Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т



Pdf көрінісі
бет31/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

Қорытынды.
XX  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  көптеген  еңбектерде  қазақ 
фольклоры  тек  бір  жақты  ғана  қарастырылып,  «әдебнеттің 
партиялылығы»,  «тап  тартысы»,  «пролетариат  әдебиеті» 
т.с.с. 
тәрізді  түрлі  «кеңестік  идеологиялар»  тарапынан  бағаланып, 
түсіндірілгені белгілі.
Сондай-ақ 
бүл 
кезең- 
қазақ 
фольклортану 
ғылымының 
қалыптасу  кезеңі 
болып  табылатыны  мәлім.  Бүл  дәуірде 
фолыслорды  жинаудын,  жариялаудьщ  және  зерттеудің  біртүтас 
жүйесін  калыптастырудың  да  негізі  қалана  бастады.  Бүл  мақсатты 
іске  асыру  барысында  сол  кездегі 
жаңадан  қүрыла  бастаған 
фольклористік 
үжымдар, 
үйымдар 
т.б. 
тарапынан 
түрлі 
экспедияциялар 
үйымдастырылды. 
Олардың 
негізгі 
мақсаты 
фольклорлық  мәтіндерді  іздесгірзгге  бағытталды.  Ол  кезде  алғашкы 
академиялық  жинақтар  да  бірінен  соң  бірі  дүниеге  келіп,  түрлі 
ғылыми  еңбектер 
шоғыры  баспадан  шыға  бастады.  Осынын 
негізінде  барып  қазақ  фольклорының  жекелеген  жанрларын  зерттеу 
мүмкіндіктері туа бастағаны анық.
Фолыслорды  жинаудың,  жариялаудың,  зертгеудің  алғашқы 
төжірибелері  сонау  ХУШ,  XIX  ғасырлардан  бастау  алғаны  мәлім.
XIX  ғасырдағы 
Ш.Уәлиханов,  В.В.Радлов  және  тағы  басқа  да 
фольклор шығармаларын жинаушылар еңбегінің маңыздылығы- олар 
көп  жылдык  тәжірибеге  сүйеніп,  халықтық  үлгілерді  жазып  алу 
әдісін  қалыптастырды.  В.В.Радловтың  негізгі  мамандьпы тілтанушы 
ғалым екендігін ескерсек,  оньщ жинау әдісі, жазу жүргізудегі негізгі 
мақсаты-  жергілікгі  сөздің,  яғни  тілдің  қүрылысын  дүрыс  түсіну 
болды.  Сондықган  да  өз  замандастарына  қарағанда  В.В.  Радлов 
жазбалары қысқартусыз, өзгертусіз берілген.
Патша  өкіметі  тарапьгаан  жиналған  мәтіндер  үш  мақсатта: 
христиан  дінін  уағыздау, 
патшаньга  өз  бетімен  шексіз  билеу 
саясатын дәріптеу, сонымен бірге  сол кездегі мемлекетке қызмет ету 
мақсатында жиналып, жарияланып отырды.
XX ғасырдың бас кезінде қалыптасқан  қазақ интеллигенңиясы ел 
бостандығын  ғана  көксеп  қойған  жоқ.  Олар  халыкты  кең  көлемде 
окыту,  білімге тарту  мақсатын  бірінші  кезекке  қойды.  Кеңес  өкіметі 
түсындағы  фольклорды  жинаудағы  басты  мақсат- өзірленген  үлгінің 
әлеуметгік жағына баса назар аударуға бағындырылды.
XX  ғасырдың  алғашқы  жартысында 
қазақ  фольклорының, 
көбінесе түрмыс-салт жырлары, ертегілері, мақал-мәтелдері, эпостық 
үлгілері  т.б.  терізді  жанрлары  Г.Н.Потанин,  Ә.Диваев,  М.Ж.Көпеев,
345

А.Байтүрсынов,  Ә.Бөкейханов,  М.Әуезов 
т.б. 
тарапынан  кағаз 
бетіне түсті.
Негізінен, бүл фольклорлық жазбалар жинаудың қалыптасқан үш 
түрлі  тәсілі  арқылы,  яғни  тікелей,  түрғылықты,  экспедициялық 
жинау  тәсілдері  комегімен  жиналды.  Тікелей  жинау  тәсілі  дегенде, 
халықтық  мүраны  ел  арасынан  тікелей  ауызба-ауыз  қағазға 
түсірумен  бірге,  оларды  ескі  кітаптар мен  қолжазбалардан  да  алып, 
жинап 
отырды. 
Мәселен, 
Ә.Диваев 
халық 
нүсқаларын 
этнографиялық  материалдармен  байланыстыра  жинады.  Ол  халық 
поэзиясын халықтың түрмысынан бөле  қарауға болмайды деп білді. 
Сондықтан  да  ғалым  көптеген  фольклор  үлгілерін,  әсіресе  әдет- 
ғүрыппен  байланысты  өлең-жырларды  тікелей  жинау тәсілі  арқылы 
жинағанда,  әдет-ғүрыптың  өзін  де 
бірге  жазып  алып,  халықтың 
түрмысында  өлең  -жырдың  атқаратын  қызметін  қоса  көрсете 
отырған.  Ә.Диваевтың  бүл  жннаушьшық  шарттары,  яғни  мәтінге 
ғылыми  түсініктеме  беріп  отыруы  сол  кезең  үшін-  үлкен  жетістік. 
Оны  ғылыми  принціптің  алғашқы  баспалдақтары  десе  де  болады. 
Фольклорды  тікелей  жинау  тәсілі  арқылы  жинау  барысында 
Ә.Диваев та, Мәшһүр-Жүсіп те озіндік жинау  әдістемесіне сүйенгені 
белгілі.  Олар: 
тілдік  ерекшеліктерді  сақтау,  дәлділік, 
айтушы 
аузынан  сол  қалпында  көшіру,  арнайы  бір  тақырыпқа  материал 
жинау т.б.
XX 
ғасырдың 
алғашқы 
жартысында 
қазақ 
даласында 
фольклорлық  шығармалар  тікелей,  экспедициялық,  түрғылықты 
төсілдер  арқылы  жиналғаны  мәлім.  Осы  орайда  мәдени  мүраны  ел 
арасынан  басқа  да 
. тәсілдермен  қатар  тікелей  тәсіл  арқылы 
жинаудағы  мақсат  -  жоғалып  бара жатқан  қазақтың  ең  бай  мүрасы, 
халық  шығармаларын 
қағазға  тездетіп  түсіру  болғанын  ескерген 
жөн.  Бүл  тәсілдің 
оз  артыкшылықтары, 
өз  кемшіліктері  бар. 
Кемшілігі  не  десек, 
біріншіден,  тікелей  жинау  тәсілі  кезінде 
экспедициялық  тәсіл 
кезіндегідей  фольклорды  әрі  кең,  әрі  көп 
мөлшерде  жинау  мүмкіндігі  жоқ.  Екіншіден,  түрғыльщты  тәсілге 
қарағанда, 
бір  елді-мекендегі  барлық  фольклорлық  жанрлардың 
бірін қалдырмай, асықпай, бәрін толық қамту жағы төмен.
Ал,  артықшылығына  келсек:  біріншіден,  фольклор  өмір  сүрген 
ортада  жинаушы мәтінді қағаз бетіне түсіру ісіне озі тікелей араласа 
отырып,  орындаушыны  да,  елді-мекенді  де  өзі  таңдайды.  Жинау 
барысында  туған  түрлі  кемшілік  атаулыны  сол  жердің  өзінде-ақ 
түзету  мүмкіндігі  бар.  Ендеше  нүсқаның  ғылыми 
талапқа  сай 
жиналуын толық қамтамасыз етеді.
346

Екіншіден,  экспедиция  жасақтау  үшін  қажетгі  уақыт  мөлшері, 
қаражат көздері  т.б.  бүл тікелей тәсілі  арқылы  жинау  жүмысына  аз 
жүмсалады.  Ал,  мәтінді  ауызба-ауыз  түсіру  мүмкіндігі  жиналған 
үлгінің тіліне, көлеміне, көркемдік сипатына нүқсан келтірмейді.
Үшіншіден, 
ең 
бастысы, 
фольклорлық 
шығарма  тікелей 
орындалу кезінде қағазға түсетіндіктен, мәтіннің сөзбе-сез, өзгерусіз 
қағазға 
түсу 
мүмкіндігін 
артырады. 
Демек 
фольклортану 
ғылымының 
дәлділік  талабы  орындалады.  Сондай-ақ  мәтіннің 
паспортын толық  түсіру мүмкіндігін де арттырады.
Сонымен XX ғасырдың басында  және кейін де  қазақ фольклоры 
осы  үш  түрлі  тәсілмен  яшналған.  Бірінші  тәсіл-  тікелей  жинау 
тәсілі, фольклор өмір сүретін ортада мәтінді қағаз бетіне түсіру  ісіне 
жинаушы  езі тікелей  араласады.  Алғашқы кезде  фольклорды  жинау 
сырттай  қарағанда 
стихиялы  болып  көрінеді,  алайда 
зерттеу 
барысында  фольклорлык  мәтіндерді  жеке  адамдардың  (Г.Н.Потанин, 
Ә.Диваев,  М.Ж.Көпеев,  Х.Досмүхамедов  т.б.)  ғылыми  мақсатпен 
жинағаны 
байқалады.  Мүндай 
тікелей  жазып  алу 
тәсілімен 
тәжірибе  жинақтай  отырып,  олар 
жинаудың  амалдары  мен 
тәсілдерін де  жетілдіріп, ғылыми  негізін жетілдіре түскен.
Екінші тәсіл- жер-жердегі арнайы тілшілер  арқылы жинау.  Яғни 
ғалым 
өзінің 
жер-жердегі 
сенімді  хат  жазысып  түратын 
адамдарының  көмегіне  сүйене  отырып,  сол  жердің  фольклорын 
жинастырады.  Мүның  ерекшелігі-  түрғылықты  болуы.  Түрғылықты 
дегеніміз-  белгілі  бір  мекенде  түрьш,  фольклорды  сол  маңайдан 
үзіліссіз жинау. Жинаушылық қызметтің  түрғылықты әдісін, әдетте 
жинаушы  үзақ  уақыт  бір  елді  —мекенде  орналасқанда,  не  өзінің 
түрғылыкты  жерінен  жинау  жүмыстарын  жүргізгенде  қолданады. 
Міне,  мүндай  жағдайда  жинаушы  мөтінді  үкыпты  түрде  қағазға 
түсіреді,  егер  де 
үлгіде  сөздік  өзгерістер  болған  жағдайда,  оны 
белгілеп отырады.
Үшінші  тәсіл-  арнайы  экспедициялар  үйымдастыру.  Негізінен 
1920-1950  жылдар  аралығындағы  экспедициялар  Қазақ  ССР  Ғылым 
академиясының 
Тіл  және  өдебиет 
институты  тарапынан 
үйымдастырыльш  отырды.  Сөйтіп,  фольклорды  жинау  ғылыми  мәні 
бар іске  айналып,  оны жинауға  бүрынғыдай бірлі-жарым адам емес, 
көшпілік  болып  ат  салысу  жүзеге  асты.  Үйымдастырылған 
экспедициялар  түрлі  елді-мекендердегі  фольклорлық 
мәтіндерді 
жинаумен 
ғана  шектелмеді.  Сондай-ақ  сол  елді-мекеннің
халықтарынын  тілдік,  диалектикалық  ерекшеліктерімен  бірге  көне 
кітаптар  мен  қолжазбаларға  да  көңіл  бөлу  өсті.  Жинаудың  бүл 
экспедициялық 
төсілі,  көбінесе  Кеңес  өкіметі  түсында  жиі
347

қолданылып,  дәстүрлі  жоспарлы  істердің  біріне  айналды.  Жинау 
жүмысының 
кең  түрдегі 
бағдарламасын  1920  жылдардың  бас 
кезіндегі  Сырдария,  Жетісу  экспедицияларының  іс-тәлсірибесінен 
кейін 
ғана 
барып 
Ә.Диваев 
жасаған. 
Экспеднңиялар 
үйымдастырылғанда,  олардың  қүрамында  әр  түрлі  маман  иелері: 
жазушы, ғалым,  өнер қайраткерлері,  мүғалімдердің қатысуы  да  т.б.
— бәрі  де  жинау  жүмыстарын  дамытып,  жетілдіре  түскені  сөзсіз. 
Сөйтіп,  XX  ғасырдың 
алғашқы  жартысында 
қазақтың  ең  бай 
мәдени  мүрасы-  фольклоры,  негізінен, 
осы  үш  тәсіл 
арқылы 
жиналып, қағаз бетіне түсті.
XX  ғасырдың  бірінші  жартысындағы 
қазақ  фольклорын 
жариялауда 
мынадай  жетістіктер  көрініс  тапты:  біріншіден, 
фольклордың  әр  түрлі  жанрлары  жеке  кітап  болып  басылды. 
Екіншіден  кітаптың  сыртқы  мүқабасында  араб  әрпінде  міндетті 
түрде  тақырыбы,  шығарушысы,  бастырушысы,  басылым  көрген 
баспаханасы,  қаласы,  жылы  т.с.с.  көрсетіліп, 
отырды. 
Және  де 
мәтіннің 
шыққан  баспахансының  аты,  қаласы,  орыс  тіліне 
аударылып  басылды.  Тіпті,  кітаптың іппсі  бетінде  оның  қай  жылы, 
қай  уақытты,  кімнің  тарапынан  т.б.  рүқсат  етілгені  де  ескеріліп 
отырды.  Үшіншіден,  мәтін,  әрі  қазақ (араб) өрпінде жарияланып,  әрі 
орыс  тіліндегі 
аудармасы  бірге  берілді. 
Мәтіннің  екі  тілде 
жариялануында 
бірнеше  мақсат  көзделді:  а)  зерттеушілік  істі 
жандандыру, яғни Ресей  ориенталистері мен түркологтары үшін бүл 
өте  үтымды  болды;  ә)  оларға,  егер  қазақ  тілін  білсе,  мәтіннің 
түпнүскасы  берілді  де,  қажет  болса,  қазақша  мәтінді  орысша 
аудармасы  арқылы  тереңірек  білуге  мүмкіндік  жасалды;  б) 
түркологтар үшін қазақ тілін нақтырақ зерттеу  мүмкіндігін туғызды, 
тіпті  қазақ  сөзін  қалай  жазу,  оны  қалай  түсіну  ғана  емес,  қалай 
аударуға  болатынын  да  байқау,  тексеру  керектігі  пайда  болды. 
Тертіншіден,  екі тілде жарияланған фольклорлық мәтіндер, көбінесе 
не  орыс тілін  меңгерту үшін,  не  қазақ тілін т.с.с.  зерттеу үшін дерек 
көзі  ретінде  қызмет  етті.  Бесіншіден,  кейбір  фольклорлық  мәтіннің 
араб  әрпіндегі 
түпнүсқасы,  кириллица 
әрпіндегі  фонетикалык 
транскрипциясы 
мен  орыс  тіліндегі 
аудармасы  бірге 
берілді. 
Олардың  әрі  алғысөзі  мен 
ғылыми  түсініктемелері  болуы  т.б. 
басылымның  ғылыми  сипатын  танытгы.  Ал,  қалған  басылымдар, 
көбінесе 
бүқаралық,  ағартушылық 
т.б.  қызмет  атқарды. 
Алтыншыдан,  жарияланған  фольклорлық  мәтіндер  әрі  кітап,  әрі 
жинақ,  әрі  хрестоматия,  әрі  оқу  қүралы  түрінде  жарияланса  да, 
негізінен,  ғылыми,  ағартушылық,  бүқаралық,  тілдік,  этнографиялық, 
фольклористік  т.с.с.  мақсатты  көздеді.  Дегенмен,  Қазан  төңкерісіне
348

дейінгі  фольклорды  жариялаудың  кейбір  талаптары:  мәтіннің 
жазылынып альгауына қатысты паспорттық деректерді бірге беру; не 
жинақ,  не  хрестоматия  ішінде мәтін  мазмұны,  алғысөзі  мен  ғылыми 
түсініктемелердің  болуы  т.б. көп жағдайда орындала бермеді.
Негізінен, 
1920  жылдардағы 
ғылыми  жүмыстың  ең  негізгі 
мақсаты-  фольклорлық  мәтінді  жазып  альга,  жариялау  ғана болған. 
Ғалымдардың  жұмысы  бұл  жағынан  жемісті  болды.  Оған  дәлел: 
жарияланган  материалдар  саны  қанша  көп  болса,  баспаға  әзірлеу 
сапасы  сонша  жоғары.  Жариялаудың  ғылыми  және  жалпы  оқуға 
арналған түрлері белгіленген.  Жарыққа шығарудың әр алуан амалын 
іздестіріп,  газет,  журнал және жинақтарда  мақалалар «Материалдар» 
«Нұсқалар»  деген  аттармен  жарияланып  отырды.  «Географиялық- 
этнографиялық 
және 
лингвистикалык 
анықтамалар» 
сияқты 
тұсініктер  берудің  тұрлері  мен  әдістері  белгіленді. 
Тек  мәтіннің 
көркемдік  сипатына түсінік беру жағы жетіспей жатты.
Азамат  соғысы  мен  шаруашылыкты  қалпына  келтірудің  ауыр 
жылдарының  өзінде  де  халық  ауыз  әдебиетінің  Қазан  төңкерісіне 
дейінгі  және  Кеңес  тұсындағы  тәуір  деген  ұлгілері  баспа  жұзінде 
жарияланып,  Қазақстанға ғана емес, тіпті Одақ көлеміне белгілі бола 
бастады.  Мәселен,  қазақ өлеңдері  мен  ертегілерінің ұлгілері  «Қазақ 
өлкесін  зерттеу  қоғамының  еңбектерінде» 
басыльга  шыққаннан 
кейін 

Тұркстандағы 
халық 
музейіне 
қойылып, 
жұртқа 
таныстырылды,  Қазақстандағы  алғаш  ұлттық  жоғары  мектеп  Қазақ 
ағарту  институтында  ауыз  әдебиеті  пәні  арнаулы  сабақ  боп  оқыла 
бастады.
Республика 
баспасөзі 
Кеңес 
фольклорының 
тырнақалды 
үлгілерін  жұртгаылыққа 
таныстыруда  үлкен  қызмет  атқарды. 
Газеттер  мен  журналдарда  ақындардың  жаңа  өлеңдері  жарияланды. 
Бұл  өлеңдерде  Қазан  төңкерісі  әкелген  жаңа  тұрмыс,  жаңа  өмір 
дәріптелді.
XX  ғасырдың  алғашқы  жартысында 
бұқаралық  сипатта 
жарияланған  фолыслорлық  басылымдар,  көбінесе  жалпы  халықка 
арналды.  Онда  жұртты  оқу-білімге  шақыру,  жалпы  ағартугаылық. 
көзқараспен  қатар,  фольклорды  үгіт-насихат,  төрбие  қүралы  т.б. 
есебінде  колдану  мақсаты  көзделді. 
Ал,  педагоғикалык  сипатта 
жарияланған фолыслор тәрбие, тәлім, ой дамыту, өмірді таныту, білу, 
тіл 
кестелігі 
т.б. 
тәрізді 
мақсатта 
қолданылды. 
Сондай-ақ 
педагогикалық  сипаттағы  басылымдарда  фольклорды  баланың  жас 
ерекшелігін  даму  барысын  ескеру,  зерттеу 
мақсаттары  қоса 
қамтылды.
349

XX 
ғасырдың 
бірінші 
жартысында 
ғылыми 
сипаттағы 
басылымдарды 
жариялаудың  негізгі  мақсаты- 
төл  әдебиетке 
көпшіліктің  назарын  аудару  мен  фольклорды  маманданған  түрде 
зерттеу  еді.  Сондай-ақ  бұл  кезде  фольклордың  жеке  жанрларын 
зерттеудің  негізі  қаланды.  1930-  жылдарда  халық  шығармаларын 
ғылыми  жариялау  негізі  қалыптаса  бастады.  Бұл  басылымдардың 
біразы  тілдік  мақсатта,  біразы  фольклорды 
халықтың  өзіндік 
ерекшелігін,  салт-дәстүрін,  сана  сезімін,  таныту  мақсатында,  біразы 
фольклордың  жанрлық ерекшелігін ажырату үшін т.б. қолданылды.
Ғылыми  жинақтар  іші фольклордың  сан жағынан көптігімен де 
және  олардың  көп  нүсқалылығымен  де,  сапалы  сұрыпталуымен  де 
т.б. 
ерекшелінді.  Жинақтар  кіріспесінде  фольклордың  жиналу 
тарихы  мен  қазіргі 
жағдайы,  фольклор  мен  әдебиетгің  өзара 
байланыстылығы,  жинақтың  мазмұндық  тақырыпшалары  т.б.  сөз 
болды.
Ал,  басылымдардағы  фольклорлық  мәтіндер  жанрлық  жағынан 
топтастырылып 
орналасшрылып,  соңынан 
ескертулері 
мен 
түсініктемелері  бірге  берілді. 
Сонымен  бірге  бұл  фольклорлық 
мәтіндердің  сұрыпталу  мен  жариялану  әдіс-тәсіліне  келетін  болсақ: 
белгілі  бір  үлгінің  пайда  болу  мәселесі,  шығармалардың  идеялық- 
тақырыптық  өзара  байланыстылығы,  халықтық  үлгілердің  дамуы 
мен  таралу  ерекшеліктері,  әр  әлеуметгік  топтарда  олардың  өзгеру 
мүмкіндіктері  т.б.-  бәрі  ғылыми  жинаққа  кірген  мәтіндердің, 
көбінесе  толықтай  паспорты  толтырылуымен,  орындаушылардың 
аты-жөні  көрсетілуімен,  мәтіннің  қағазға түскен күні,  уақыты, жері 
т.б.  тіркелуімен де  құнды болды.
XX  ғасырдың  алғашқы  жартысындағы  ағартушылық  мақсатта 
басылым  көрген  оқулыктар,  хрестоматиялардың  қазақ  фольклоры 
тарихын  жасаудағы  тұңғыш  еңбектер  екені  сөзсіз.  Кеңес  өкіметі 
тұсында  жаңадан  ашылған 
оқу  орындарында 
қазақ  тілі  мен 
әдебиеті  пәні  тұңғыш  рет  оқыла  бастауы  осы  оқулықтарға  деген 
мүқтаждықты  күшейткені  анық.  Бұларда  қазақ  фольклорының 
барлық  дерлік  жанрлары  (эпос,  ертегі,  тұрмыс-салт  жырлары  т.б.) 
қамтылып,  олардың  әрқайсысының  анықтамалары,  ерекшеліктері 
әрі  фольклортану,  әрі  әдебиеттану талаптары тұрғысынан  талдауға 
түсті.  Талдау  барысында  зерттеудің 
тарихи-типологиялық  әдісті 
қолданылуы  сол  түстағы  қазақ  фольклортану  ғылымының  жеткен 
жетістігі  екені  сөзсіз.  Мүндағы  берілген  халықгық  шығармаларды 
сол кездегі  ғалымдар өздерінің түжырымына,  аныктамаларына дәлел 
ретінде 
қолданып  отырған.  Негізінен 
бүл  оқу  кітаптарында
350

ғалымдар  мән 
беріп 
зерттеген  аспектілер  фольклорлық  бейне, 
жырдың орындалуы,  жыршының  рөлі т.б.  төңірегінде болды.
Жалпы фольклорды зертеудегі  мақалалар, кіріспелер, алғысөздер 
дегенде, 
зертгеу  жұмысының  сәтті  жүргізілуі  фольклортану 
ғылымына  белгілі  ғалымдардың  келіп  қосылуымен  де  байланысты. 
Сондай-ак  онда  алдыңғы  қатарлы  фольклортанушы  ғалымдардың 
тәжірнбесіне  сүйенудің  де  әсері  болғаны  белгілі  (Ә.Диваев, 
Ә.Бөкейханов, 
М.Әуезов, 
Х.Досмүхамедүлы, 
С.Мүқанов, 
Қ.Жүмалиев , Ә.Марғүлан, Б.Кенжебаев  т.б.)
Қазан  төңкерісінен  кейін  жаңа  Кеңестік  заманның  орнығуы 
ықпалымен 
фольклортану 
ғылымы 
халықтық 
мәдениетгің 
көтерілуіне,  жалпы  халықтық  шығармашылықтың  дамуына,  түрлі 
зертгеу  еңбектерінің  көбеюіне,  фольклортану  ғылымын  дамытуда 
белгілі 
ғалымдардың 
еңбектерінің 
сүрыпталуына, 
зерттеу 
жүмыстарын  жаңа  туған  қоғамдық  қатынастар 
негізінде  қайта 
жазуға  бағытталғаны  мәлім.  Бүл  жүмысқа  түрлі  үйымдарды, 
ғалымдарды,  студенттерді,  оқушыларды т.б.  жүмылдыру  етек алды. 
Мүның  бәрі  де  түрлі  қайшылық,  кедергілерді  бастан  кешірсе  де, 
түтастай  алғанда,  фолыслорды 
зерттеу  ғылымының  да  өзіндік 
дамуын негіздеді.
Бүл кезде «тарихи мектеп» конңепциясына негізделген мақалапар 
пайда  болды.  Бүл  еңбектерде  орыс  тарихи  мектебінің  әсері  басым 
болды,  онда  фольклордан  тарихтың  ізін,  тарихи  оқиғаны,  ондағы 
жер-су,  қала  аттарын,  тарихи  түлғаларды  т.б.  көп  іздеді.  Бүлай 
халыктық 
шығармалардан  тарихи  оқиғаны  іздеу  орынсыздығы, 
тарихи  окиға  ізі  тек  тарихи  жырда  ғана  сақталатыны  кейінгі 
зерттеулерде  сөз  болады.  Сондай-ақ  фольклорды  салыстырмалы 
зертгеу  әдісі  негізінде де  қарастыру белең  алды.  Мүнда  ғалымдар 
фольклорды  халықтық  идеологияның,  танымның,  эстетиканың, 
тәрбиенің  т.б.  қайнар  көзі  ретінде  қарастырды.  Зерттеу  барысында 
фольклорға,  оның  жанрларына  анықтамалар  берілді. 
Жөне  де 
олардың  ішкі  ерекшеліктері,  өмір  сүру  жағдайы,  орьгадаушылары, 
жіктелуі  де 
біраз  сөз  болды.  Дегенмен  фольклорлық  бейнелер, 
көбінесе 
әдеби  образ  ретінде  бағаланды.  Міне, 
бүл  баяндама 
алғысөз түрінде болсын,  жарияланған  мақалалар-  сол  XX  ғасырдың 
алғашқы  жартысындағы  қазақ  фолькпортану  ғылымының  хал- 
жағдайын  анықтайды.  Негізінен 
бүл  кездегі  мақалалар  ғылыми- 
көпшілік  мақсатта жазылды.
XX  ғасьфдыц  алғашкы  жартысының  соңына  дейін  қазақ 
фольклорының  барлық  жанрлары  жан-жақты,  жеке-жеке  салаларға 
бөлініп,  әрі  кең,  әрі  терең,  өрі  академиялық  түрде  талданды.  Олар
351

тұңғыш  рет 
тарихи  шығу  мезгіліне  қарай 
орналастырып 
қарастырылды.  Бұл  сол  кез  үшін  үлкен  жаңалық  еді.  Ең  көне  деп 
түрмыс-салтқа  байланысты  жанрлар  алғаш  сөз  болды.  Басқа елдердің 
фольклорын  зерттеу  барысында тек  бір  әдебиетшілері  емес,  басқа да 
салалас  ғылымдардың  ат  салысатыны  тәрізді,  ягни  фолыслорлық 
мәтінді  лингвистика,  этнография,  тарих,  географиялық  т.б.  тұрғыдан 
қарастыру  орын  алғаны  анық.  Әсіресе,  қазақ  фольклорының:  ертегі, 
салт 
жырлары,  батырлар  жыры,  ғашықтык  жырлары,  тарихи 
жырлары,  айтыс  т.б.  жанрлары  бұл  еңбекте 
тек  әдебиетгану 
тұрғысынан  емес,  сондай-ақ  алғаш  рет  фольклортану  тұрғысынан 
сарапталуы  қазақ фольклортану ғылымының түрлі қыспаққа қарамай, 
даму  үстінде  болғанын  дәлелдейді.  Демек  фольклорлық  мәтіннің 
жиналу,  жариялану  тарихына  қатысты  ғылыми  түсініктемелердің 
берілуі;  әр  тақырып  тоңірегінде  қарастырылатын  әдебиеттер  тізімі 
көрсетілуі; 
мәтін  варианттарының  езара  сюжеті,  кейіпкерлері, 
олардың  іс-әрекеттері,  тілі,  стилі  т.б.  жағынан  салыстырыла 
қарастырылуы  т.с.с. — бәрі  де  фольклорды  фольклортану түрғысынан 
зертгеу  үлгісін  танытса,  ал  әр  нүсқаның  тақырыптық-идеялық  негізі, 
сюжеті, 
композициялық 
құрылысы, 
бейнелері, 
көркемдік 
ерекшеліктері  т.б.,  көбінесе  кеңестік  жүйеге  сәйкестігі  маркстік- 
лениндік  әдебиеттану  талабы  түрғысынан  сарапталуы  да  орын 
алғанын  көрсетеді.  Ғылыми  жұмыстарда  қолданылған  зерттеу 
әдістеріне  келсек,  көбінесе  салыстырмалы  зертгеу  әдісі  мен  тарихи 
зерттеу  әдісі  қатар  колданылғанын  көреміз.  Сондай-ақ  фольклорды 
әрі  фольклортану  ғылымының,  әрі  әдебиеттану  ғылымының,  әрі 
лингвистиканың,  әрі  этнографияның,  әрі  ономастиканың, 
әрі 
география т.б.  ғылымдарының дерек көзі ретінде қарастырудың  орын 
алғаны қазақ фольклортану ғылымынын сол кезеңдегі  елеулі жетістігі 
екендігі анық.
352

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
1  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  -Алматы:  Қазақ  ССР  Ғылым 
академиясы, 1948,- 439 б.

Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  I  том.  //  Қазақ  халқының  ауыз 
әдебиеті.  Бірінші  кітап  (жалпы  редак.  басқйрған  Қазақ  ССР  ҒА 
академигі  М.О.Әуезов).-Алматы:  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясы,
1960,- 740 6.

Смирнова  Н.С.  Қазақ  халқының  ауыз  әдебиеті  туралы 
Октябрьге дейінгі  Ғылым.  // Қазақ әдебиетінің тарихы.  I том.  Бірінші 
кітап,- Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясы,  1960. -Б.9-49; Октябрь 
революциясына  дейінгі 
қазақ  халқының  ауыз  әдебиеті  туралы 
советгік  ғылым.  //  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  I  том.  Бірінші  кітап.- 
Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясы,  1960.-Б. 49-90.
4  Қазақ фольклористикасы,- Алматы: Ғылым,  1972. -299 б.
5  Бердібаев  Р.Кіріспе.  //  Қазақ  фольклористикасының  тарихы.- 
Алматы: Ғылым.  1988. -  Б.3-15 .
6 Ыбыраев  Ш.  ХУШ ғасыр XIX ғасырдың бірінші  жартысындағы 
қазақ  фольклористикасының  тарихы.  //  Қазақ  фольклористикасының 
тарихы. -Алматы: Ғылым.  1988 .-  Б. 16-46 .
7 Ыбыраев Ш.  ХУІП  ғасыр XIX ғасырдың бірінші жартысындағы 
қазақ  фольклористикасьшың  тарихы.  //  Қазақ  фольклористикасының 
тарихы. -Алматы: Ғылым.  1988.- Б. 46 .
8  Бердібаев  Р.  Шоқан  Уәлиханов.  //  Қазақ  фольклористикасының 
тарихы.- Алматы: Ғылым.  1988.- Б.47-90.
9  Қаскабасов  С.А.  XIX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ 
фольклористикасы.  // Қазақ  фольклористикасының тарихы.  -Алматы: 
Ғылым.  1988 .- Б.91-147.
10 Қазақ фольклористикасының тарихы.-Алматы: Ғьшым,  1988.-Б. 
411  .
11 
Дербісалин 
Ә. 
Ыбырай 
Алтынсарин. 
// 
Қазақ 
фольклористикасының тарихы.- Алматы: Ғылым.  1988.- Б. 148-165 .
12  Қасқабасов  С.А.  Абай  (Ибраһим)  Құнанбаев.//  Қазақ 
фольклористикасының тарихы.- Алматы: Ғылым.  1988.- Б. 166-202 .
13 
Уахатов 
Б. 
Молдағалиев 
Ж.В.В.Радлов. 
// 
Қазақ 
фольклористикасының тарихы.- Алматы: Ғылым.  1988.- Б.203-223  .
14  Қаскабасов  С.А.,  Сиқымбаева  С.Г.Н.Потанин.  //  Қазак 
фольклористикасының тарихы.- Алматы: Ғылым.  1988.-Б.224-271  .
15  Қасқабасов  С.А.  XIX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ 
фольклористикасы.  //  Қазақ  фольклористикасының тарихы.-  Алматы: 
Ғылым.  1988.- Б. 146-147 .
353

16 Сыдықов Т.,  Субханбердина Ү. XX ғасырдың басындағы қазақ 
фолыслористикасы.//  Қазақ  фольклористикасының  тарихы.-  Алматы: 
Ғылым.  1988.-  Б.272-316.
17  Алекторов А.Е. Указатель книг, журнальных и газетных статей 
и заметок о киргизах. -Казань:  1900.-970 с.
18  Ерзакович  Б.Г.  Музыкалық  фольклордың  жиналуы  және 
зерттелуі.  //  Қазақ  фольклористикасының  тарихы.  -Алматы:  Ғылым.
1988,- С. 389-410.
19  Соколов  Ю.М.  Русский  фольклор.-Москва:  Учпедиз,  1941.- 
С.34-121;  Азадовский  М.К.  История  русской  фолыслористики  в  2-х 
т.-Москва:  Учпедиз,  1958  (479  с.)-1963(363  с.);  Березовский  И.П. 
Украинская советская фольклористика.-Киев: Народово думка,  1963.-
343  с.;  Землянова Л.М.  Современная американская  фольклористика.- 
Москва:  Наука,  1975.-312 с.;  Коккьяра Дж.  История фолыслористики 
в Европе.-Москва: Иностранная литература,  1960.-690 с.  т.б.
20 Қазақ фолыслористикасы.-Алматы:Ғылым,  1972.- 298 б.;  Қазак 
фолыслористикасының тарихы.-Алматы: Ғылым,  1988.- 432 б. т.б.
21  Левпшн  А.  Свидание  с  ханом  Меныпей  киргиз-кайсацкой 
орды.  // 
Вестник  Европы.-  1820.  №22.-  С. 129-159;  Янушкевич  А. 
Күнделіктер  мен  хаттар.  Алматы:  1979;  Спасский  Г.И.  Киргиз- 
кайсаки  Болыпой,  Средней  и  Малой  орды.  //  Сибирский  вестник.- 
1820.  1  ч.9.-  С.51-58.Назаров  Ф.  Записки  о  некоторых  народах  и 
землях средней части Азии. -Спб.  1821 т.с.с.
22  Казанңев  И.  О  внутренних  и  букеевских  киргизах.//  Санкт- 
Петербургские  ведомости.-  1838.  №1,  2,  4;  Броневский  В.Б.  Записки 
генерал-майора  Броневркого  о  киргиз-кайсаках  Средней  орды.  // 
Отечественные записки,-  1830. №  119. - С. 400-419. т.б.
23  Маргүлан  Ә.  Шоқан  Уәлихановтың  өмірі  мен  қызметі.  // 
Шоқан Уәлиханов.- Алматы,  1985.- Б.22.
24  Китгары  М.Я.  Гора  Богда  и  озеро  Васкунчакское.// Журнал 
Министерства  внутренних  дел.-  1848.  Т.24.  -С.9-14;  Голубев  А.Ф. 
Отрывок  из  путешествия  в  Среднюю  Азию,  Заилийский  край.  // 
Записки РГО.  1861. Кн.З. -С. 77-130 т.с.с.
25  Радлов В.В. Образцы народной литературы  северных 
тюркских племен. Т.З. Киргизское наречие.- СПб.  1870.- С.  ХУП.
26 
Радлов  В.В.  Образцы  народной  литературы  северных 
тюркских племен. Т.Ш. Киргизское наречие.- СПб.  1870.- С. ХУ-ХУІ.
27  Дала уалаяты газеті.-  1894. №29, 30,31.
28  Потанин  Г.Н.  О  необходимости  собирания  произведений 
народного  творчества  у  киргизов.  //  Дала  уалаяты  газеті.-  1894, 
№29, 30,31.
354

29 
Абылхожин  Ж.Б.  Центральная  Азия  в  преддверии 
революции.  //  История  Казахстана  и  Центральной 
Азии.- 
Алматы:Дайк- Пресс,  2001.- С. 406-605.
30 
Нусупбеков  А.Н.  Формирование  и  развитие  советского 
рабочего класса в Казахстане.- Алматы:  1966,- Б.32.
31  Мелиоранский  П.М.  Краткая  грамматика  казак-киргизского 
языка.-СПб.  1894. -С.З.
32  Васильев  А.В.  Образцы  киргизской  народной  словесности. -  
Оренбург,  1900.
33  Алекторов  А.Е.  Указатель  книг,  журнальных  и  газетных 
статей и  заметок о киргизах. -  Казань,  1900.- 970 с.
34  Жиреншин  Ә.  Қазақ  кітаптары  тарихынан.  —
Алматы,  1971.  - 
Б . 3 . ^
35 
Ценральный  архив  Республики  Татарстан.  Фонд.  №1185. 
Опись 1. Ед. Хр.1.
36  Киргизкие саратовские  песни.  //Этнографическое  обозрение,.-
1889. кн. ПІ
37  Смирнова Н.С. О роли РГО  в развитий казахской 
фольклористики.// Вопросы казахской филологии.-  1964.
38  Қара қыпшақ Қобыланды. // Қазақ.-  1914. №89.  10 декабрь; 
Баржақсин А. Мақалдар. // Қазақ,-  1915. №120.-18 апрель т.б.
39  Дулатов М. Григорий Николаевич Потанин. // Қазақ.-1915. 
№150. 21 сентябрь; Саматов М. Потанин докладынан. // Қазақ.-  1915. 
№56. 30 марг; Дулатов М. Әбубәкір Ахметжанұғлы Диваев. // Қазақ. - 
1915. №155. 31 октябрь; Шоқаев М. Әбубәкір Диваев // Қазақ. -1915. 
№156. 31 октябрь т.с.с.
40  Потанин хаты . // Қазақ.-  1914. -№52. -28 февраль; Баржақсин 
А.
Мақалдар. // Қазақ,- 1915.- №120. -18 апрель; Бөкейханов Ә. Қара 
қыпшақ
Қобыланды. // Қазақ,-  1915. -№126-129; Сұңқар. Қарқаралы оязынан.
// Қазақ.-
1915. -№134. -13 май т.с.с.
41  Еңбекші қазақ.- 1929. -10 ноябрь.- №232
42" Батырдар (Құрастырған Ә.Диваев).- Ташкент:  1922; Батырлар 
жыры
(Құраст. С.Се^фуллин). -Алматы:  1933; Батырлар (Құраст.
С.Мұканов)/- 
Алматы:  Т939  т.б.
43  Қызыл Қазақстан- 1924. №7-9
44  Қызыл Қазакстан. -1922. №2-3
355

45  Еңбекші қазақ. -1925. №359-360.
46  Еңбекші қазақ.-  1930, №25. 31  январь,- Б.4
47  Еңбекші қазақ.-  1930. №25. 31  январь,- Б.4
48  Әуезов  М.  Қазақ  әдебиетінің  қазіргі  дәуірі.  //  Шолпан.  -№2. 
1922;  Жұмабаев М. Қырғыздың ауыз әдебиеті  (Зерттеу).  / Ақжол, 
-.1923.  23  маусым;  Хаішқ  әдебиеті  туралы.  // Жас  қазақ.-  1924. 
№3-4.-Б.  15-19  ;  Шәкенұлы Қ.  Халық әдебиеті туралы. // Тілші.-
1924. №90; Төлешүлы Р.  Халық әдебиеті. //Жаңа өдебиет.-  1929. 
№5. —
Б.77-81;  Фатима [Ғабитқызы]. 
Ескі мүраны іске асырайық. 
//  Социалды  Қазақстан,  1934,  27  май;  Мүқанов  С.  Халық 
қазынасын дүрыс  пайдаланайық. // Социалистік Қазақстан,-  1939.
27  февраль.
49  Жүмбақ айтыс.(Жазып  алған В.Радлов).  // Темір қазық.- 
1923.  №2-3.  Б.117-118;  Қазақтың  жермен  қопггасқаны  (Жазып 
алған  В.Радлов).  //  Темір  қазық.-  1923.  №2-3.-  Б.115-117;  Бекен 
батыр  (Жинаған  Ә.Диваев).  //  Темір  қазық.-  1923.  №1.-  Б.34-35  ; 
Бесік жыры.  (Ел аузынан  жинаған Ә.Диваев). // Сана,-  1923.- №1. 
Б.49-68;  Жиренше  шешен  (Мәшһүр-Жүсіптің  айтуынша).  //  Таң.-
1925.-  №1.-  Б.97-98  ;  Үйсін  Төле  бидің  сөзі  (Мәшһүр-Жүсіп 
әңгімесінен).  //  Лениншіл  жас.-  1927.  №3-4.-  Б.35-36.  Бала  бидің 
сөзі  (Бекен  ақсақалдың  айтуынан  жазып  алған  І.Жансүгіров).  // 
Сана,-  1923.  №1.-Б.61;  Жаңылтпаштар  (Жинаған  І.Жансүгіров).  // 
Жас 
қазақ,-  №5-6,-  Б.102;  Досмүхамедүлы  X.  Қалмақтың 
қарғысы.  //  Сана.  -1924.  №2-3;  Досмүхамедүлы  X.  Адай-Абыл 
ақын.  //  Сана.-  1924.  №2-3;  Айтаңсықтың  қоштасқаны  (Жанақ 
ақынның  айтуынан  <<Қозы  Көреш-Баян  сүлу»  жырынан  жинаған 
М.Әуезов).  //  Таң.-  1925.  №2.-  Б.70-72;  Алтынбай  ақынның 
Тіленшіге  айтқан  сөзі.  (Көкбай  ақсақалдың  айтуынан  жинаған 
М.Әуезов).  //  Таң.- 
1925.-  №3,-  Б.87-88  ;Сейфуллин  С. 
Қүлмағамбет  пен  Майкөт  ақындардың  айтысы.  //  Жаңа  мектеп.-
1926.-№4.-  Б.44-46;  Сейфуллин  С.  Үйсін  Қарақожа  өлеңдері.  // 
Жаңа мектеп,-  1926.-№6.-Б.38-39  т.с.с.
50 
Ауыз  әдебиетін  жинау  жөнінде.  //  Еңбекші  қазақ-  1924.- 
№224;  Ауыз  әдебиетін  жинау,  әдеби  кітаптарын  жинау  мәселесі. 
Кітапта:  Қазақ  білімпаздарының түңғыш  съезі.- Орынбор:  ҚМБ. 
1925.-  Б.105-110;  Әбділда  Тәжібайүлы.  Ел  әдебиетін  жасауға 
кірісейік.  //  Еңбекші  қазақ,-  1930.- №4.  31  январь; Мүқанүлы  С. 
Әдебиет  мүраларын  жинау  туралы.  //  Жаңарқа.-  1930.-  №4.  4 
январь;  Тілепбергенүлы  Ж.  Әдебиет  мүраларын  жинау  туралы. 
//Еңбекші  қазақ.-  1930.  17 январь;  Есенов.  Ескі  мүралар  ізденеді. 
//  Социалды  Қазақстан.-  1936.  17  апрель;  Әлімбетов  Ш.  Совет
356

фольклорын  жннау.  //  Социалистік  Қазақстан.-  1937.  16  май; 
р 
Ғабдуллин  М.  Халық  әдебиетін  жинайьпс.  //  Төте  оқу.-  1938.  21
август; 
Ысмайлов  Е.  Халық  әдебиетін 
көптеп  жинайық.  // 
Лениншіл жас.-  1940. 20 январь т.с.с.
51  Әуезов  М.  Қобыланды  батыр.//  Таң.-  1925.  №1.-  Б. 119-126, 
Б.115-118;  Сейфуллин  С.  Билер  сөздері.  //  Жаңа  әдебиет,- 
1931.№6-7.-  Б.52-62  ;  Есмағамбетұлы  I.  Шора  батыр  туралы.  // 
Қазақ  әдебиеті.-  1935.  30  март;  Кенжебаев  Б.Қорқьгг  туралы.  // 
Әдебиет  майданы.-  1938,-  Б.91-99  ;  Марғұлан  Ә.  Халық  жырын 
туғызудағы  мотивтер.  //  Халык  мұғалімі.-  1939.-  №23-24.-  Б.  90- 
98;  Ысмайлов  Е.  Қазақ  ертектері  туралы.  //  Әдебиет  және 
искусство.  1939. №1.- Б. 13 9-148 ; Ғабдуллин М. Халық фольклоры 
жайында.  //  Қазақ  өдебиеті.-  1940.  28  январь;  Марғұлан  Ә. 
Мәшһүр-Жүсіп  Көпеев.  //  Қазақ  әдебиеті.-  1940,  5  январь; 
Қоңыратбаев  Ә. 
Қырымның  қырық  батыры.  //  Социалистік 
құрылыс,-  1948.  16 маусым т.с.с.
52 Дән. Халық ақындарының пшғармаларын тез шығару керек. 
'// Қазақ өдебиеті.-  1937. 28 октябрь т.б.
53  Т.  Кітап  сыны  («23  жоқтау»  қазақ  тарихының  400  жылы. 
Жинаған,  түзеткен:  Байтұрсынұлы  Ахмет  пен  Қыр  баласы  ). 
Рецензия.  //  Еңбекші  қазақ,-  1926.  29  қараша;  Кенжебаев  Б. 
С.Сейфулиннің  «Қазақ әдебиеті» деген кітабы туралы. // Әдебиет 
майданы.-  №6-9.-  Б.  67-74;  Қазақстан  макалдары  (Түрманжанов 
жинаған.  «Қазақтьщ  мақалдары  мен  мәтелдері»  деген 
кітап 
туралы).  //  Социалды  Қазакстан.-  1936.  №  106.  10  май;  Дихан. 
Сексен  өтірік  (Халық  ертегісі  туралы  шыққан  жинак  жөнінде).  // 
Қазақ  әдебиеті. 
1937.  23  авгусг; 
Қазақ  ССР  Ғылым 
академиясының  Тіл және  әдебиет  институтының  жүмысындағы 
саяси  өрескел  қателер  туралы.  //  Лениншіл  жас.-  1947.-№  11.  5 
февраль;  Әдебиет  және  искусство.-  1947.  №2.  1-4;  Халық 
мүғалімі.-  147. №3.- Б.1-4  т.с.с.
54  Бүл  экспедицияларды  1920-1922  жылдарда  Түркстан 
республикасының  Халық  комиссариаты  жанындағы  Қазақтың 
ғылыми комиссиясы ұйымдастырған.
55  ҚР Білім және ғылым министрлігі. ОҒК. Ш.351.
56  ҚР Білім және ғылым министрлігі. ОҒК. Ш.570.
57  ҚР Білім жөне ғыпым министрлігі. ОҒК. Ш.210.
58  ҚР Білім және ғылым министрлігі. ОҒК.  Ш.120.
59  ҚР Білім жөне ғылым министрлігі. ОҒК. Ш.552.
60  ҚР Білім және ғылым министрлігі. ОҒК. Ш.1167.
61  ҚР Білім жөне ғылым министрлігі. ОҒК. Ш. 1163.
357

62  ҚР Білім және ғылым министрлігі. ОҒК. Ш.1170.
63  ҚР Білім және ғылым министрлігі. ОҒК. Ш.358.
64  ҚР Білім және ғылым министрлігі. ОҒК. Ш.424.
65  ҚР Білім және ғылым министрлігі. ОҒК. Ш.672.
66  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі. 
Ғылыми  кітапхана 
қоры.- №1164.- 448 парақ.
67 
Волшебные 
заговоры 
киргизов 
Сыр-Дарьинской 
области.//Астраханский  листок,-  1893.-  №48;  О  происхождении 
злых  духов  по  верованиям  киргизов  Сыр-Дарьинской  области... 
Волжский  вестник.-  1897,- №31; Из области киргизских  верований. 
Баксы  как  лекарь  и  колдун.  Известия  Общества  археологии, 
истории и этнографии.- Вьш.З.-  1898.
68 
Казахская  народная  поэзия  (Из  образцов,  собранных  и 
записанных А.А.Диваевым).- Алма-Ата: Наука,  1964.- 256 с.
69 
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі.  ОҒК.  Ә.  Диваев 
материалдары. № 1162-папка.-Б. 191-195.
70 
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі.  ОҒК.  Ә.  Диваев 
материалдары. №1164-папка.
71  Смирнова  Н.С.  Казахская  народная  поэзия.  /   Из  образцов 
собранных и записанных А.А.Диваевым/ .- Алма-Ата: Наука,  1964.- 
С.15
72  Затаевич  А. 
1000  песен  казахского  народа.  -Оренбург:
1925,-  С. XIX.
73  Правда. -   1926. 20 июль.
74  Қызыл Қазақстан.-  1924. №7-8-9.
75 
Смирнова  Ң.С.  Потанин-  собиратель  и  исследователь 
казахской  народной  поэзии.//  Казахский  фольклор  в  собрании 
Г.Н.Потанина.-Алма-Ата: Наука.  1972.-С.15-16.
76  Записки РГО по общей географии.-  1 т.  1867.-С.525.
77  Потанин Г.Н.  Очерки  Северо-Западной Монголии.  Вып.  П.- 
Спб.  1880,-С.32.
78 
Уәлиханов  Ш.Ш.  5  томдық  таңд.  шығармалары.  1  т.- 
Алматы.  1961.-Б.653.
79  Казахский  фольклор  в  собрании  Г.Н.Потанина.-А.:  Наука, 
1972.- 382 с.
80  Потанин Г.Н.  Очерки Северо-Западной Монголии.-Вып.  П.- 
С. 149-150.
81  Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу.(Жанақтың  айтуы  бойынша  жинап 
бастырған М.О.Әуезов). -Алматы:  1936.
82 
Қазақтың  ескі  әдебиет  нұсқалары.  I-  жинақ  (жинаған- 
С.Сейфулпин).-Қызылорда:  1931.
358

83 
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі.  Ғылымн  кітапхана 
қоры,- №1398 (Белослюдовтардың  архив материалдары).
84 
«Сана»,  «Жас  қайрат»,  «Темір  қазық»,  «Әйел  теңцігі», 
«Жаңа мектеп», «Жаңа әдебиет», «Тан» т.б.  журналдар.
85  Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Асан қайғы туралы. // Ақиқат,- №7. 
1992. Б. 79*80 (Материалды әзірлеген- Н.Жүсіпов).
86  Төреқүлов  Н.  Қазыбеков  М.Едіге  би.  //  Қазақгың  би- 
шешендері.- Алматы: Жалын,  1993.- Б.182.
87  Мәшһүр-Жүсіп  Көпеев.  Сарыарқаның  кімдікі  екендігі.  -  
Қазан:  1907.-21  б.
88  Кирдан Б.П. Собиратели народной поэзии.- Наука.-  1974.
89  Смирнова  Н.С.  Казахская  народная  поэзия  (Из  образцов 
собранных  и  записанных  Диваевым  А.А.).-  Алматы:Наука.  1964.  - 
С.14.
90  Әулетгік  мүрағат.
91  Көпеев  М.Ж.  Жарылғап  пен  Абылай  хан  (мат.  әзірлеген-
Н.Жүсіпов). // Қазақстан мектебі.- №6.  1993.- Б.79.
92  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі.  Орталық  қолжазбалар 
қоры. -1177-папка.-Б.222.
93 
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі.ОҒК.-  1645-  папка -  Б.
47.
94  ҚР Білім және ғылым министрлігі.ОҒК .-  1645-папка. -Б.3-5.
95  ҚР Білім және ғылым министрлігі.ОҒК.-  1645-папка.- Б.97.
96  ҚР Білім және ғылым министрлігі.ОҒК.-  1170-папка.
97  Досмүхамедүлы  X.  Тамыр  дәрі  хақында.  //  Қазақ.-  1913. 
№13,  8  май;  «Алаш»  не  сөз?  //  Қазак.-  1913.  23  май.  №15; 
Табиғаттану. 
1- 
бөлім. 
Ташкент: 
1922; 
Қазақ 
тіліндегі 
сингарманизм  заңы.  // Шолпан.-  1922,- №1.-  Б.35-38.  Түзетушіден. 
// 
Кенесары-Наурызбай. 
Таппсент, 
1923; 
Басқарма 
сөзі 
(Жүмбақтар).// Сана,-  1923.- №1.- Б.122; Мүрат акынның сөздері.  1- 
бөлім.-  Ташкент.  1924; Исатай-Махамбет.  1-бөлім,-Таппсент.  1925; 
Аламан.  Қазақтың ел  әдебиетінен  алынған  сөздер.  -Ташкент,  1926 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет