279
− жылдам немесе уақытша шешім талап етілсе;
− басқа амалдар тиімсіз болған жағдайда;
− келісімге келу өзара қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік
берсе.
Әріптестік, келісімге келуге қарағанда, тереңірек деңгейде
қол жеткізіледі және де ұзақ уақытты әрі жанжалды шешуде
белсенді бірге қатысуды талап етеді. Бұл үлгі мына жағдайларда
өте тиімді:
− мәселенің шешімі екі тарап үшін де аса маңызды болса;
− сіздердің өзара арақатынастарыңыз тығыз, әрі ұзақ уақыт
жалғасқан болса;
− сізде мәселені қарастыруға уақыт болса;
− екі тарап та бірдей билікке ие болса немесе шынайы
билікті иеленуде айырмашылықтарды жоққа шығаруды қа-
ласа.
Жанжалды шешудің мүмкін болған жолдары. Кез келген
жанжалда оны шешудің үш жолы бар:
−
ең оңай, бірақ әрқашан да шынайы емес: өзіңді немесе мә-
селеге деген өзіңнің қатынасыңды өзгерту;
−
ең қиыны, сондықтан да тәжірибелік мүмкін емес: қарсы
пікір білдірушінің пікірін өзгерту, оған өзімізге қажетті бағытта
әсер ету;
−
ең оңтайлы және шынайы: мәселені шешудің өзара тиімді
нұсқасын табу және оны жүзеге асыруға күресу.
Жанжалды шешудің мүмкін болған жолдары мына сұрақтар-
ға жауап іздеуден тұрады:
Жанжалды шешу үшін мен не істер едім?
Бұл үшін серіктесім не істер еді?
Жанжалдан шығу қажет болған жалпы мақсаттар қандай?
Мұнда сіз былай жасауыңыз қажет:
− сұхбаттасыңызға көңіл аудару және ниеттестік білдіру;
− серіктестің ерекшеліктеріне сабырлылық таныту, өзінің
шынайы жанашырлық сезімін көрсету;
− салмақты болу, өзінің әрекеттерін, сөзін, мимикасын бақы-
лау;
− адамды осы жағдайға не алып келгенін – айқын немесе
жасырын мақсаты қандай екенін түсінуге тырысу;
280
− сұхбаттасушының пікірін толық айтып беруіне мүмкіндік
беру, оны мұқият тыңдау; тікелей қайталау, тыңдағанын талдау
немесе қорытынды жасау жақсы нәтиже береді – сол арқылы
адамға оны тыңдағанын түсінуге мүмкіндік береді;
− әлеуметтік және физикалық қашықтықты оңтайлы деңгейге
дейін қысқарту;
− серіктестің назарын ауыр мәселеден қысқа уақытқа болса
да басқаға аударту, мұнда кез келген амалдар қолданылуы мүм-
кін – басқа жерге отыру, қоңырау шалу, жазып алуды сұрау-
дан бастап қандай да бір миға қонымсыз ойды, әзілді айтуға
дейін;
− сіздердің мүдделеріңіздің, мақсаттарыңыздың, міндеттері-
ңіздің жалпылығын атап көрсету;
− сұхбаттасқа оның сөздері тудырған сіздегі жағдай, сезім
туралы дайын емес бағалауларды және пікірлерді айту; бұл
сұхбаттастың сізге қысқа жауап қайырмай, ашық, мақсатты, өз
ұстанымын айта отырып жауап беруге мәжбүрлейді;
− сынға ескерту, сөгістерге жауап беруден бұрын, нақты не
көзделіп отырғанын ашып алу қажет; сіз барлығын дұрыс тү-
сінгеніңізге сенімді болуыңыз керек.
Әрбір жеке жағдайда жанжалдың себебі айқын болғанымен,
барлық жанжалдар ұқсас негізге ие:
істің шынайы жағдайы
Достарыңызбен бөлісу: