314
мына біздерді ұстап қала ма, әлде жібере ме, Русь қалалары мен
слободкаларына соғыс ашып бара ма, әлде бейбіт тұра бере ме,
соны сұрап алды» [66].
Ойшылдық, білімпаздық, келешекті болжай білушілік. Билер
Күн мен Ай, Жұлдыз бен Көк аспан, Жер мен су, тау мен тас-
тың, жер бетінде қыбырлаған жәндіктердің, жануар, құстардың,
қоршаған ортаның табиғатын түсініп, қасиеттерін біліп, ой
қорытқан. Ғылымнан, білімнен хабардар болып, пайымды пі-
кірлер айтарда соларды салыстырмалы түрде пайдаланып, қа-
натты сөздерді ел жадында қалдырған. Әр мәселеде ой түюмен
қатар келешекке де болжау жасаған. Нияз бидің өлер алдында
балаларын жанына шақырып алып, Ақмола өңірінің Тілеулі ұр-
пақтарына тарлық ететінін, олардың Торғай өңіріне де барып
қоныстануын, сол жақтың оларға жайлы болатынын өсиет етіп
айтып кетуі, оның ойшылдығы, көріпкелдігі, келешекті болжай
білетіндігі.
Мөңке би Аманұлының (1763-1836) кесім, шешім, билік, ше-
шендік сөздерінің ішінде халықтың болашағын болжап терме-
леген «Сары азамат» «Сардар бек» деп басталатын толғауы,
«Ақырзаман болғанда» деп оның белгілерін дәл тауып айтуы –
нағыз, әулие абыздарға тән ерекше көріпкелдігі мен көрегендігі.
2007 жылы Балтабай Адамбаевтың құрастыруында «Ана тілі»
баспасынан шыққан «Қазақтың шешендік сөздері» деген кітапта
Нияз би Тілеуліұлы туралы былай деп жазылыпты:
«Абылай ханның Кенжетай, Нияз деген екі биі болыпты,
басқа он биі бұларды күндеп: «Кенжетай мен Нияз ханды қал-
жақтайды, ал, оларды хан жақтайды» деп мәтел қылып халыққа
таратыпты. Мұны Абылай естіп бір күні күндеуші билерден:
«Жердің құты, елдің құты, ауылдың құты, аймақтың құты не? –
деп сұрапты. Билер шеше алмайды. Сөйтіп отырғанда Кенжетай
мен Нияз келіпті. Келіп отырысымен Абылай: «Белдеріңді шеш-
пес бұрын мына жұмбақты шешіңдер» деп әлгіні айтыпты. Нияз
би: «Меніңше жердің құты – жаңбыр, елдің құты – азамат, ауыл-
дың құты – жақсы әйел, аймақтың құты – әділ басшы» депті».
Нияз бидің бұлайша талдап таразылап, жердің, елдің, ауылдың,
аймақтың құтын дәл анықтауы ойшылдығынан, білімділігінен,
парасаттылығынан екенін біледі.
315
Адамның жан-дүниесін түсіне білушілік. Би адамның жан-
дүниесін терең түсіне білмесе, ақ пен қараны айыра алмауы
мүмкін. Екі жақтың биі болып қарсы пікір таластырғанда, төбе
би болып шешім шығарғанда ешкімнің де ар-намысына тимей,
ұсақ-түйек кемшіліктерін теріп тізбей, шыққан тегін кінәла-
май тең ұстап сөйлесу, сезіміне әсер ету психолог-биге тән
қасиет.
Нияз бидің бойына біткен бір қасиеті қарсыласының жан-
дүниесіне үңіліп, оның әрбір қимыл, қозғалысын, дауыс ырға-
ғын үнемі қадағалап, соған сәйкес өзі де дауыс ырғағын біресе
жоғарылатып, біресе төмендетіп, қимыл қозғалысы мен бет
пішімін өзгертіп, айыпкерге әсер ете біледі екен. Бұл Әбді-
ғапардың әкесі Жанбосынның естелігінен біз білген құнды
деректер.
Достарыңызбен бөлісу: