172
Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы төмендегідей бір-
неше негізгі топқа бөлінеді: басқа функциялар мен мәселелер-
дің атқарылуын қоштайтын параллель коммуникациялар; әң-
гімелесулер мен келісімдер; іскерлік кеңестерді ұйымдастыру
және өткізу; жетекшінің көпшілік алдында сөйлеуі; қол астын-
дағыларға олардың іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында әсер
ету формасы түріндегі сөздік атқарымдық іс-әрекет. Сондай-ақ
коммуникацияның вербальды емес формалары – мимика, пан-
томимика және жазба түрлері бар. Бұл түрлердің әрқайсы-
сы жетекшінің сөздік мінезіне өзіндік ерекше талаптар қояды.
Тілдің жалпы мәдениетіне негізгі талаптар қойылады. Олар-
дың арасындағы ең маңыздысы –
лингвистикалық нормаларды
сақтау.
Тіл мәдениетінің ажырамас компоненті – алдымен идеалды,
сонан кейін вербальды тұрғыда тұжырымдалуға тиіс хабардың
ақпараттық қашықтығы.
Коммуникация тиімділігі фразалардың тұрғызылуындағы тү-
сініктілік пен құрылымның қарапайым болуынан көрінеді.
Тілдегі қателік көңіл-күйлік бояманың болмауы және оның
гипертрофтануы; айтылу мазмұнының үйлесімділігі және оның
көңіл-күйлік қанығу шамасы қажет.
Дәл осындай талап коммуникацияның вербальдық және
вербальдық емес құралдарының сабақтастығына да қойылады.
Коммуникацияларды олардың мақсаттық бағытталуын еске-
ре отырып тұрғызу қажет; мазмұны бойынша олар өзі сол үшін
жүзеге асатын мәселеге сай болуға тиіс.
Тіл мәдениетіне қойылатын маңызды талап – оның адресат
ерекшеліктеріне баламалығы.
Бұл талаптардың барлығының сабақтастығы – жетекшінің
коммуникативтік біліктілік шарттарының бірі, ол әңгімелесулер
мен келіссөздер жүргізу кезінде әлдеқайда толығырақ байқала-
ды. Бұл кезде өзіне тән ережені де сақтаған жөн: әңгіменің бі-
рінші кезеңдерінен байланыс орнату; әңгімеге мұқият дайын-
далу (өз мақсаттарының нақтылығы, өз мінез-құлқының такти-
касы); тыңдай білу шеберлігі; әріптеске деген құрмет пен зейіні;
асығыс тұжырым жасамау; қорғансыз болмау; қажетсіз таласқа
араласпау; әңгіме алып келуі мүмкін нәтиже туралы ұмытпау.
173
Бұл талаптар іскерлік кеңестер барысында да оң болады. Бес
негізгі кезең атап көрсетіледі: кеңестің басталуы; негізгі ақ-
паратты беру; дәлелдеу; қарсы дәлелдерін бейтараптандыру
немесе жоққа шығару; шешім қабылдау. Оларға іскерлік
кеңестер өткізудің бес негізгі принципі әрбір негізгі кезең үшін
сай келеді:
1) қатысушылардың зейінін проблемаға аудару, олардың
талқылауға қатысу қажеттігін түсіндіру;
2) талқыланатын проблеманың әлдеқайда тиімді шешілуіне
қатысушылардың жеке қызығушылығын ояту;
3) барлық айтылған пікірлерді барынша дәлелдеу;
4) бөтен дәлелдерді жоққа шығарудан бұрын, олардың нақ-
ты себептерін ашуға тырысу;
5) түбегейлі шешім шығаратын кезде кеңеске қатысушы-
лардың қызығулары мен мүдделерін ескеру.
Достарыңызбен бөлісу: