Н. П. 6В07150-Электрэнергетикасы бб студенттері үшін «Автоматтандырылған электр жетегі теориясы» пәнінің зертханалық практикумына арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021 ж



бет23/26
Дата29.09.2023
өлшемі446,9 Kb.
#111424
түріПрактикум
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
МУ-ТАЭ лаб каз

Моментті реттеу режимі

Момент бойынша реттеуде электр қозғалтқышы вертикаль механикалық сипаттамада жұмыс істейді, реттелетін момент көзінің режимін қамтамасыз етеді.


Бұл режим электр жетегінің жылдамдық бойынша тұйықталған жүйесінде мүмкін болады, сондықтан түрлендіргішті тұйықталған жүйедегі векторлық басқару режиміне инициализациялау қажет, содан кейін моментті реттеу режимін бағдарламалау керек.
Стендтің қорегі өшірулі кезінде түрлендіргішке жылдамдықтың сандық датчигінен крі байланысты енгізу керек. Ол үшін жиілік түрлендіргіші модулінің XR1 разъемын күштік модулдің XR1 разъемымен DB9 стандартты кабелімен жалғау керек.
Тұйықталған жүйеде жетектің жұмысын al-02 параметрінде 3 мәнін орнату арқылы инициализациялау.
Электр қозғалтқышының тоқтауын шығыста орнату (Ы-03 параметрінде 1 мәнін орнату).
Қозғалтқыштың айналу жиілігінің жоғарылауына байланысты қорғаныстың іске қосылуын алдын алу үшін Fl-03=3 параметрін орнату.
Жетектің автожөнге салуын жүзеге асыру, ол үшін «A.TUNE» мәзірінде келесі параметрлерді орнату керек:

  • tl-08-ге жылдамдықтың сандық датчигінің айналысына импульстер санын жазу (500имп/айн).

Түрлендіргіш автожөнге салуды орындауға дайын екендігі туралы хабарлама береді. «RUN» басу арқылы автожөнге салуды жүзеге асыруды растау керек. Процедура аяқталғаннан кейін оның аяқталуы туралы хабарлама беріледі. Соңғы мәнді жазып болғаннан кейін клавишасын басу. Автожөнге салу кезінде жетек жылдамдық бойынша кері байланыстың таңбасын тексеру керек. Ол үшін қозғалтқыш екпін (разгон) алады. Автожөнге салу сәтті аяқталса сәйкесінше хабарлама беріледі.
Автожөнге салу кезінде жылдамдық бойынша кері байланыс оң болуы мүмкін. Бұл жағдайда жетек қателік туралы хабарлама береді «PG DIRECTION» және өшіріледі. F1-05 параметріндегі «1», мәнін «0» мәніне ауыстырып, процедураны қайталау қажет.
Автожөнге салудан кейін жылдамдықтың ПИ-реттегіші параметрлерін келесідегідей етіп орнату қажет:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет