Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


«Сакс пен Левидің аяқталмаған ұсыныстары»



Pdf көрінісі
бет145/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

5.9 «Сакс пен Левидің аяқталмаған ұсыныстары» 

әдістемесінің көмегімен адам катынасының 

бағытын және жүйесін зерттеу 

 

Бұл  әдістеме  жобалау  тобына  жатады  және  15  топқа  бөліп 

қарастыруға  болатын  60  аяқталмаған  ұсыныстан  тұрады.  Ол 

топтардың  әрқайсысы  белгілі  бір  дәрежеде  отбасына,  қара- 

ма-қарсы  жынысты  өкілге,  қызметтік  лауазымы  жағынан  жо- 

ғары  тұрғандар  мен  бағынышты  тұлғаларға,  т.б.  деген  қаты- 

нас  жүйесін  сипаттайды.  Ұсынылғандар  негізінде  нақты  ұйым-

ның  ерекшелігі  мен  зерттеу  мәселелерін  ескеруге  мүмкін- 

дік  беретін  аяқталмаған  ұсыныстардың  тізімін  құрау  әбден 

мүмкін. 


Жүргізу тәртібі: сынақтағыларға әдістеме бланктері тараты-

лады  да,  басталған  сөйлемдерді  аяқтау  тапсырылады.  Сыналу-

шы  тұлға  үшін  өмірінің  жеке  құпиялы  жақтарына  қатысты 

кейбір сөйлемдердің қиынға соғатындығын ескере отырып, нұс-

қау  ішінде  атаулы  зерттеудің  зейінді  аударту  мен  есті  жаттық-

тыру  немесе  сөйлемді  тез  құрастыра  білуге  үйрету  мақсатында 

жүргізілетінін  атап  өту  ұсынылады.  Берілген  тапсырмаларды 

орындауда  жауап  беруге  көп  ойланбай,  тез  шешім  қабылдау 

шарт.  Осы  мақсатта  уақытпен  сыналатындардың  қатары  шек-

теулі болуы мүмкін. 



Нұсқау:  Біз  ойыңызды  тез  қорытуға  қаншалықты  дәрежеде 

қабілетті  екендігіңізді  тексергіміз  келеді.  Бланк  ішінде  аяқтал-

маған 60 сөйлем берілген. Оларды оқып шығып, бірден ойыңыз-

ға келген пікірмен сөйлемді аяқтаңыз. Оны ұзақ созбай, шешімді 




368 

 

тез қабылдаңыз. Егер қандай да бір сөйлемді аяқтай алмасаңыз, 



онда  соның  реттік  нөмірін  қоршап  қойып,  ол  сөйлемді  кейінге 

қалдырыңыз. 

1.  Менің ойымша, менің әкем сирек... 

2.  Егер барлығы маған қарсы болса, онда... 

3.  Менің әрқашан қалағаным... 

4.  Егер мен жоғары көзқараста отырсам... 

5.  Болашақ, менің ойымша... 

6.  Менің басшылығым... 

7.  Ақымақтық екенін білемін, бірақ  қорқатыным... 

8.  Нағыз дос деп есептейтінім... 

9.  Менің балалық кезімде... 

10.  Менің қалауымдағы әйел азамат ... 

11.  Әйел мен еркекті қатар көрген кезімде... 

12.  Көптеген  басқа  отбасыларымен  салыстырғанда,  менің 

отбасым... 

13.  Жұмысымның жақсы жүретін жері... 

14.  Мен және анам... 

15.  Қолымнан келгеннің бәрін жасар едім, тек ұмытсам... 

16.  Егер менің  әкем қалса... 

17.  ...жасау үшін менің толық мүмкіндігім бар деп ойлаймын 

18.  Мен өте бақытты болар едім, егер... 

19.  Егер менің басшылығымда біреу қызмет етсе... 

20.  Үміттенемін... 

21.  Мектептегі менің ұстаздарым... 

22.  Жолдастарымның көбі менің ... қорқатынымды білмейді. 

23.  Ұнатпайтын адамдарым... 

24.  Бұл жұмысқа орналасқанға дейін, мен... 

25.  Менің есептеуімше, көп адамдар... 

26.  Отбасылық өмір, менің ойымша... 

27.  Отбасындағы менің орнымды...жағдайымен салыстыруға 

болады. 

28.  Менімен бірге жұмыс істейтін адамдар... 

29.  Менің анам... 

30.  Менің ең үлкен қателігім... 

31.  Әкемнің ... қалар едім. 

32.  Менің басты әлсіздігімнің себебі... 




369 

 

33.  Өмірдегі ең бір жасырын құпиям... 



34.  Маған бағыныштылар... 

35.  ...сол бір күн туады. 

36.  Бастығым маған жақындаған кезде... 

37.  ...қорыққанды қойғым келді. 

38.  Бәрінен артық жақсы көретін адамдарым... 

39.  Жас кезіме қайта оралсам... 

40.  Менің есептеуімше, әйелдердің (ерлердің) көпшілігі... 

41.  Егер менің қалыпты жыныстық қатынасты өмірім болса... 

42.  Маған таныс отбасылардың көпшілігі... 

43.  ...адамдармен жұмыс істегенді ұнатамын. 

44.  Аналардың көпшілігі, менің есептеуімше... 

45.  Жас кезімде мен өзімді кінәлі санайтынмын, егер... 

46.  Менің ойымша, әкем... 

47. Жолым болмай кеткен кезде, мен... 

48. Өмірде бәрінен бұрын ... қалар едім. 

49. Басқаларға тапсырма берген кезде, мен... 

50. Мен қартайсам, ... 

51. Бойындағы артықшылықтарын мойындайтын адамдарым... 

52. Қауіптену сезімім мені бірнеше рет ... мәжбүр етті. 

53. Мен жоқ кезде, достарым... 

54. Балалық кезден қалған ең бір ыстық естелігім... 

55. Әйелдер (ерлер) ...маған қатты ұнамайды. 

56. Менің жыныстық қатынастағы өмірім... 

57. Бала кезімде менің отбасым... 

58. Менімен бірге қызмет атқаратын адамдар... 

59. Мен анамды жақсы көремін, бірақ... 

60. Өмірде жасаған ең жаман қадамым... 

 

Қорытындыларды талдау: барлық сөйлемдер сәйкес бағандарға 

орналастырылады, содан кейін әр сөйлемге жекеше сапасы жағынан 

талдау жасалады. Егер сөйлемде жағымды қатынас анық байқалса, 

онда  ол  сөйлем  «+1»  деп  бағаланады.  Егер  қарсы  қатынас  көрініс 

берсе,  онда  ол  сөйлемге  «–1»    деген  баға  беріледі.  Егер  сөйлем 

бейтарапты  қатынаста  болса,  онда  ол  «0»  ұпайымен  өлшенеді. 

Алынған нәтижелер бланк бетіне белгіленеді, ал бағыт қарқыны мен 

жеке тұлғаның қатынасы екі түрде көрініс табады. 




370 

 

Әдістемені өңдеу кілті 



 

Реті 


    Сөйлемнің топтары  

Сөйлем  реті 

Әкеге деген қатынас  



16 


31 

46 


Өзіне деген қатынас  

17 


32 

47 


Жүзеге аспаған 

мүмкіндіктер 

18 



33 

48 


Бағынышты тұлғаларға 

деген қатынас  

19 



34 

49 


Болашаққа деген 

көзқарас  

20 



35 

50 


Жоғарыда тұрған 

тұлғаларға деген 

қатынас  

21 


36 

51 


Қорқыныштар мен 

күдіктер   

22 



37 

52 


Дос-жаранға деген 

қатынас  

23 



38 

53 


Өзінің өткеніне деген 

қатынас  

24 



39 

54 


10 

Қарсы жынысты тұлғаға 

деген қатынас 

10 


25 

40 


55 

11 


Жыныстық қарым-

қатынастар 

11 

26 


41 

56 


12 

Отбасына деген қатынас 

12 

27 


42 

57 


13 

Әріптестерге деген 

қатынас  

13 


28 

43 


58 

14 


Анаға деген қатынас  

14 


29 

44 


59 

15 


Кінә сезімі  

15 


30 

45 


60 

 

 



 

 

 



 

 

Мұндай  сандық  баға  сарапталушының  қатынастағы  сәйкес-



сіздік  жүйесін  жеңілдетеді.  Бірақ,  әрине,  толтырылған  сөйлем-

дердің сапалы түрде сарапталуы аса маңызды. 

Райгородский Д.Я. Практическая психодиагностика.  

Методики и тесты: учебное пособие. – Самара, 1998. – С. 117-121. 

Прикладная  социальная  психология  /  Под  редакцией    А.Н.  Сухова  и  

А.А. Деркача. – М., 1998. – С. 552-226.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет