Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет19/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Орта  деңгей  мақсаттары  –  осы  иерархияда  үлкен  рөл  ат-

қарады,  сондықтан  негізгі  құрылымдық  бөлімшелерге  қатыс-

тылық белгісі бойынша ұйым мақсаттарының жіктемесі айқын-

далады.  Бұл  –  мақсаттарды  өндірістікке,  қаржылыққа,  кадр-

лыққа,  перспективаға,  инновациялыққа,  зерттеулікке,  әкімші-

лікке бөлу.  

Мақсаттарды жіктеудің екіншісі функционалдық көрсеткіш-

терге  негізделген.  Ол,  негізінен,  жетекші  іс-әрекетін  сипаттай-

ды.  Оның  кез  келген  мақсаты  белгілі  бір  басқару  қызметімен 

қатынаста болады, ал осы қызметтер жүйесі мақсаттардың тағы 

да бір типологиясына негіз болады. 

Мақсаттар  уақытша  перспектива  көрсеткіші  бойынша  ұзақ 

мерзімді,  орта  мерзімді  және  қысқа  мерзімді  (перспективалы) 

болып жіктеледі. Ұзақ мерзімді мақсаттар (1-деңгей) қысқа мер-

зімді мақсаттарды беретін (3-деңгей) орта мерзімділерді (2-дең-

гей) анықтайды. 

Мақсаттардың  уақытша  жіктемесі  көбінесе  олардың  мәнді 

көрсеткіш  жіктемесіне  байланысты.  Мақсаттардың  негізгі  үш: 

стратегиялық, тактикалық және жедел (оперативтік) типтері 

атап көрсетіледі.  

Мазмұны  бойынша  мақсаттардың  экономикалық,  ұйымдас-

тырушылық,  ғылыми,  әлеуметтік,  кадрлық,  техникалық,  поли-

техникалық және басқа түрлері болады. 

Мақсаттар сыртқы және ішкі ұйымдық болып бөлінеді. 

Ұйым  мақсаттары  оларды  жүзеге  асыру  кезектілік  белгісі 

бойынша  да  жіктеледі:  кезек  күттірмес  (айрықша  басымдықта- 

ғы),  бірінші  кезектегі  (басымдықты)  және  кейінге  қалдырыл- 

ған. 



44 

 

Мақсаттар  сандық  және  сапалық  болып  та  бөлінеді.  Мы-



салы,  «рентабельділікті  15%  арттыру»  –  сандық  мақсат,  ал 

«әкімшілік ақпаратты құрылымдық қайта ұйымдастыруды жүр-

гізу» сапалық болып есептелінеді. 

Ұйым  мақсаттары,  сондай-ақ  қайталанатын  (стереотиптік) 

және бір мәртелік (бейімделу) болып та бөлінеді. 

Ұйым өмір сүруінің белгілі бір кезеңдеріне бағытталу белгісі 

бойынша  жіктелу  мақсаттардың  төрт  категориясынан  тұрады: 

басқару  жүйесін  жобалау  мен  жасауға,  оның  дамуына,  тұрақты 

қызмет етуіне және жүйенің өмірлік циклының аяқталуына бай-

ланысты.  

Мақсаттардың  қарастырылған  жіктемелері  олардың  жал- 

пы  ұйымдастырушылық  белгілеріне  жатады.  Сонымен  қатар 

олардың  жіктемесінің  үш  негізгі  психологиялық  көрсеткіші  

бар: 


1. Мақсаттарды  аса  ауқымдыға  (жалпы  ұйымдастырушы-

лық), шағынға (топтық) және жекеге бөлу. 

2. Мақсаттарды  олардың  қою  айқындылығы  бойынша  ай-

қындау (құрылымданған және құрылымданбаған). 

3. Ұйымға кіретін индивидтер мен топтардың бейресми және 

нақты мақсаттарын анықтау. 

Қарастырылған  жіктемелердің  алуан  түрлілігі  мен  әртүрлі 

ауқымдылығы  жетекші  іс-әрекеті  мазмұнының  көпжақтылығы 

мен оның күрделілігін айқындайды. 

 

Мақсат қою қызметін жүзеге асыруға қойылатын 



талаптар 

 

Мақсаттардың  кез  келген  типіне  қойылатын  талаптар «мақ-



саттардың негізгі сипаттамалары» ұғымын береді.  

«Жақсы  қойылған»  мақсаттың  басты  сипаттамасы  –  оның 



айқындығы,  ол  объективті  және  субъективті  екі  аспектіден 

тұрады [36]. 

Объективті тұрғыдағы айқындылық мақсаттың нақты тұжы-

рымдалуын,  оны  қою  тәсілдерінің  нақтылығын  білдіреді.  Мүм-

кіндік болса мақсатты сандық та, сапалық та түрде ұғыну қажет 

(мақсат  өлшемділігі  талабы).  Бұл  мақсатқа  қол  жеткізу  дәре-




45 

 

жесін  тексерудің  объективтілігін  қамтамасыз  етеді.  Айқын-



дылық  субъективті  түрде  атқарушылардың  мақсатты  бастапқы 

түрде тұжырымдалған ұғымда дәл қабылдауын білдіреді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет