312
Ақындық. Шешендік өнерді меңгерген билер тақпақтап сөй-
леген, ойын, шешімін жыр жолдарымен де толғаған. Тек олар
өздерін ақынмын деп санамаған. Яғни, шешендік пен ақын-
дықты тең ұштастырып сөйлеу – билерге тән қасиет. Үш заңгер
биіміз Төле, Қазыбек, Әйтекенің әрбір сөзі, Шеген, Беген, Нияз
билердің шығарған шешімдері жалындап жанған жыр болуы
сондықтан ғой. Су төгілмес жорғадай шебер сөйлеген сол биле-
ріміздің айтқандары қазір біздің асыл мұрамыз ретінде тарихта
жазылып қалып отыр.
Әрі би, әрі жырау атанған Бұхар Қалқаманұлының (1685-
1777) халқымен қоштасар алдында айтқан соңғы сөзін еске ал-
сақ, ол қаншама терең мағыналы, өлең болып өріліп тұрған қа-
натты сөз еді. Бұхар бидің ақжолтай ақындығын танытып тұрған
бұл ой-толғауы мынандай еді:
–
Ата-ананың қадірін балалы болсаң білерсің,
Ақ тәніңнің қадірін жаралы болсаң білерсің,
Бостандықтың қадірін жазалы болсаң білерсің,
Дәулетіңнің қадірін мал кеткенде білерсің,
Тіршіліктің қадірін жан кеткенде білерсің,
Аңдып жүрген дұшпаның дәл жеткенде білерсің.
Заңгерлік. Ел арасындағы даулар билер талқысына салынға-
нында екі жақтың билерінің бірі – айыптаушы (прокурор), екін-
шісі – ақтаушы (адвокат) болады және бір би – төрелік айтар
төбе би болып тағайындалып, айтыс-тартысты шешуге үш би
қатысады. Сол себепті билерді бәріне ортақ атаумен заңгер де-
геніміз дұрыс. Себебі, билер айыптауда, ақтауда, төрелік айтуда
Заңды білуге тиісті ғой.
Бітімгерлік. Билер ел бірлігіне, ұлт тұтастығына нұқсан кел-
тірер дауларды шешумен қатар көрші мемлекеттермен қарым-
қатынас жасауда хандарға кеңесші болған. Абылай ханның Ре-
сеймен қарым-қатынаста Нияз би Тілеуліұлы тәрізді билерді
жанына ертіп жүруі, олардың ақыл-кеңесіне арқа сүйеген. Ал
Абылай хан 1743 жылы жоңғар басқыншыларының қолына тү-
сіп қалғанында Қаз дауысты Қазыбек би Ресей үкіметі жолдаған
секунд-майор Миллер экспедициясының құрамында елшілікке
барды. Сонда қазақ биінің: «Біз, қазақ мал баққан елміз, ешкімге
соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан құт-береке қашпасын
313
деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан ел-
міз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған
елміз, достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген
елміз», – деп тақпақтай сөйлегеніне Қалдан Серен разы болып,
Абылай ханның басына азаттық береді. Осындай оқиғаларға
байланысты қазақ халқында «Жауластырмақ – жаушыдан,
елдестірмек – елшіден», «Елшісіне қарап елін таны» деген қағи-
даның қалыптасқаны анық.
Достарыңызбен бөлісу: