3.6 Басқару шешімдерін қабылдау процесінің
жалпы сипаттамасы
Басқару шешімдерін қабылдау үдерістері басқару іс-әрекетін
ұйымдастыруда өзекті болып табылады, олар оның психоло-
гиялық сипаттамаларын барынша толық көрсетеді. Олардың ең
маңыздысы – басқару іс-әрекетінің синтетикалық типіне тиесілі,
соңғысы іс-әрекеттің жеке және бірлескен (топтық) типтерінен
тұрады. Басқару іс-әрекеті, тіпті ол жеке формада жүзеге асатын
болса да, жалпы, бірлескен іс-әрекеттің құраушысы (компо-
ненті) болып табылады. Оның айрықша осы бір ерекшелігі
басқару шешімдерін қабылдау үдерістерінің өзіндік ерекше-
лігіне толық қатысты болады.
Бұл екі бастаудың (жеке және топтық) басқару шешімдеріндегі
пропорциясы әртүрлі болады, бірақ бастаудың осы екеуі де
шешімдерде міндетті түрде қатысады. Бұл шешуші сәт ше-
шімдердің мәліметтерін сипаттайтын «шешімдерді қабылдаудағы
бірегей басқару және коллегиялық диалектикасы», «оларды
қабылдаудағы субкоординациялық және координациялық (үй-
лестірушілік) шешімдердің бірлігі» терминдерінде тіркелген.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің барлық ерекшеліктері
төрт топқа бөлінеді. Біріншісі және екіншісі – бұлар жеке және
топтық таңдау механизмдерін қосумен шартталатын ерекшеліктер.
Үшінші топ – оларға басқару іс-әрекетінің жалпы сипаттамала-
рының ықпалымен шартталатын ерекшеліктер. Төртіншісі –
олардың жеке, топтық және іс-әрекеттік ерекшеліктерін синтездеу
нәтижесінде қалыптасатын басқару шешімдерін қабылдау про-
цестерінің интегралдық сипаттамалары. Үшінші топ ерекшелік-
терін қарастырудан бастаймыз.
Шешімдер қабылдау және басқару іс-әрекеті түсініктерінің
өзара ұғымдылығы басқару шешімдерін қабылдау процестерінің
140
іс-әрекеттік қасиеттерінің ең жалпы ерекшелігі болып табылады.
Мысалы, «жақсы жетекші» және «шешімді жетекші» сөздері
синоним деп есептеледі. Басқару шешімдерін қабылдау процесі
– кәсіби шешімдердің ең күрделі типі. Бұл –басқарудың басты
әрі өзіндік функцияларының бірі және басқару функцияларының
басқаларының барлығын жүзеге асыру кезіндегі шешуші сәт.
Басқару іс-әрекетінің құрылымында басқару шешімдерін
қабылдау процестері өзекті, иерархиялық басты орын алады.
Олар оның нәтижелері мен процессуалдық мазмұнын анық-
тайды.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің іс-әрекет құ-
рылымында кеңінен берілуі – олардың тағы бір ерекшелігі. Олар
іс-әрекетті жүзеге асырудың барлық кезеңдеріне қосылған,
басқару іс-әрекетінің бүкіл құрылымына таралған. Бұл басқару
шешімдерін қабылдау процестерін «бойлық өтпе» процестері
ретінде тұжырымдауға мәжбүрлейді.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің әртүрлі әре-
кеттік міндеттер мен функцияларға кіруі олардың полифункцио-
налдығын айқындайды. Сондықтан олар осы мәселелердің
жүзеге асуын қамтамасыз ететін тиісті әлеуетке ие болуға тиіс,
бұған басқару шешімдерін қабылдау процестерінің тағы бір
ерекшелігі – олардың полиморфизмі (түрлері мен формала-
рының алуандылығы) ықпал етеді.
Басқару шешімдерін қабылдау процестері объективтік фак-
торлармен қатар, субъективтік және субъективаралық (тұлға-
аралық) бейнедегі факторлардың қосымша жүйесін қосып
алады. Басқару шешімдерін бағыныштылар жүзеге асырады;
солардың өзі жетекші үшін ақпарат алу арнасы болып та-
былады; әлеуметтік қатынастар жүйесі басқару шешімдерін
қабылдау процестеріне ықпал етеді.
Жетекші мәртебесінің маргиналдығыда басқару шешімдерін
қабылдау процестерінің әрекеттік сипаттамаларын шарттан-
дырады. Олар қабылдайтын шешімдер басқарылатын құрылым-
дар міндеттерін қанағаттандыруы, қол астындағылардың мүд-
делерін көздеуге тиіс. Жетекші бір мерзімде өз шешімдерін
жоғары тұрған басшылық нұсқауларын жүзеге асыруы керек.
Бұл қосжақтылық – мақсаттардың дәл келмеуі мен антаго-
141
нистикалық ерекше құбылыс көзі және таңдау көрсеткіштері –
басқару шешімдерін қабылдау процестерін жүзеге асырудағы
басты қиындық.
Бірнеше шешімдерді бір мезгілде өңдеу қажеттілігі басқару
іс-әрекетінің сипатты ерекшелігі болып табылады және ше-
шімдерге оларды дайындау мен қабылдаудың полипроцес-
суалдық сипатын береді.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің әрекеттік қа-
сиеттері сондай-ақ жеке таңдау процестеріне тән ерекшеліктерге де
ие. Шешім қабылдау процесі бұл тұрғыда іс-әрекетті ұйымдас-
тырудың реттеулік, интегралдық процестерінің бірі ретінде көрі-
неді және олардың негізгі психологиялық сипаттамаларын игереді:
1. Басқару шешімдерін қабылдау процестері – кешенді,
процессуалдық-психологиялық құрамы бойынша синтетикалық
түзілімдер, психикалық процестердің (когнитивтік, көңіл-
күйлік, еріктік, мотив) барлығынан тұрады. Басқару шешімдерін
қабылдау процестерінде ұсынылуы шамасына қарай салысты-
руға негізделген олардың, яғни зерделік, еріктік, көңіл-күйлік
шешімдер жіктемесі бар.
2. Басқару шешімдерін қабылдау процестері бастапқы рет-
теулік бағытталу сияқты интегралдық процестердің маңызды
ерекшелігін сақтайды. Басқару іс-әрекетінде ол айқын болып
көрінбейді, өйткені басқару шешімдері өздерінің тәуелсіздік
әсерін туғыза әрі дербес мәселе ретінде көрінеді. Бірақ шешім-
дер жүзеге асуға тиіс «қандай да бір басқа» үшін қабылданады,
сондықтан өздерінің бағынышты сипатын сақтайды.
3. Басқару шешімдерін қабылдау процестерін жүзеге асыру-
дың операциялық құралдарының алуан түрлілігі. Іс-әрекет құ-
рылымында бар бүкіл операциялық жүйе қолданылады.
4. Өзінің компоненттік құрамы тұрғысынан басқару шешім-
дерін қабылдау процесі интегралдық ретінде болады. Оның
тұрақты «бірліктері» (компоненттері): ақпараттық негіз, ере-
желер, көрсеткіштер, тәсілдер, болжамдар.
5. Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде шешімдер-
дің процессуалдық инварианты ұғымымен белгіленген белгілі
бір тізбектілікте өтетін жүзеге асудың белгілі кезеңдері, саты-
лары бар. Бұл – проблеманы анықтау, таңдау мәселесі, шешімді
142
ақпараттық дайындау, баламаның көптігін қалыптастыру, ба-
ламаны бағалау, шешім көрсеткішін жасау, таңдаудың өзі, ше-
шімді нақтылау, оның жүзеге асуын бақылау, шешімді түзету
туралы ұғымдарды қалыптастыру кезеңдері.
6. Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде жеке таң-
даудың тағы бір маңызды сипаты – жоғары вариативтілік (жү-
зеге асу шарттарының өзгеруіне байланысты өзгерімділік)
айқындалады.
7. Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің нормативтік
және нақты мазмұндарының алшақтануы мүмкін. Ол қосымша
себептер іс-қимылына байланысты өседі:
1) басқару шешімдерін қабылдау процедураларына қойыла-
тын талаптар мен нормативтік нұсқаулардың күрт өсуі, олардың
толық есебін шешім барысында жүзеге аспайтындай етеді;
2) осыған байланысты бірмәнділік емес, көбінесе норматив-
тік нұсқаулардың сәйкессіздігі;
3) нормативтік нұсқаулардың немесе олардың қорытылуы-
ның жиі болмауы, бұл оларды қолдануды мүмкін етпейді.
Басқару шешімдерін қабылдау процестеріне топтық фак-
торлар ықпал етеді. Ықпал негізі екі типте, яғни тура және ор-
таланған түрде болады. Бірінші тип коллегиялы түрде қабыл-
данған шешімдерге, екіншісі жеке (жетекшінің қол астында-
ғылармен тікелей жанасусыз, бірақ олардың пікірін ескер-
гендегі) шешімдерге тән.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің топтық фор-
мада болуының басты себебі – оның жеке формамен салыс-
тырғандағы үлкен мүмкіндіктері. Топ көлемінің ұлғаюы оның
шешімдер процесіндегі әлеуетінің автоматты түрде артуы-
на әкелмейді. Бұл жерде негізгі екі ерекше құбылыс туындайды:
1. «Когнитивтік супераддистивтілік» құбылысы (топтық
факторлардың оң ықпалы кезінде топ әрекетінің тиімділігі оның
жекелеген мүшелері мүмкіндіктерінің жиынтығына қарағанда
жоғары болады).
2. «Когнитивтік инфрааддистивтілік» құбылысы топтық
факторлардың теріс ықпалы кезінде топ әрекетінің тиімділігі
оның жекеленген мүшелері мүмкіндіктерінің жиынтығына қа-
рағанда төмен болады).
143
Достарыңызбен бөлісу: |