соңына  қарай  елдің  саяси,  экономикалық, 
өлеуметгік  өміріндегі  түрлі  өзгерістер  мәдениет  пен  өнерге  де  өз 
әсерін  тигізді.  Көбінесе  тақырыптың  көкейкестілігі  елдің  өндірісінің 
калпына  келтірілуі  мен  қүрылымдық  өзгерістеріне  т.б.  байланысты 
туындап отырды.
273

1930-шы  жылдары  дәстүрлі  фольклор  негізінде  жаңа  үлгілер 
жасау  мүмкіндігі  сөтсіздікке  үшырады.  Себебі  дәстүрлі  фольклордың 
көне тілі  мен  бейнелеу  күралдарының т.с.с.  жаңа кеңестік мазмүнмен 
сәйкес  келмеуі  байқалды.  Дегенмен  Кеңестік  қоғамда  болып  жатқан 
өзгерістердің  дүрыстығына  дәлел  көзі  ретінде  фольклорды  бүрмалап 
пайдалану,  фолыслор  бойынан  жаңа  идеологияға  тиімді  дәлелдерді 
іздестірумен  қатар,  сондай-ақ  белгілі  бір  фольклорлык  нүскаларды 
кеңестік  көзқарасқа  орай  өзгертуге  т.с.с.  тырысушылык  та 
белең 
алды.
Халықтық  поэзияны  зертгеу  Үлы  Отан  соғысы  кезіндегі  кеңестік 
фольклортанушы  ғалымдардың  басты 
міндеттерінің  бірі  болды. 
Халықтың  рухани  өмірін  жан-жақты  тану,  олардың 
көркем 
шығармада  көріну  белгілері,  даму  заңцылықтарын  ашу  т.б.-  бәрі  сол 
дәуірді  зерттеушілердің  басты  міндетіне  айналғаны  анық.  Дегенмен 
зерттеушілік 
жүмыстардың  сәтгі  жүргізілуіне  партия  көсемі 
И.В.Сталин  бейнесіне  табынудың  кері  әсері  де  аз  болмағанын  айту 
керек.
Тарихи  шығармашылықтағы халықтың  іс-әрекетін т.с.с.  бүрмалау 
фольклор  жөніндегі  ғылымға  да  зардабын  тигізді. 
Мәселен: 
фольклорлық  мәтіндерді  жариялауда  қасақана  біржақтылық,  таптык 
түрғыдан 
жіктеу 
үстем 
болды; 
толыққанды 
емес 
ғылыми 
басылымдарда 
тарихи  оқиғаларға  сыңаржақ  баға  берілді.  Міне, 
мүның  бәрі  фольклортану  ғылымының  сол  түстағы  жіберген 
кемшіліктерін негіздегені  сөзсіз.
Үлы  Отан  соғысының  басталуы  осы  салада да  барлық  ғылыми- 
зерттеушілік  жүмысты  қайта  қүруға  әкелсе,  сондай-ақ  фольклор 
бойындағы 
халықтың  ержүрекгілік,  қаһармандық,  батырлық  т.б. 
дәстүрлерін  қайта  жаңғырта  отырып,  халықтың  рухани,  моральдық 
бейнесін  идеология  қүралы  есебінде 
ортақ  жауға 
қарсы 
үйымдастыру 
қажеттілігіне  бағындырылғаны  белгілі.  Көбінесе 
фольклордың  ішінде  қаһармандық  түлғаны  әспеттеу  дәстүріне  көп 
назар аударылуы - халықты сол кезең үшін аса қажет отансүйгіштікке 
тәрбиелегені  анық.  Сонымен  катар  халық  шығармаларын  тарихи 
аспектіде  қарастырғанда,  мәгіннің  идеялық-көркемдік  мазмүнын, 
халықтың  рухани  өміріндегі  маңызы  мен  мақсатын,  мәдениет 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет