Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет150/179
Дата23.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#109928
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   179
Байланысты:
133929 (1)

 
 
5.13 Бақытты болу 

 өз қолыңда! 
Белгілі дәрігер-психотерапевт Владимир Леви – адам 
жанының құпиясын көп зерттеген ғалым. Бақытты болудың, 
әркім өзін бақытты сезінудің аясы аса үлкен көрінеді. Ол ғы-
лыми жұмысында мұның жеті белгісін жазады. 
1.
Бақытты жандар өздері туралы бақыттымын ба деп ойла-
нып жатпайды екен. Өз жүрегінің қалауымен өмір сүре береді. 


378 
2.
Бақытты кісі өз мүмкіндігінің шегін біледі. Ол өзіне-өзі 
талап қойғанда да шамасына қарай, қолынан келетін іске талап 
қылады. 
3.
Бақытты адамның күнделікті өмірі де қызғылықты. Бұдан 
бақытты адам әрқашан той-думанның ортасында жүреді екен 
деген ұғым тумауы керек. 
4.
Бақытты адам іштей өзін кең ұстайды. Іштен кең болу, 
ішкі бостандық дегеніміз не? Енді соған тоқталық. Бұл айнала-
дағы белгілі бір адамдардың пікірінен қаймықпау, кім не дейді 
екен деп жалтақтамау, не істесе де көңілінің төрелігімен істеу, 
бұл біреуге тек жақсылық жасауға міндетті болғандықтан ғана 
істеу емес, шын пейіліңмен ақтарыла көмектесуге ұмтылу. Бұл – 
сөз бен істің бір жерде тоғысуы. Бұл – өз сөзіңмен өз әрекетіңе 
әрқашан жауапкершілікті сезіну. Бұл – өзгенің пікірін тыңдай 
білу. 
5.
Бақыттымын дейтін адамдар әрқашан біреуді кінәлауға 
дайын тұрмайды. Бұл оларда ашу, ыза, өкініш, үрей жоқ деген 
сөз емес, олар өзіне жаманшылық жасаған кісінің өзінен де дұш-
пандық іздемейді. Жамандыққа жамандық ойламайды, сондай-
ақ өз кінәларын мойындай алады. Кекшіл емес. 
6.
Бақытты адам сүйе де біледі. Бір ерекшелігі, өзімшіл 
адамдар өзін сүюді талап етсе, бақытты жан өзі біреуді сүйген-
нен ләззат табады. Айырмашылығы осында. Үнемі өзін біреудің 
сүюін ойлап, соны ғана талап ету, бірте-бірте адамды ауру қы-
лады. Өйткені ол сүйген үстіне сүйе берсе, тек менікі ғана болса, 
бәрі мені ғана жақсы көрсе деген ойдың құрсауында қалады. Ал 
біреуді жақсы көруге ұмтылу, оның тек жақсылығын ғана көру 
адамды іштей байытады. Кейде тіпті мұндай адамдар махаббат-
та жолы болмай, шынайы сүйіктісіне қолы жете алмаса да, 
өздерін ұстай біледі. Оны сырттай сүйіп жүру арқылы да өздерін 
бақытты сезінеді. 
7.
Бақытты адам қайырымды келеді. Ол тек сырт көз үшін 
қайырымды көрінуге тырыспайды. Қайырымдылық, мейірімді-
лік, имандылық оның барлық іс-әрекетімен қабысып, өріліп жа-
тады. 
Міне, өзіңді бақытты сезінудің В. Леви ұсынатын жеті фор-
муласы сырттан келмейтін көрінеді. Ол өз бойымызда екен. 


379 
Яғни өзімізді бақытты сезіну өз қолымызда. Осы бақыт фор-
муласы әр басшының негізге алатын қағидасына айналуы қажет 
деп ойлаймыз. 
БАҚ мәліметінен алынған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет