Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет2/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Бірінші,  «Тақырып кездейсоқ болмасын, оның мәнісі: не болса соны 
тақырып қып ала салма деген сөз», – дейді де, оған мынадай уәж айтады. 
...Сондықтан алғашқы жылы мағлұмат үй іші мен мектеп маңынан 
беріледі. Үй ішін зерттеп болған соң, аулына, одан кейін аймағына, бара-
бара мемлекетіне көшеді...[2, 5-том, 18-б.]. Біз оны оқу құралдарымызда 
былайша жүйелеп жүрміз. Мысала ана деген сөзге сөзсазындық талдау 
жасата отырып, осы сөздің қадір-қасиетін баланың түсінуі, өздерінің 
аналаларын құрметтеп, ардақ тұтып жүруі үшін жаттығуларды 
«түйдектеп», әрі лексикалық материалды кездейсоқ алмауды мақсат еттік. 
Бұл бір ғана сөзді талдауда емес, кез келген тілдік талдауда осы жүйені 
сақтап отырамыз. 
Екінші, тақырыптың бөлімдері (тараулары) бір-біріне жалғасып, 
тіркесіп, тетелес келіп отырсын, шатасып, араласып, былығып кетпесін. 
Жоғарыдағы үлгі кейінгі тақырыптарды да сақталып отырады. Бұл талапты 
орындауға да «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы өте тамаша үйлесім 
табады. Мысалы, тірек сызба арқылы жүргізілетін талдау жұмысында 
өткен материалдар міндетті түрде кейінгі өтетін тақырыптармен жалғасып, 
тіркесіп отырады. 
Үшінші, тақырып пұшықтың танауындай, тыныстар болмай, 
білімнің әр тарауынан мағлұлмат бергендей, жан-жағы кең суат көлдей 
болу керек... 
Тақырып қолма-қол мағлұмат беріп, баланың білімін іске орайын 
арттырғандай болу керек. «Комплекс», «пәнге» қарсы қойылған сөз 
болғандықтан, нәрсенің соқа басын ғана емес, өмірдегі нәрселердің 
түйдегін толық зерттеу керек. Бір, екінші кішкене тақырыптарға 
қайраңдап, оқудың көлемін тарылту баланың табиғатына да қиын соғады. 
Тұсаулы малдай, баланың қол-аяғы бір уыс боп, тыпырлап, тырбаңдап 
қалады. Мұғалімнің тынысы тарылатыны өз алдына. Ғалымның бұл пікірін 
біз технологияның білімді меңгертудегі бірінші деңгейі бойынша кез 
келген пәннің мазмұнын белгілі бір тірек сызбалар арқылы әуелі жазылым 
бойынша сатылап талдап үйретеміз. Бұл деңгейде мұғалімге көбірек күш 
түседі. Егер осы деңгейде мұғалім бар күш-жігерін салып, балаға білімді 
мұқият, сауатты меңгертсе, қалған тоғыз деңгейде бала өз бетімен жұмыс 
жасайды да мұғалім тек бақылаушы, бағыт беруші қызметін атқарады. 
Онда әр пәннің ерекшелігіне қарай тірек сызбалар басшылыққа алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет