12
дәлелденді. Бұл мектептің көрнекті өкілі М.П. Фоллет басқаруды
«жұмысты басқа тұлғалардың көмегімен қамтамасыз ету» ретінде
анықтайды. Міне, сондықтан да ол осы бір «басқа тұлғалардың»
психологиялық ерекшеліктерін ескеруге негізделуге тиіс.
Зерттеулерді қайта бағдарлау басқарудағы мінез-құлықтық
мектепті рәсімдеуге алып келеді, оның басты мақсаты ұйым-
дастырудың тиімділігін адами фактор негізінде арттыру болып
табылады.
Басқару теориясындағы зерттеулер бағытын түбегейлі өз-
герту себептерінің бірі жедел дамып келе жатқан психоло-
гия мен әлеуметтанудың ықпалы болды. Бір мезгілде өнер-
кәсіптік психология да пайда болды. Оның негізін қалаушы
Г. Мюнстерберг болып есептелінеді; өзінің «Психология және
өнеркәсіптік тиімділік» деген еңбегінде ол жаңа ғылымның
қарастырылып отырған мектеп мақсаттарына өте ұқсас мақ-
саттарын тұжырымдады.
Адами қатынастар мектебінің дамуына әлеуметтік зерттеу-
лер үлкен ықпал етті.
Иерархия, билік және бюрократия – бұл әлеуметтік, соның
ішінде әкімшілік те ұйымдардың әмбебап принциптері (М. Вебер).
Топтар адамдардың кез келген әлеуметтік ұйымдағы мінез-құлқын
өздерінің құндылықтары мен нормаларын белгілеу жолымен
бақылайды (Э. Дюркгейм). «Әлеуметтік жүйелер тепе-теңдігі»
тұжырымдамасының (В. Паретто) негізгі қағидасы төмендегі-
дей: әлеуметтік жүйелер өзгеріп отыратын сыртқы ортамен тепе-
теңдікте болу үшін, өзінің тиімділігін қамтамасыз етеді.
Мінез-құлықтық тұрғыдан көптеген қағидалары қазіргі кезде
де әлі көкейкесті және басқарудың осы күнгі теориясының
құрамы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: