303
Қандай күйзелістер кездескен? Қай әдет-ғұрыптар күйзе-
лістерден шығуға көмектескен?
Барлығымызға белгілі, қазақ даласында психология, стресс
деген ұғым ХХ-ХХІ ғасырға дейін беймәлім болған. Бірақ, күйзеліс
пен психологияның әр түрлі көрінісі халқымыздың күнделікті
тұрмысында, тарихи даму кезеңінде кездесіп тұрды. Мысалы, ұлы
Абайдың қара сөздері, Шаһкәрімнің және басқа да тұлғалардың
еңбектерінен оның көрінісін кездестіре аламыз. Басынан бағы
тайып, тұрлаусыздық, күншілдік пен сатқындық, азғындық, жал-
ғандық жайлап, жүрер бағыт таппай, рухани дағдарған елдің
тауқымет-тақсіреті Абай шығармаларына арқау болды:
«Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек,
Періште төменшіктеп, қайғы жемек»,
«Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық»,
«Жүрегім менің қырық жамау, Қиянатшыл дүниеден»,
«Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей»,
«Мыңмен жалғыз алыстым, кіна қойма...».
«Ұмытпа шүкір етуді,
Көрсең де қайғы-қасірет» деген де Абай атамыз.
Қазақ ұлтының тұрмысында кездесетін күйзелістер және
одан шығу жолдары
Тарих беттерін ашып, терең үңілер болсақ, қазақ даласын-
да небір шайқастар, нағыз қан майдан болғанын түсіне ала-
мыз. Көрші елдерден (Қытай, Моңғол, Қалмақ, Ресей) көрген
азап, бейнет талай батырдың, арулар мен аналардың, болашақ-
та жалауымызды желбіретер кішкентай бүлдіршіндердің өмірін
қиды. Сол сұрапыл заманның зары ретінде «Елім-ай» халық әні
шыққан:
Ел-жұртынан
айырылған қиын екен,
Қара көзге мөлтілдеп жас келеді,
Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғыдай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, Елім-ай.
Қай кезде жақыннан айырылу – адамды күйзеліске ұшыра-
татын бақытсыздық. Ал ол бүкіл халықтың басына төнген нәу-
304
бет: ашаршылық, қантөгіс, соғыс салдарынан болып жатса, тығ-
ырықтан шығар жол қайсы? Ұлы халқымыз мұндайда мұң-шерін
қалай төккен? Күйзелістен қалай шығуға тырысқан?
Абайдың 5-қара сөзінде: «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне
де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас
болып ағады, я тілден сөз болып ағады» дейді. Ауыр қайғыны
жеңілдету, бөлісу, шер тарқату, өлімнің орны мен қадірін біл-
діру барысында жоқтау айту, көңіл айту және жаны жаралы,
қаралы адамды жұбату, көңіл шайын беру – қазақтың осын-
дайда жанашырлық танытатын, қайғыны бөлісу арқылы азай-
туға тырысатын ежелгі ғұрпы.
Қазақтың ұмытылып бара жатқан жақсы дәстүрлерінің бірі –
о дүниенің қонағы болған адамын жоқтаумен қайтпас сапарға
шығарып салу. Данышпан Абай бұл туралы:
Біреудің кісісі өлсе қаралы – ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы – ол.
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы, бос қақпайелең-селең, – деген еді.
Елім деп еңіреп туған ерлерін, қол бастаған батырларын, ту
көтерген ұлдарын жоқтау арқылы ардақтау – бағзы заманнан
келе жатқан салт.
Достарыңызбен бөлісу: