Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


Бағалау: Экранда дұрыс талдау үлгісі тұрады. Үлгіге қарап өз жұмысын  тексереді. Өзін-өзі бағалайды



Pdf көрінісі
бет83/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Бағалау: Экранда дұрыс талдау үлгісі тұрады. Үлгіге қарап өз жұмысын 
тексереді. Өзін-өзі бағалайды. 
 
1-тапсырма сұрақтарға жауап беру. Сұрақтарға ауызша жауап береді.
Сұрақ- жауапты ойын түрінде ұйымдастыруға болады. 
Мысалы: «Жеміс жинау» ойыны. Шарты: Әртүрлі жемістер, 
жемістердің астында талдау сұрақтары жазылған. Оқушылар өз қалаулары 
бойынша тақтаға шығып кез келген жемісті алады. Берілген сұраққа жауап 
беріп, жемісін себетке салады. 
ІІ. Сабақтың барысы 
 Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: алған 
білімдерін тапсырмалар орындауда пайдалана отырып, жүйелейді. 
1. Сұрақтар: 
1.Тақырып дегеніміз не? 
2.Өлең дегеніміз не? 
3.Өлеңнің идеясы дегеніміз не? 
4.Шумақ дегеніміз не?
5.Тармақ дегеніміз не? 
6.Бунақ дегеніміз не? 
7.Буын саны неге байланысты болады? 
8.Ұйқас дегеніміз не? 
.................................... 


Екінші кезең: Мақсаты:алған білімдерін, түсінгендерін зерделеу. 
2. Толық жазылым. (жеке орындалады) 
Тапсырма. Қай автордың өлеңі сізге қатты ұнайды? Өзіңізге ұнаған 
өлеңді поэзиялық толық жазылым бойынша талдап жазыңыз. 
3. Диалог (Ауызша айтылым, тыңдалым әрекеттері жүзеге асырылады)
(жұптасып орындайды). 
Тапсырма: 
1-нұсқа.Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңін поэзиялық талдаңыз. 
Күз 
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, 
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, 
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. 
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, 
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 
Жапырағынан айырылған ағаш, құрай. 
2-нұсқа. Ыбырай Алтынсаринның «Жаз» өлеңін поэзиялық талдаңыз. 
Жаз 
Сәуірде көтерілер рахмет туы, 
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы. 
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп, 
Жайылар жер жүзінде қардың суы. 
Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп, 
Өсірер жерден шөпті нұрдың буы. 
Жақындар Құдайымның көктен күні, 
Тең болар жарлықпенен күн мен түні. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет