Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет96/179
Дата23.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#109928
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   179
Байланысты:
133929 (1)

болуы

дамуы
 
және
 
оларды
 
шешу
 
жолдары
 
Даулы мәселелердi екi тұрғыдан алып қарастыруға бола- 
ды: бiрiншiден, дау-дамайдың пайда болып, өрши түсу заңды-
лығы, осындай заңдылықтарды бiлiп жүрген адам дау-дамай- 
ды бастамай тұрып, оның алдын алады. Дегенмен адам өзiн- 
өзi дау-дамайдан сақтанамын дегенмен, ол өмiр тiршiлiгiн- 
де жанына батарлық, әдiлетсiз мiнез-құлықтардан бойын ау- 
лақ сала алмайды. Өзiн ренжiткен, дұшпандық жасаған адамға 
көзiн жұмып жүре беруге шыдай алмайды. Сондықтан, бастал-
ған дау-дамай себебiн толық түсiнуге тырыса отырып, түсiнiс-
тiкпен қарап, бiрден оның шешу жолын қарастыруға тырысу ке-
рек. 
Екiншiсi, маңызды бағыт – дау-дамайдың неден пайда бол-
ғандығын анықтайтын жағдайды талдау техникасын меңгеру.
Мәселенi шешуде мына жағдайларға тоқталған жөн, олар: 
талас-тартыстың мәнi, оның туындау себептерi, таласты шешу 
жолдары, бiрлесе отырып жеңу тәсiлдерi мен оны жүзеге асыру 
жолдары, даулы мәселенi шешудегi тиiмдi әдiс-тәсiлдер.
Талас жағдайларын сараптасақ, көп жағдайда қақтығысып 
қалған адамдар, конфликтiң негiзгi себебiн түсiндiрiп бере ал-
майды, олар үстiртiн себептерiн атап айтқанмен, тереңде жатқан 
себебiне көңiл аударғысы келмейдi.Диагнозы жоқ ауруды ем-
деудiң нәтижесi болмайтынын бәрiмiз бiлемiз.
Конфликтогендер
.
Зерттеулерге қарағанда, конфликтердiң
80 пайызы қақтығысқан адамдардың еркiнен тыс түзiледi екен. 
Ол адам психикасына байланысты, ал көбiсi оған мән бере 
қоймайды. Конфликтердiң пайда болуына септiгiн тигiзетiн кон-
фликтогендер бар. «Конфликтоген» сөзiнiң түсiнiгi 

дау-дамай-


233 
дың өрши түсуi. Конфликтогеннiң негiзiн осылай түсiндiруге 
болады. Бiз басқа адамдардың сөздерiн, iстерiн көтере алмай 
ренжiп қаламыз, ал өзiмiз басқа адамдарға қатысты сөздерге, 
жасалған қимылға мән берiп, ойлана аламыз ба? 
Бiздiң адресiмiзге айтылған немесе жасалған конфликтогенді 
бiр-екі есе артық мөлшерде қайтаруға тырысамыз. 
Мысалы: конфликтоген + одан да мықты конфликтоген
конфликт. Неге олай? 
Адамдар жан-жақты дамыған болып жаралмаған, сондықтан 
ренiштердi көңiлге алып қалып, есесiн түгелдей қайтару үшiн 
ызамен жауап бередi. Әрине, ренiштi кешiре бiлу 

жоғары же-
тiстiк және этикамен қоса барлық дiндер мұны құптайды. Бiрақ 
осындай жетiстiкке барлық адам жете қоймаған, өйткенi өз ар-
намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттiлiктерiнiң
бiрi болып табылады. Даулы мәселенi шешуде адамның бойын-
дағы барлық игi қасиеттерiн өмiр әрекеттерiмен ұштастыруға 
ұмтыла отырып, жақсы қасиеттердi қалыптастыру үшiн адам-
дардың бiрлесiп әртүрлi жаттығулар жасауы, өмiрлiк жағдаят-
тарға байланысты пiкiр алмасу, оның дұрыс-бұрыстығын тал-
қылау жүйке жұмысының қызметiн нығайтып, түрлi ауру-
сырқаудың алдын алуға мүмкiндiк бередi. 
Даусыз
 
қарым
-
қатынас
 
орнатудың
 
ережелер

1-ереже. Конфликтоген қолданбаңыз. 
2-ереже. Конфликтогенге конфликтогенмен жауап қайтар-
маңыз.
Ес
i
ң
i
зде
 
сақтаңыз

Қазiр тоқтамасаңыз кейiннен тоқтау мүл-
дем мүмкiн емес, конфликтогендердiң күшi тез өрши түседi.
Бiрiншi ереженi қолдану үшiн қарым-қатынас жасап отырған 
адамның орнына өзiңiздi қойып көрiңiз. Сiз осындай сөз естiп 
жатсаңыз, ренжитiн боларсыз. Басқа адамдардың сезiмдерiн се-
зiну, оның ой-өрiсiн түсiну эмпатия деп аталады. Сондықтан 
осыдан барып 3-шi ереже шығады.
3-ереже. Сөйлесiп отырған адамға эмпатия көрсетiңiз.
Конфликтогенге қарама-қарсы ұғым – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет