Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Дау-дамайды басқару ерекшеліктері



бет99/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

4.8 Дау-дамайды басқару ерекшеліктері 


Ұйымдағы дау-дамайдың алдын алу 
Ол дау-дамайлық жағдайдың ашық күреске айналып кет-
кенге дейін оны шешу процесін басқару іскерлігін болжайды.
Дау-дамайды басқару – басшының дау-дамайлық жағдайды
көре білуі, оны жете түсініп, шешу бойынша бағытталған әре-
кеттерді іске асыра білу қабілеті.
Дау-дамайды басқару басқарушылық қызметінің саласы 
ретінде мынадай әртүрлі кезеңдері бар:
1) дау-дамайды қабылдау және жағдайды алғашқы бағалау; 
2) дау-дамайды зерттеу және оның себептерін іздеу;
3) дау-дамайды шешу жолдарын іздеу; 
4) ұйымдастыру шараларын іске асыру.
Ұйымдағы дау-дамай іс жүзінде әрдайым байқалып тұрады, 
өйткені, ол белгілі бір және сырттай көрінуге ие: ұжымдағы шие-
леністің жоғары деңгейі; жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі; 
өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің нашарлауы; жет-
кізушілер мен сатып алушылар арасындағы өзара қарым-қаты-
настың өзгеруі және т.б.
Дау-дамайдың объективті деңгейі және оны қабылдау адек-
ватты болуы керек екенін ескеру қажет, өйтпеген жағдайда мы-
налар туындауы мүмкін: 
− жалған дау-дамайлар (іс жүзінде жоқ дау-дамайлар);
− дау-дамайдың маңыздылығын тым артық бағалау немесе 
жете бағаламау;
− бар дау-дамайды қабылдамау, елемеу.


Дау-дамайды зерттеу және оның себебін іздеу 

Бұл ұйымдағы дау-дамайды басқарудың келесі маңызды кезеңі 


– кез келген практикалық іс-әрекеттің алдында дау-дамайлық
жағдайға талдау жасау болады, ол мыналарды болжайды: 


274
1) қарама-қайшылық мәнін анықтау, тек сылтауды ғана 


емес, себептерін де анықтау, кейде оны дау-дамай қатысушы-


лары жасырады; ұйымдағы «сезгіш нүктелер» деп аталатын жағ-
дайларды ашу және оларды жою бойынша жұмыстарды өз
уақытында жүргізу; 
2) қатысушылардың мүдделері мен мақсаттарын, олардың
позицияларын анықтау (өйткені мақсаттар қарама-қайшы болмай, 
бірақ әртүрлі түсіндірілуі мүмкін). Мұнда жеке талаптарын
бекітумен байланысты мінез бітістерін және ұжымдық міндеттерді 
шешумен және міндеттемелерді орындаумен байланысты әлеумет-
тік өзара әрекеттесу мақсаттарын бөліп алып көрсету маңызды; 
3) мүмкін болатын соңғы нәтижені және күрес салдарын,
мақсатқа жетудің альтернативті нұсқаларын бағалау; 
4) жанасу нүктелерін, дау-дамайға түсушілердің ортақ мақ-
саттары мен мүдделерін анықтау.


Дау-дамайды шешу жолдарын іздеу 
Бұл кезең мыналарды болжайды: 
1) тайталасты толықтай тоқтатып, тараптардың өзара тату-
ласуы;

2) компромиске қол жеткізу – екі тараптың да талаптарын


ішінара қанағаттандыру, өзара бір-біріне жол беру. Мұндай 
нәтиже өзара ұтысқа алып келеді;
3) дау-дамайды іскерлік, қағидалық негізде: объективті та-
лаптарды, тараптардың шағымдарын қанағаттандыру немесе
қойылған талаптардың дәрменсіздігін әшкерелеу, дау-дамайға 
қатысушыларды жазалау жолымен шешу;
4) дау-дамайды механикалық тоқтату (бөлімшелердің біреуін 
тарату, дау-дамайға қатысушылардың біреуін жұмыстан шы-
ғару, дау-дамайлы тараптың көшбасшысын немесе бірнеше 
мүшесін, осы ұйымның бірқатар бөлімшелерін ауыстыру). Дау-
дамайды басқа жолмен шешу мүмкін болмағанда мұндай нәти-
же сөзсіз болады. Бірақ, дау-дамайды шешу кезінде төтенше
жағдайларды болдырмау маңызды.
Қазіргі заманғы дау-дамайтану ұйымда дау-дамайды шешу-
дің екі негізгі типін бөліп көрсетеді: 


1. Авторитарлық тип – дау-дамайды билік өкілеттілігін
пайдаланып шешу. Оның негізгі белгілері мыналарда: 


275
− басшы тек өзін ғана көреді және естиді. Қызметкерлер 


бағынуы тиіс деп санайды, оның шешімдерінің дұрыстығына


күмән келтіруге болмайды; 
− бас кез келген қайткен күнде де «жеңуім тиіс» деп санайды;
− дау-дамайлар адамдардың әлсіздігі ретінде қарастыры-
лады;
− дау-дамайлық жағдайды басқару ұйым мүддесінде бо-

лады, күдік туғызған жағдайда «бастарын алу керек» деп ой-


лайды.

Дау-дамайды шешудің мұндай типінде мынадай әдістер пай-


даланылады: 
1) сендіру мен нандыру. Оларды іс жүзінде бөлу мүмкін емес.
Басшы өзінің басқарушылық жағдайын, беделін, құқықтарын 
пайдалануға және өзінің билігінің үстемдігі арқылы дау-дамайға
түсуші тараптардың санасына логика, фактілер, мысалдар күші-
мен әсер етуге тырысады;
2) келісімге келмейтін мүдделерді келістіруге ұмтылу – бұл 
дау-дамайға түсуші тараптарды жақындастыру тәсілдерінің бірі,
ол өзара келісуге боларлық салмақты әңгімеге қол жеткізуге, 
өзара қарым-қатынастағы шиеленісті шешуге мүмкіндік береді;
3) «ойындар» әдісі, тараптардың бірі өз жағына, мысалы, 
ұйым басшысын, ал екінші тарап – кәсіподақты тартуға тырыса-
тын жағдай. 
Дау-дамайды шешудің авторитарлық типінің негізгі артық-
шылығы, басшылардың ойынша, оны пайдаланған кезде уақыт 
үнемделеді. Оның басты кемшілігі, дау-дамай мұндай кезде ше-
шілмейді, сырттай басып тасталады және оның қайта оралуы 
мүмкін.

2. Дау-дамайды шешудің әріптестік типі – дау-дамайды
конструктивті тәсілдерді пайдалану арқылы шешу. Оның негізгі 
белгілері, мыналар орын алады:
− басшының дау-дамайға түсуші тараптармен конструктивті 
өзара әрекеттесуі. Ұйым басшысының аргументтері қабылдануы
үшін, тым болмағанда оларды тыңдау үшін, басшы өзіне сенді-
руі керек, жағымсыз сезімдерді жоюы, этикетті сақтап, қарым-
қатынаста әдептілік сақтауы керек; 
− қарсы тараптың аргументтерін қабылдау;



276
компромиске дайындық, шешімдерді өзара іздеу;


− өзара тиімді альтернативаларды жасау;


− тұлғалық және ұйымдастыру факторларын қиыстыруға 
ұмтылу;
− қабылдау іс-әрекеттің қалыпты факторы ретінде.
Дау-дамайды шешудің әріптестік типінің өз артықшылық-
тары бар. Ол мәселені шешудің нақты жағдайына жақын, бі-
ріктіретін факторларды табуға, яғни, тараптардың мүдделерін
қанағаттандыруға (кейде, мүмкін, толық емес) мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, ұйымда дау-дамайды жылдам және толық
шешуге ұмтылу өте маңызды екенін айта кетейік, өйтпеген жағ-
дайда олар үздіксіз кикілжіңге ұласа беруі мүмкін. Осы кезде
жағымды еңбек жағдайын жасаудың, еңбек қызметі барысында 
ұжым мүшелерінің бір-біріне тілектестік тұлғааралық қарым-қа-
тынасын қалыптастырудың, себептерді сылтаулардан ажырата 
білу іскерлігінің, дау-дамайды шешудің неғұрлым дұрыс тәсіл-
дерін таңдаудың да маңыздылығы өте зор.
Бұл ұйым басшысының алғашқы міндеттерінің бірі. Өйткені
тиімді басқару – бұл соның ішінде ұйым алдына қойылған мін-
деттерді ең аз шығындармен іске асатын жағдайды жасай білу
іскерлігі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет