Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Тұлғаралық қатынас тәсіліне  баға  беру



Pdf көрінісі
бет166/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Тұлғаралық қатынас тәсіліне  баға  беру 

 

Тұлғааралық  қатынас  тәсілі  адамның  қызмет  орнында  және 

бос  уақытында  айналадағылармен  қарым-қатынас  жасауының 

қалыпты  тәсілдерін  бейнелейді.  Баға  беру  үшін  сыналушыдан 

қойылған  сұрақтарға  жасалған  нақты  жауаптардың  ұпайлар  са-

нын белгілеу сұралады. 



1. Әріптестермен қарым-қатынас белсенділігі

*мен өзара қатынасқа араласпаймын десе де болады – 1; 

*мен қажеттілігіме қарай ғана қатынас жасаймын – 2; 

*басқаларға қарағанда, мен қатынас жасауда аса белсенділік 

танытпаймын – 3; 

*басқалар сияқты, мен де жақсы қатынас жасаймын  – 4; 

*әріптестеріме қарағанда, мен жақсырақ қатынас жасаймын – 5; 

2. Ұжымдағы қатынас жасаудың қалыпты ортасы: 

*ұжымда ешкіммен араласпаймын – 1; 

*лауазымды тұлғалармен ғана араласамын – 2; 

*достарыммен ғана араласамын – 3; 

*бірнеше топпен араласамын – 2; 

*барынша көп адаммен белсенді түрде қатынас жасаймын – 5. 



3. Қатынас жасауға деген қажеттілік: 

*өзгелермен  қатынас  жасауға  деген  ешбір  қажеттілікті  се-

зінбеймін – 1; 

*біреумен қарым-қатынас жасауды сирек қалаймын – 2; 

*кейбір әріптестеріммен жақын араласуды қалар едім – 3; 

*бір топ адамдармен жақын араласуды қалар едім – 4; 

*ұжыммен  қатынас  жасауға  деген  үлкен  қажеттілікті  сезі-

немін – 5. 



4. Ұжымдағы қарым-қатынастың сипаттамасы

*бірін-бірі кінәлау, даулы жағдайлар – 1; 




417 

 

*бір-біріне жау көзбен қарау, тұрпайылылық, балағаттау – 2; 



*ешбір қатыссыз, жайлылық, сирек жағдайда балағаттау – 3; 

*өзара көмек көрсету, адамгершілік, қатынас – 4; 

*достық,  ұжымдық әріптестік, ортақ  істегі  келісімділік,  бір-

лік – 5. 

Сауалдамадан  алынған  мәліметтер  әр  сыналушы  тұл- 

ғаның  шынайы  өмірдегі  қарым-қатынас  жасауымен  салыс- 

тырылады.  Тұлғааралық  қатынастардың  сипаттамасын  зерт- 

тей  келе,  зерттеушінің  қосымша  сұрақ  қоюына  болады,  

оларға  жауап  бере  отырып,  сыналушы  тұлға  бес  топқа  бө- 

лініп  көрсетілген  барынша  жеке  қатынастарды  жанап  өте- 

ді: 

1.  Түрлі  кіші  топтар  туындататын  өте  қиын  жағдай.  Басшы 



шарасыз, ол еріксіз озық болып бас көтерген басшыларға тәуел-

ді. Даулы жағдайлар жиі туындайтын. 

2.  Саналы  түрдегі  қиын  жағдай.  Тұрпайылылық,  балағат, 

мысқыл,  кекету.  Басшы  басқа  тәсілдермен  тәртіп  орнатуға  ты-

рысады. 

3.  Жоғары  тұрған  қатынастарға  бейтараптық  пен  бір-біріне 

деген  ешбір  қажетсіздік  жатады.  Кейбір  кезде  өзара  тұрпайы-

лылық  пен  балағаттық  жайттар  бас  көтереді.  Күмән  туып,  бір-

бірін  жақтырмау  білінеді.  Көмек  көрсету  –  сирек  құбылыс,  аяу 

сезімі аз дәрежеде. 

 4. Жылылық пен көмек көрсетуге тырысу. Тұрпайылылық – 

сирек  құбылыс.  Басшы  өзара  сыйласымдылық  пен  адамгерші-

лікті қол жеткен тәсілдермен қалыптастырады. 

5. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан алғанда, жақсы жағ-

дай.  Достық  пен  бірлік.  Толық  түсінушілік.  Басшының  жоғары 

беделі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет