243
Ішкі
дау
-
дамайлар
.
Сыртқы
ортамен
дау
-
дамай
Ұйымдарда дау-дамайдың мынадай түрлері болады: 1) ішкі
дау-дамайлар және 2) сыртқы ортамен дау-дамай (2-сурет).
1.
Ішкі
дау
-
дамайлар
ұйым (кәсіпорын) ішінде туындайды және
қолданыстағы нормативтер мен келісімдер, яғни, белгілі бір дең-
гейде және мүдделі тараптар арасында қабылданған ойын ереже-
лері арқылы шешіледі. Мұндай дау-дамайларға мыналар жатады:
–
жеке
тұлғааралық
дау-дамай – қызметкерлердің жеке мақ-
саттарындағы қайшылықтар. Мұндай дау-дамайға басшының ав-
торитарлы басқару стилі мен кейбір қарамағындағы қызметкер-
лердің бастамашылық пен шығармашылыққа ұмтылуы арасын-
дағы дау-дамай мысал ретінде бола алады.
– топішілік дау-дамай – бөлімше ішіндегі бәсекелес қызмет-
керлер арасында немесе «Бөлім немесе кәсіпорын иерархиясын-
да кім маңыздырақ?» сұрағы бойынша басшылар арасындағы дау-
дамай;
– топаралық дау-дамай – мысалы, кәсіпорын иеленушілері
арасындағы дау-дамай. Егер, меншік өкімет органдары мен жеке
тұлғалар арасында бөлінген болса, бұл жағдай күрделірек болады.
Достарыңызбен бөлісу: