Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет27/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

2.7 Мотивациялық қызмет 

 

Ұйымның тиімді іс-әрекеті, сондай-ақ жеке өнімі қызметкер-

лердің  мотивациялану  дәрежесіне  тәуелді  болады,  сондықтан 

атқарушыларды  мотивациялау  –  қызметкерлердің  мотивация-

лануын  жасап  іске  асыру  мен  жетілдіру  жетекшінің  маңызды 

қызметі болып табылады. 




67 

 

Мотивация  қызметінің  мазмұнын  ашу  тұтастай  алғанда 



еңбек  іс-әрекетінің  мотивациялану  мәселесімен  байланысқан, 

бұл  осы  мәселенің  кеңдігі  мен  кешенділігіне  байланысты  оның 

шешілу қиындығын туғызады. 

Басқару іс-әрекетінің төмендегідей өзіндік аспектілері бар: 

1)  атқарушылық іс-әрекеттің мотивациялану сипаттамасы

2)  жетекші  іс-әрекетінің  өзіндік  мотивация  сипаттамасы 

(басқарудың мотивациялануы); 

3)  мотивация қызметінің өзіндік құрылымы мен мазмұнын 

басқару  іс-әрекетінің  негізгі  компоненттерінің  бірі  ретінде  си-

паттау. 


Басқару тәжірибесінде бұл аспектілер тығыз байланысқан. 

Еңбек  іс-әрекетінің  мотивация  теориясындағы  жалпы 

ережелердің  бірі  –  мотивация  қажеттілігі  бірлескен  іс-әрекет 

кезіндегі  еңбек  бөлінісінің  нәтижесі  болып  табылатындығы. 

Оның әрбір мүшесі үшін, ол өзі  жеке қызметкер  ретінде  атқар-

ған  міндетіне  байланысты  алатын  жетістіктері  нақты  мотива-

циялануы  болып  шығады.  Мотивация  жүйесінің  екі  принципі 

бар: 


1)  тек  материалдық  жағдайға  емес,  қызметкерге  тиесілі 

барлық  қажеттіліктердің  типтері  мен  түрлерінің  барлығына 

бағдарлануы; 

2)  әрбір  атқарушының  қорытынды  нәтижеге  нақты  үлесін 

баламалы  бағалау  және  осы  үлеске  сай  ынталандыруды  қам-

тамасыз ету. 

Екінші  принцип  ұйымдастыру  құралдарын  қолдануға,  ал 

біріншісі  тұлға  мотивациясының  құрылымы  туралы  психоло-

гиялық түсініктерге тұрақтанады. Сондықтан мотивация барлық 

басқару  қызметінің  ішінде  «психологиялық»  ретінде  қарас-

тырылады.  Бұл  –  басқарудың  практикалық  психологиясы

Мотивация  қызметінің  мәні  –  жоғарыда  көрсетілген  екі  прин-

ципті  қанағаттандыратын  жүйе  жасау.  Тұлғаның  мотивация 

әлеуетін  толық  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  бермейтін  материал-

дық  мотивация  мен  ынталандыруды  дараландыру  қате  болып 

табылады.  Бұл  әлеуетті  тиімді  пайдалану  үшін  жетекші  оның 

қандай  факторлардың  негізгі  категорияларынан  тұратынын 

білуге  тиіс.  Мотивация  жалпыпсихологиялық  тұрғыда  –  іс-




68 

 

әрекетке  саналы  түрдегі  ішкі  ұмтылысы.  «Мотивация  саласы» 



ұғымымен  тұлға  белсенділігінің  барлық  ынталану  көздері  бі-

рігіп, оған келесі компоненттер кіреді: тұлғаның қажеттіліктері, 

мүдделері,  ұмтылыстары,  сенімдері,  ынталандырулары,  идеал-

дары,  сондай-ақ    мінез-құлықтың  әлеуметтік  рөлдері,  норма-

лары,  ережелері,  стереотиптері,  өмірлік  құндылықтары  мен 

мақсаттары,  тұтастай алғандағы дүниетанымдық бағдарлануы. 

Бұл жіктеме негізгі болғанымен, жалғыз емес. Қажеттіліктер 

басқа  негіздер  бойынша  да  сипатталады:  туа  біткен  және  қа-

былданған,  бірінші  және  екінші,  нәтижелі  және  процессуалды, 

т.б.  қажеттіліктердің  типтерінің  алуан  түрлілігі  солардың  не-

гізінде қалыптасатын мотивация күрделілігін анықтайды, демек 

мотивация  саласына  қажеттіліктің  әртүрлі  санаттарын  «қоса» 

отырып,  әсер  етуге  болады.  Психологияда  мінез-құлық  пен  іс-

әрекеттің  жартылай  мотивациялық  ұғымы  бар.  Әртүрлі    моти-

вациялар арасында  оң (позитивті) және теріс (негативті) сипат-

тағы  қатынастар  қалыптасуы  мүмкін,  сондықтан  олардың  атқа-

рушыға ықпал ету әсерінен келісіп алу қажеттігі туындайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет