233
дың өрши түсуi. Конфликтогеннiң негiзiн осылай түсiндiруге
болады. Бiз басқа адамдардың сөздерiн, iстерiн көтере алмай
ренжiп қаламыз, ал өзiмiз басқа адамдарға қатысты сөздерге,
жасалған қимылға мән берiп, ойлана аламыз ба?
Бiздiң адресiмiзге айтылған немесе жасалған конфликтогенді
бiр-екі есе артық мөлшерде қайтаруға тырысамыз.
Мысалы: конфликтоген + одан да мықты конфликтоген
конфликт. Неге олай?
Адамдар жан-жақты дамыған болып жаралмаған, сондықтан
ренiштердi көңiлге алып қалып, есесiн түгелдей қайтару үшiн
ызамен жауап бередi. Әрине, ренiштi кешiре бiлу
жоғары же-
тiстiк және этикамен қоса барлық дiндер мұны құптайды. Бiрақ
осындай жетiстiкке барлық адам жете қоймаған, өйткенi өз ар-
намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттiлiктерiнiң
бiрi болып табылады. Даулы мәселенi шешуде адамның бойын-
дағы барлық игi қасиеттерiн өмiр әрекеттерiмен ұштастыруға
ұмтыла отырып, жақсы қасиеттердi қалыптастыру үшiн адам-
дардың бiрлесiп әртүрлi жаттығулар жасауы, өмiрлiк жағдаят-
тарға байланысты пiкiр алмасу, оның дұрыс-бұрыстығын тал-
қылау жүйке жұмысының қызметiн нығайтып, түрлi ауру-
сырқаудың алдын алуға мүмкiндiк бередi.
Даусыз қарым-қатынас орнатудың ережелерi
1-ереже. Конфликтоген қолданбаңыз.
2-ереже. Конфликтогенге конфликтогенмен жауап қайтар-
маңыз.
Есiңiзде сақтаңыз! Қазiр тоқтамасаңыз кейiннен тоқтау мүл-
дем мүмкiн емес, конфликтогендердiң күшi тез өрши түседi.
Бiрiншi ереженi қолдану үшiн қарым-қатынас жасап отырған
адамның орнына өзiңiздi қойып көрiңiз. Сiз осындай сөз естiп
жатсаңыз, ренжитiн боларсыз. Басқа адамдардың сезiмдерiн се-
зiну, оның ой-өрiсiн түсiну эмпатия деп аталады. Сондықтан
осыдан барып 3-шi ереже шығады.
3-ереже. Сөйлесiп отырған адамға эмпатия көрсетiңiз.
Конфликтогенге қарама-қарсы ұғым – эмпатия. Қарым-қа-
тынас кезiнде алдыңыздағы адамға күлiмдеп қарап, оның жағ-
дайын түсiнiп, сыйлы ишарат көрсетсеңiз, конфликтогеннiң қай-
да кеткенiн бiлмей қаласыз.
234
Конфликтогеннiң типтерi.
Конфликтогендердi үш типке бөлiп қарастыруға болады:
1) бiреуден асып түсуге ұмтылу;
2) агрессияға бой ұру;
3) эгоизмге бой ұру.
Бұларды жақыннан алып қарасақ, бiреуден асып түсуге ұм-
тылу бұйрық беру арқылы көрiнедi.
Дау-дамайды шешудiң негiзгi жолдары. Дау-дамайды шешу-
дiң түрлi әдiс- тәсiлдерi екiге бөлiнедi: тура (ашық) және жанама
(жасырын).
Тура шешу әдiсi:
1) өз көзқарасынан таймау;
2) бағынушылардың көзқарасын ескере отырып, өз әрекетiн
қайта қарастыру;
3) конфликтiнi елеп-ескермеу;
4) бiрлесе жұмыс iстеп, бiрлесе шешiм қабылдау.
Жанама шешу әдiстерi.
Бұлар бiрнеше тiзбектен құралған жасырын әрекеттердi си-
паттайды:
1) сезiмдерiн сыртқа шығару ұстанымы: қазiргi кездегi көр-
некi психотерапевтердiң бiрi К. Роджерстiң айтуынша, егер
адамға оны толқытып тұрған барлық негативтi сезiмдерiнiң шы-
ғуына мүмкiндiк берсе, бұл сезiмдер бiрте-бiрте позитивтi се-
зiмдерге айналады.
2) эмоцияны қайтару ұстанымы.
Дау-дамайды басудың төте тәсiлдерi адамдар арасында тұ-
рақты және жағымды қарым-қатынас орнату әлеуметтiк өмiрдiң
өзектi мәселесiнiң бiрi. Сондықтан адамдардың бiрiмен-бiрi жалпы
тiл табысып, қоғамдық өмiрдi кеңейту жолындағы еңбек әрекетiн
дамытып, бүкiл қоғамдық игiлiктер жасауда шексiз маңызды істер
бар, әрi мұндай әрекеттер игi мақсат болып табылады.
Дау-дамайда келесi стратегиялар бар:
1) дау-дамайдың алдыналу немесе профилактика;
2) дау-дамайды пайда болу кезеңдерiнде басқару;
3) дауды шешу әдiстерiн қолдану (конструктивтi, деструк-
тивтi).
Дау-дамай мен оның салдарын жобалау.