Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет163/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Ұжымды басқару стилі – бұл жеке ерекшеліктердің және бас-

қару тұлғасының мүмкіндіктерінің аралық сипаттамасы, сондай-ақ 

оған қолданар әдістері мен басқару қайраткерліктерінің әдістері.  

Жетекшінің  жеке  тұлғалық  стилінде  жетістіктері  мен  кем-

шіліктерін, оның күшті және әлсіз қасиеттерін байқауға болады.  



410 

 

Ұжымды  басқарудың  теориясы  және  практикасы  туралы  әде-



биеттерде  біз  қазіргі  жетекшілердің  стилінің  кең  аспектілерін 

табамыз. Оларға қысқаша сипаттама берейік.  



 

Авторитарлық (директивті). Ұжым алдында тұрған үлкенді-

кішілі тапсырмаларды шешуде жетекшіге ғана тән стиль. Авто-

ритарлық стиль басым болған мекемеде «Асқар Асқарұлы не ай-

тар  екен»  деп  күтумен  болады.  Басқарудың  авторитарлық  сти-

лінде  барлық  үкімдер  мен  бұйрықтар  секілді  маңызды,  басқа 

шешімдер қабылдау жетекшіде болады.  

Бірақ  авторитарлық  стильде  кез  келген  басқа  стильдер  се-

кілді кемшіліктері де кездеседі, дегенмен, әсіресе қиын жағдай-

да  өз  жауапкершілігіне  алуы  оның  жетістігі  болып  табылады. 

Бірақ  төмен  кетіп  бара  жатқан  талапқа  және  шығармашылық 

бастамаларға  авторитарлық  стиль  басымдық  танытады,  бұл  да 

оның басты кемшілігі.  



Алқалық (демократиялық). Бұл стильге тән келетін жетекші-

лер  үшін  ең  басты  ұстанымы  «ұжымдағылармен  ақылдасу  ке-

рек» деген секілді. Соңғы шешім ұжым не және қалай шешеді – 

сол болады. Бұл стильдің жетекшісі үшін ең маңыздысы – жос-

пар  не  бағдарлама.  Бұл  стильдегі  жетекші  назарын  мүмкінді-

гінше жоспарларға және бағдарламаларға аударады. Нақты және 

терең  өңделген  жоспар  негізіндегі  басқарма  жақсы  сапа  көрсе-

теді.  


Дегенмен,  шектен  тыс  ұқыптылықпен  жоспар  бойынша  іс 

жүргізу  шығармашылық қабілет пен таланттылықты тежейді.  



Авральды  –  мақсатқа  кез  келген  жолмен  жетуде  асығыстық 

стилі. Керекті тапсырманы шешуде жетекшінің өзін-өзі жұмыл-

дыру  қабілеті  ұжым  үшін  берекеден  апатқа  апарады,  себебі  

авральды  жұмыстың  мүмкіндіктерінен  оның  сапасы  төмен-

дейді.  Жетекшінің  мұндай  стилінен  дау-дамайлы  жағдай  туын-

дайды.  


Либералды. Бұл стильдің кейде «бекершілік» деп аталуы се-

бепсіз  емес.  Жетекшінің  мұндай  стилінде,  әдетте,  ұжым  «тол-

қын бойымен жүзеді». Қарамағындағылар көбіне алдарында туын-

даған  мәселелерді  өздері  шешіп  қана  қоймай,  жетекшінің  пікір 

алмасуы да мүмкін. Бұл стильдің кемшіліктерімен қатар, жақсы 



411 

 

жағының  бірі – қарамағындағыларға қысым түсірілмейді. Бірақ 



либералды  стильдің  жетекші  үшін  қауіптісі  –  оны  ұстанымы 

жоқ, іскер емес етіп сипаттайды.  



Регламенттеуші,  оны  сондай-ақ  бақылаушы  деп  те  атауға 

болады.  Бұл  стиль  үшін  қарама-қарсы  болып  либералды  сипат-

талады. Қарамағындағылар үшін үнемі бақылау берекеден апат-

қа  айналады.  Үнемі  тексеру  мен  бақылау  секілді  «миды  қазба-

лай» берсе, ұжымда күйзеліс жағдайы орнайды.  

Қайта құрушылық. Бұл стильдің жетекшісінде көптеген идея-

лар мен жобалар әрқашан табылады. Ол үнемі мақсатын, бөлім 

жұмысының  тапсырмаларын  бір  қарап,  өзгертеді.  Бұл  стилдегі 

жетекші жұмысты мақсат шыңына жету үшін жүргізеді.  



Кертартпалық.  Бұл  стиль  дәстүрлердің  өзгермеуін  және  бір-

жола  орнатылған  рәсімдерді,  ұстанымдарды  және  басқару  тап-

сырмаларын  шешу  әдістерінің  жалғасуын  бірінші  кезекке  қоя-

тын  жетекші  берілген  стильдің  теріс  сипаттамасымен  қатар,  қо-

лайлы жақтары да бар. Ол ұжымның тұрақтылығына сенімді етеді, 

бірақ мұндай ұжым жаңалықтан артта қалушылықпен жүреді.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет