Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


 Басқару теориясының әдіснамалық негіздері



Pdf көрінісі
бет6/179
Дата23.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#109928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
1.2 Басқару теориясының әдіснамалық негіздері 
Жоғарыда айтылғандай, қазіргі басқару ғылымын сипаттау 
үшін үш негізгі және жалпы бағыттар бар. Олар процестік, жүйе-
лік және жағдайлық. 
Процестік
 
бағыт
. Бұл тұрғыдан басқарудың кейбір негізгі 
және әмбебап қызметтерінің болуы туралы әкімшілік мектеп- 
тің негізгі идеясының дамуы ретінде қалыптасып, ол қызметтер 
үдерістік тұрғысынан басқарудың өзара байланысқан және 
біртұтас үдерісін түзуші ретінде қарастырылады. Басқару та-
бысты болу үшін басқару қызметтерінің өзіндік тиімділігі де, 
олардың дұрыс ұйымдастырылуы да қажет. Басқару теория-


17 
сының негізгі мәселесі бұл қызметтердің қайсысын басты және 
әмбебап деп есептеуге болатынында. А.Файоль базалық басқа-
рушылық қызметтердің бесеуін атап көрсетті. «Басқару – бол-
жауды және жоспарлауды, ұйымдастыруды, билік беруді, үй-
лестіру мен бақылауды білдіреді». Әрі қарай бұл қызметтер 
тізімі толықтырылды және нақтыланды. Сондай-ақ басқару 
қызметтерінің төрт базалық категорияларының: жоспарлаудың, 
мотивацияланудың, бақылаудың, ұйымдастырудың және екі 
байланыстырушы қызметтің – шешім қабылдау мен коммуни-
кацияның (базалық санаттарды келістіру үшін) болуы туралы 
көзқарас та кеңінен таралды. 
Жүйелілік
 
бағыт
. Басқару теориясына «жүйелердің жалпы 
теориясы» үлкен ықпал етті, оған сәйкес кез келген ұйым – бұл 
өзара байланыстағы бөліктерден тұратын, біртұтас қызмет етуге 
өз үлесін қосатын белгілі бір тұтастықты құрайды. Жетекші 
бүкіл ұйымды, оның бір-бірімен және сыртқы дүние өзара 
әсерлесетін барлық бөліктерін көруге тиіс. Ұйымның қандай да 
бір құраушысына кез келген басқарудың әсері көп әрі күтпеген 
зардаптарға соқтыратынын ескеру қажет. Басқару тәжірибесінің 
негізгі қиындығы социотехникалық жүйелер болып табылатын 
қазіргі ұйымдардың іштей біртекті еместігінде. Мұндай әрбір 
жүйе иерархиялық (субординация) және «горизонталь» (үй-
лестіру) келісілген бірқатар 
шағын
 
жүйелерден
 
тұрады. 
Бұрын болған мектептер басқару үдерісінің өзіне зейін ау-
дарса, жүйелілік тұрғыдан басқару нысанының өзі артық бол-
маса, ешқандай кем емес күрделі болатынын көрсетті. Тек бас-
қарма ғана емес, оның нысанында да өзіндік қисын, заңдар бо-
лады және олар өз табиғаты бойынша жүйелі. Сондықтан тиімді 
басқару оларды ескеріп, қолдана білуге тиіс. 
Жүйелілік тұрғыдан – бұл басқарудың теориялық және 
тәжірибелік мәселелеріне қатысты ойлаудың белгілі бір тәсілі. 
Ол басқару теориясының басқа ғылымдармен және зерттеу 
бағыттарымен байланысын күшейтті. 
Жағдайлық
 
бағыт
. Бұл бағыт 60-жылдардың соңында пайда 
болып, ұйымдастыру мәселелерінің жалпы әдіснамасын, шешу 
тәсілдерін білдіреді. Ол жүйелілік тұрғыдан басты тезисті жетіл-
діреді: ұйым – сыртқы ортамен үнемі өзара әрекетте болатын 


18 
ашық
 
жүйе
. Сондықтан ұйымның ішінде болып жатқанның 
себептерін 
оның
 
сыртынан
, ол нақты болатын жағдайдан іздеу 
керек. Бұл – осы тұрғыдан шешуші ұғым. 20-жылдардың өзін- 
де-ақ «жағдай заңы» тұжырымдалған болатын: «Жағдайлар- 
дың әртүрлі типтері білімнің әртүрлі типтерін талап етеді». 
Демек, білімдер кешені және оларды нақты жағдайларға бай-
ланысты әртүрлі өмірлік жағдаяттарда тиімді жүргізуге арнал- 
ған шеберлік қажет. Бұл ережелер осы тұрғыда ғана тиімді бол- 
ды [28]. 
Басқару үдерісі жағдайлық тұрғыға сәйкес төрт кезеңнен 
тұрады: 
1)
жетекшінің басқару біліктілігін қалыптастыру; 
2)
жағдайға қатысты қандай да бір әдістерді қолданудан бо-
латын салдарларды көре білу және талдау; 
3)
жағдайды баламалық баяндау, оның басты факторларын 
(жағдайлық айнымалыларды) анықтау және оларға әсерді бағалау; 
4)
басқару тәсілдерін оң тиімділікке жету үшін нақты жағ-
дайлармен үйлестіру. 
Бұл үдерісте үшінші кезең негізгі болып табылады және 
жағдайлық тұрғыдан, жалпы алғанда, басқарудың жақсы тәсілі 
жоқ екенін, олардың кез келгенінің тиімділігі басқару жағдайы-
мен анықталатынын көрсетті. Ол көптеген басқа да бағыттардың 
абсолютизмімен және солардың әмбебаптығына кінәмшілдігі-
мен айқындастықта болады. Бұл – басқару теориясы мен тәжіри-
бесінің бүгінгі күні. 
Басқару ғылымының біздің еліміздегі дамуы белгілі бір 
экономикалық, саяси және идеологиялық себептердің арқасында 
әлемдік тәжірибеден оқшауланған және өзіндік ерекшеленген 
жолмен жүріп отырды. Оған әртүрлі «деформациялар», тіпті 
басқарудың ақыл-ой қисыны және ойшылдардың тікелей күш 
көрсету фактілері де тән болды.
Басқару ғылымы дамуының алғашқы кезеңдері өте қолайлы 
болды. В.И. Ленин ғылыми басқару мектебінің жетістіктерін 
пайдалануға, оларды оқуға шақырды, бірақ тейлоризмді «ең-
бекті ұйымдастыру саласындағы бай жетістіктердің біразының 
буржуазиялық пайдаланудағы нәзік айуандықпен» байланысты 
деп атаған еді. Ол кезде бізде шығарылатын өнім көлемі АҚШ-пен 


19 
салыстырғанда 14 есе, жан басына шаққандағы өндіріс 38 есе 
кем болатын. Ф. Тейлор, А. Файолдың жүйелерін, Г. Фордтың 
практикалық тәжірибесін ғылыми оқып-үйренуге деген ын- 
та ресми саясат деңгейіне көтерілді және тиісті партиялық
қаулылармен және мемлекет басшыларының (Л.Д. Троцкий,
Г.М. Кржижановский, т.б.) күшімен қолдау тапты. Революция-
дан кейінгі алғашқы онжылдықта халық шаруашылығын бел-
сенді қалпына келтіру, өнеркәсіп пен құрылысты қайта түзету 
жүрді. Осы кезде басқару мәселесінің екі бағыты айрықша да-
мыды. Бұл – еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) және психо-
техника үшін қозғалыс. Мәскеуде, Қазанда, Харьковте, Петро-
градта ғылыми орталықтар ұйымдастырылды. ЕҒҰ-дың аймақ-
тық орталықтары елдің 33 қаласында құрылды, бұл проблема-
тика бойынша арнайы журналдар шығарылып, Бүкілресейлік 
конференциялар өткізілді, ірі ғылыми еңбектер жазылды. Зерт-
теулерде өндірістік проблематика басым болды, дегенмен ғы-
лыми басқарудың жаңа қоғамдық құрылыстағы мәселелері де 
қарастырылды. Шаруашылық жүргізудің социалистік жүйесін 
басқарудың принциптері жасалынды, олар өндірістің орталық-
тануы және мемлекетті органдардың тікелей басқаруы сияқты 
ерекшеліктерін ескерді [29]. 
Ғылыми басқарудың шетелдік идеяларын кеңестік болмыс 
жағдайларында Н.А. Витке пайдалануға тырысты. Ол басқару-
дың теориясына «өндірістегі адам факторы», «әлеуметтік-пси-
хологиялық хал-ахуал», «ұйымдастырушылық дағдарыс», т.с.с. 
ұғымдар енгізілді. Осы және осыған ұқсас тұжырымдар тиісті 
дами алмады, сөйтіп бірте-бірте ұмытыла берді. Сол уақыттың 
басқару саласындағы зерттеулер идеологиясы ұтымды, яғни 
технократтық бағытпен сипатталды. Адам – бұл өндірістік үде-
рістегі «бұранда» ғана. Егер оны механикаландырса, онда кәсіби 
басқарушылық еңбекке қажеттілік болмай қалады (Е.Ф. Розми-
рович). Осындай тар тұжырым 70-жылдардың аяғына дейін үс-
темдікте болды. 
Басқарудың әкімшілік-әміршілдік жүйесі үшін кадрларды 
1927 жылы құрылған Өнеркәсіптік академия әзірлейді. Толық-
тай партиялық бақылауда болған номенклатураның ерекше 
жүйесі қалыптасты. Әкімшілдік-әміршілдік жүйе ұйымдық тәр-


20 
тіпті қамтамасыз етудің негізгі құралы бола түсті. Идеологиялық 
және партиялық бақылау қоғамдық өмірден ғылыми басқару 
проблематикасын ығыстыра, оған дұшпандық қатынас қалып-
тастыра келе, жан-жақты өтімді, соңынан репрессиялық сипатқа 
ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет