Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет132/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   184
 

 

5.4 Жетекші стилі 

 

Басшы қызметіндегі адамдардың  типтері 

«Стило» – ежелгі гректер жазу таяғын осылай атаған: «стило» 

қандай болса, жұмыс сондай. «Стиль» сөзінің көп мағынасы бар. 



336 

 

Бұл  еңбекте  ол  кезкелген  іс-әрекеттің  тәсілдері  мен  әдістерін 



ғана  емес,  сонымен  қатар  жұмысшының  өзінің  ерекше  қасиет-

терін, оның өзін-өзі ұстау әдебін де білдіреді. 

«Адам  –  бұл  стиль»  деп  айтып  жатады.  Бұл  барлық  дең-

гейдегі  басшылар  мен  жетекшілерге  қатысты.  Өнеркәсіп  көле-

міне қарамастан қандай басшылар болады? 

«Интеллектуал» 

Мінсіз сыртқы келбет. Жиі «регресс», «прогресс» және «про-

цесс»  сөздерін  қолданады.  Ғылыми  дәрежесі  бар.  Жоғарыдағы 

басшылық  құрметтемейді,  бірақ  қорқады.  «Төмендегілер»  ерік-

сіз болады. Ол болған кезкелген жерді трибунаға айналдырады. 

Анық және ұзақ сөйлейді.  

АҚШ  күрделі  мәселелер  немесе  Жапониядағы  өнімдер  сапа-

сымен күресу әдістері немесе галактикадағы өзгерістер туралы көп 

біледі  және  көп  айтып  бере  алады.  Бердяевты  (орыс  тіліндегі  ең 

жаңа  басылымдар)  және  Конфуцийді  (көшірмесін)  оқыған.  Ағар-

тушылық іс-әрекетке ұмтылады (жұмыс істейтін жүйесінен тыс).  

Басшылыққа  әдетте  кездейсоқ  және  басты  өлшем  –  білімді-

лік  бойынша  түседі.  Оның  алдындағылар:  кейде  аяқталмаған 

орта біліммен, кейде толық емес жоғары біліммен іріктелгендей 

болу керек.  

Ол  оқу  ортасында  да  белгілі,  келесі  академиялық  дәрежеге 

көтерілу  үшін    уақыт  табады.  Жасырын  арман  –  ғылым  акаде-

миясының  шынайы мүшесі болу, яғни академик. Ақиқат акаде-

миктермен  қарым-қатынас  құрғанды  ұнатады,  олармен  өзінің 

бай өндірістік тәжірибесімен  бөліседі.  



«Өзіміздің жігіт» 

Ол  туралы  былай  айтқың  келеді:  «Шындық  сияқты  қара-

пайым».  Жыртық  джинсы  мен  кооперативтік  футболкада,  был-

ғары курткамен  жүреді.  Жұмысқа спорттық немесе үй киімінде 

де келе алады. 

Қол  астындағылардың  барлығына,  барлық  соғыстың  ардагер-

лері  мен  бесжылдықтарды  қоса  алғанда  «сен»  деп  сөйлейді.  Жас 

ерлерді  «әке»,  қыздарды  –  «шеше»  деп  атайды.  Өзінің  сауаты  аз 

«ата-бабаларынан» шыққаны туралы айтқанды жақсы көреді. Оның 

ұйымдастырушылық  қабілеттері,  ешбір  асыра  сілтеусіз,  осындай 

шараларда оны танитындардың барлығын таңқалдырады. 



337 

 

Бірақ  жеке  өнеркәсібіне  қатысты  алсақ,  онда  ол  әлсірейді. 



Әдетте әртүрлі «интеллектуалдық» жаңашылдықты өнеркәсіпке 

ендірулерден кейін және оның дос-басшыларының үлкен ұйым-

дастырушылық  жұмысынан    кейін  басшы  бола  алады.  Ол  шы-

найы  сенеді:  шығаруға  болатынның  барлығы  баяғыда  шығары-

лып  қойған.  Ештеңеге  бас  қатырудың  қажеті  жоқ  –  барлығы 

қалай  жүріп  жатса,  солай  жүре  берсін  деген  ниетте  болады. 

Кезкелген сайлау қызметтеріне көп дауыс жинаудың арқасында 

өтеді:  сайлауды  жүргізушілер  оның    мінсіздігіне  қарсы  келе 

алмайды. Оның толық кәсіби жарамсыздығы анықталғанда  бас-

қа басшылық жұмысты оңай табады.  



«Фигаро» 

Барлық  жерде  көрінетін  жауапты  келбет,  ол  ана  жерде  басшы 

болған,  енді  –  осы  жерде  болды.  Өзінің  өнеркәсібінде  «келу  күні, 

кету  күні»  қарқынында  болады.    Ол  туралы  былай  айтады:  «Қазір 

ғана болған» немесе «Енді келіп қалу керек». Ол – барлық қалалық, 

облыстық, республикалық басқару органдарында өзіміздің адам.  

Барлық  жерде  ол  асығыс  шешім  талап  ететін  маңызды  сұ-

рақтармен жүреді. Және оның өнеркәсібі, мекемесі қызық болып 

көрінсе де, өркендейді. Кейін көптеген жерлерде оның әлденесі 

бұзылады: не хатшыларды жаппай ауыстырған, не олардың бас-

шылары  жоғалып  кеткен.  Анықталады,  оған  жоғарыда  істейтін 

ештеңе қалған жоқ, жергілікті органдар да «ештеңе шешпейді». 

Ал өзінің өнеркәсібінде немен айналысу керектігін ол білмейді, 

себебі  ол  мұнда  уақытша  болған,  келіп-кетіп  тұрған.  Ол  өзінің 

жұмыс орнында біраз уақыт жалғыз отырады, содан  соң кенет-

тен із-түзсіз жоғалады. 

Өнеркәсіп  үйренгендей  ұзақ  уақыт  басшысыз  болады,  ал 

жаңа  басшы  пайда  болғанда,  ескі  басшының  қайда  екенін  сұ-

растыра  бастайды.  Ол  іссапар  уақыт  қоры  көп  өнеркәсіпте 

қамтамасыз  етуші  немесе  тауарды  жеткізуші  болып  жүргеніне 

көп уақыт өткенін естиді.  

«Имитатор» 

Сырттай сүйкімді жемістің немесе көкөністің пластмассалық 

муляжына  ұқсайды.  Қысы-жазы  бетінің  түсі  қызыл-қоңыр.  Ал-

ғашқы  ой  жағымды:  бастамашыл,  белсенді,  жұмысқа  қабілетті. 

Бірақ бұл ой қате.  



338 

 

Шынында тек қана жиналыстарда, жиындарда және басқа да 



отырыстарда  осындай  болады.  Кезкелген    орында  президиумда 

отырғандай отырады. Оның барлық  сөйлеміндегі негізгі екі сөз 

– «нақты» және «тұрақтандыру». Бұл екі сөзді басқа сөздермен 

байланыстырады. 

Білімі  орташа  –  «бизнестің  қысқартылған  мектебі»  сияқты 

қайсыбір  күндізгі  курспен  және  институттың  сырттай  факуль-

тетінің  есте  сақталмайтын  ұзақ  атауымен.  Басшылық  креслоға 

түскенде көп жыл комиссияда, кеңестерде, комитеттерде, ұжым-

дарда  болған  соң  келеді.  Және  «жоғарыдағы»  кезкелген    бұй-

рықтар, тіпті тілектерді өте жақын қабылдайды, тіпті басқа істе-

рін сол үшін ысырып қояды. 

Өнеркәсіптегі  ең  жақсы  жетістікке  ол  демалыста  болғанда 

ғана  жетеді.  Демалыстан  кейін  немесе  іс-сапардан  соң  жина-

лыстар  мен  мәжілістерді  қайта  бастайды.  Қарамағындағы  ма-

мандарға жұмыс істеу уақыты қалмайды. 

«Бульдозер» 

Өзіне мойынсұндыра алмағанның барлығын жояды. Қарама-

ғындағыларды қорқытады және сонысымен олардың өнімділігін 

арттырады.  Махаббат  пен  құрметке  үміттенбейді  де.  Өте  қатаң 

кезеңдерді сағынышпен еске алады. 

Экономикалық  тартпаларға  жүгінбейді,  олардың  ішінен  өзін-

өзі  қаржыландыру  мен  өзін-өзі  қамтамасыз  етуді  қалайды.  Осы 

тұрғыда  ылғи  моральдық  және  қылмыстық  кодекстермен  кикіл-

жіңге түседі, бірақ ол – әсерленгіш емес және оған көңіл бөлмейді. 

Жеке кәсіпкерлер мен журналистерді жек көреді. Кезкелген 

типтегі  апаттарда  айырбасқа  келмейді.  Оны  осы  сапалар  қоғам 

үшін пайдалы ететініне сенімді. Қайта тәрбиелеуге келмейді. 

Урбанович  А.А.  Психология  управления:  учебное  пособие.  –  Мн.:  Хар-

вест, 2004. – 613-616 с. – (Библиотека практической психологии). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет