332
Өзіңіздің идеяларыңыз бен қызығушылықтарыңызды қалай
сақтауға болады? Іскерлік деректермен, дәлелдемелермен. Егер
жауап ретінде сізге айқайласа немесе дөрекі сөйлесе – өзіңіздің
реніш сезімдеріңізді мүлдем білдірмеңіз. Көз жасына ерік
берген адам жеңіледі.
2. «Патриарх».
«Патриарх» фирма үшін не жақсы екенін тек қана өзі білеті-
ніне толық сенімді. Ол өзінің қол астындағылардан өзі ұсынған
бағытты сөзсіз қабылдауын күтеді. Жетекшіліктің авторитарлық
стиліне қарамастан, басшы ұжымда мойындау мен махаббатқа
бөленеді. Оны кәсіби құзыреттілік пен қамқорлығы үшін баға-
лайды. «Партиарх» өзінің әріптестерінің
мәселелері туралы
біледі, оларды шешуге өзінің кеңестері мен ісі арқылы қаты-
сады.
Неге көңіл бөлу керек? Сіз басшыңыздың әкелік инстинкті
мен оның «эгосын» оның есігі ашық тұрған кабинетіне жүгіріп
келіп, сіз үшін қандай да бір маңызды іс бойынша кеңес сұрау
арқылы таңқалдырасыз.
Бастықты не ренжітеді? Басшыңызбен алдын ала кеңеспей
өзіңіздің қалауыңызша жасаған әрекеттеріңіз.
Өзіңіздің қабілеттеріңізге оның зейінін қалай аудару керек?
Кәсіби міндетіңіз бойынша орнатылғаннан көп
жетістікке жету
арқылы. Оның сөзбе сөз айтып отыруының орнына құжаттарды
құруға өз қызметіңізді ұсыныңыз. Құжат жобасын басшының
қалауынша жасаңыз. Басшыны бұл істен босату арқылы оның
«МЕНін» жоймайсыз.
Өзіңіздің идеяларыңыз бен қызығушылықтарыңызды қалай
сақтауға болады?«Патриарх» басшы
тек қана өзінің идеяла-
рына сенеді. Егер сіз оның ақылды оқушысы рөлін ойнасаңыз
ғана, сіздің идеяларыңыз жарыққа шыға алады. Жеке идеяла-
рыңызды оның ойының дамуы ретінде көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: