146
раметрлерді атап көрсету); 3) таңдау мақсатын қою және оны іс-
әрекеттің жалпы мақсаттары мен міндеттері түрлерімен келіс-
тіру; 4) мінез-құлықтың таңдау жағдайындағы тұжырымдалған
мақсатын жағдай ерекшеліктерімен салыстыру – нәтижесінде
жағдай шешілуін талап ететін проблемалық ретінде танылады
және субъективті түрде
таңдау мәселесі ретінде көрінеді.
Шешім қабылдау мәселесі туралы субъективті ұғымды
тұжырымдау. Проблемалық жағдайды шешімін табуды қажет
ететін мәселе ретінде тіркеген әрі саналаған субъект оның мо-
делін тұрғызады. Оның құрамында жағдайдың негізгі параметр-
лері, жағдайдың ақпараттық ерекшеліктері, соған қойылған
шарттар мен шектеулер, оны шешуге рұқсат етілетін құралдар
мен мүмкіндіктер бар. Бұл – объективті жағдайдың оперативтік
образға өте ұқсас және оның негізгі қасиеттеріне ие субъективті
образы. Ол жағдайдың
концептуалдық үлгісі ретінде қарасты-
рылады. Бүкіл шешім үшін бұл маңызды кезең шешімнің жалпы
уақытының 30 пайызын алады.
Баламаны қалыптастыру. Бұл кезеңде жағдайдан шығудың
әртүрлі варианттары қалыптасады. Алғашында олар болжам
ретінде болады, сонан соң әрі қарай қарастыруды талап етеді.
Баламаны тұжырымдау. Таңдауды іске асыру альтернатив-
тің бастапқы көпшілігі негізінде жүрмейтіндігі маңызды психо-
логиялық ерекшелік болып табылады. Субъект көзқарасынан
алғанда, баламалы варианттардың мәнділігі төмендерін алдын
ала «сүзгілеу» жүреді. Бұл процесс баламаны элиминациялау
деп аталады. Бұл кезең көбінесе саналанбаған формада жүзеге
асырылады.
Баламаның бастапқы элиминациясы өзіне алдын ала тұжы-
рымдалған көрсеткішімен салыстыруды қосып алады. Бала-
маның бастапқы көпшілігі осының нәтижесінде едәуір қысқа-
рады, бұл келесі талдау мен түпкілікті таңдауды қарапайым-
дайды.
Баламалар бастауының пайдалылығын бағалау. Элиминация
көрсеткіші бойынша таңдалып алынған баламалардың бұл ке-
зеңінде тиімділігі (пайдалылығы) жағынан олар соқтыруы мүм-
кін бастаулар талданады. Оны баламалы
максимизациялау ке-
зеңі ретінде белгілеуге болады.