Мотивтену операциялары ерікті-мәжбүрлік таңдаудың пси-
хологиялық құбылысымен байланыста болады. Ерікті таңдау
тиімділігі мәжбүрлікке қарағанда едәуір жоғары. Басқару ше-
шімдерін қабылдау процестері ерікті және мәжбүрлік таңдаудың
компоненттерін синтездейтін құрама таңдау ретінде көрінеді.
Коллегиялық типтегі басқару шешімдерін шығарудың қиынды-
ғы мен қарама-қайшылығы осында және олардың көптеген
психологиялық ерекшеліктері осыған байланысты. Мұндай тип-
тегі шешімдердің тиімділігі, егер шешім шығару мақсаты айты-
лып қана қоймай, қабылданатын болса, ал мәжбүрлік реңін жо-
ғалтып, еріктіге тасымалданатын болса, едәуір жоғары болады.
Жетекші нормативтік мақсатты жалпыға айналдыра және ше-
шім шығаруды (мақсаттық орталандыру принципі бойынша)
мәжбүрлеу емес, сенім бойынша басқара білуге тиіс. Мұндай
жолмен «топтың әлеуетін жібіту» тиімділігіне жетуге болады,
бұл оның іс-әрекет табыстылығын арттырудың негізі болып
табылады.
Үйлестіру операциялары жүру барысында коллегиялық бас-
қару шешімдері жүзеге асатын «шешімдік пікірталастарды»
ұйымдастыруға байланысты.
Стратегиялық операциялар. Түбегейлі шешімді іске асыру
үшін жетекші негізгі үш стратегияның – авторитарлық, мажо-
ритарлық немесе консенсустық стратегияның біреуін қолдануға
тиіс.
Постшешімдік операциялар шешімдердің орындалуын
ұйымдастыруға, оны іске асыру үшін мәжбүрлеуге және оның
орындалуын бақылауға бағытталған. Бұл операциялар жүйесі –
шешім қабылдау процесіне қатысты негізгі үш басқару функ-
цияларын, яғни орындауды, мотивті және бақылауды ұйымдас-
тыруды нақтылау.
Санкциялау операциялары. Көптеген стратегиялық басқару
шешімдерінің қажетті компоненті – жетекшінің оларды жоғары
тұрған басшылық алдында негіздеу, оларға санкция алу шебер-
лігі.
Полипроцессуалдық үйлестіру операциялары. Жетекші көп-
теген мәселелер мен функцияларды қатар (параллель) іске асы-
рады. Әрбір шешімнің табыстылығы олардың қаншалықты үй-
159
лескенімен, басымдықтары бойынша иерархияға тізілгенімен
және өзінің кезектілігі бойынша оңтайлы екендігімен анықта-
лады.
Басқару шешімдерін қабылдау процестері шешім шыға-
рудың жалпы циклі бойынша проблеманы тану мен қоя білу-
ден, бақылау мен түзетуге дейін таралады. Олардың жиын-
тығы басқару шешімдерін шығару, қабылдау және іске асыру
жөніндегі уақытша құрылымдық операциялар болып табы-
лады.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің
феноменологиясы
Бұл ұғым басқару шешімдерін шығару мен қабылдау кезінде
байқалатын мінез-құлықтық құбылыстар мен заңдылықтар жиын-
тығын білдіреді. Олар тек шешім процестеріне ілесіп қана қой-
май, олардың жүру барысын да реттейді.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы фе-
номенологиясына жеке және топтық таңдауға тән негізгі
құбылыстар кіреді. Бұл процестер әлеуметтік және ұйымдық
тұрғыдан жүзеге асады, сондықтан да олар жалпы көпте-
ген әлеуметтік-психологиялық құбылыстарға таралады. Басқа-
ру шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы феномено-
логиясында құбылыстардың негізгі төрт тобын атап көрсе-
теді:
1) Басқару шешімдерін қабылдау процестерін сипаттайтын,
нәтижесінде олардың жеке таңдауға тиесілі құбылыстар;
2) Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде олардың
Достарыңызбен бөлісу: |