Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Ұйымдағы еңбекпен байланысты дау-дамайлар



Pdf көрінісі
бет102/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

4.6 Ұйымдағы еңбекпен байланысты дау-дамайлар 

 

Нарыққа  және  жеке  кәсіпкерлікке  көшу  жағдайында  эко-

номикалық  хаостың  күшеюінде  әлеуметтік  дау-дамайдың  бір 

түрі ретіндегі еңбек дау-дамайлары маңызды болып келеді.  



Еңбек  дау-дамайлары  –  еңбек  қарым-қатынастары  (еңбек 

жағдайы,  мазмұны,  ұйымдастыруы  және  ақы  төлеу)  бойынша 

әртүрлі топтардың өкілдерінің арасындағы мүдделер мен пікір-

лердің, бағалаулардың қақтығысуы.  

Ұйымдағы дау-дамайлар былай қарастырылады: 

–  ішкі  тәртіп  пен  еңбек ұжымының  тұрақтылығына  тікелей 

қарсы  шығу,  мүдделерді,  келіспеушілікті,  өзара  наразылық  пен 

мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді; 

–  өзара қарым-қатынасты реттеу, өндіріс пен еңбек қатынас-

тарын ұйымдастырудағы оңтайлы тәртіпті ретке келтіру тәсілі; 

–  еңбек ұжымының дамуындағы қажетті кезең.  



258 

 

Қазақстандағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының 



ерекшеліктері 

 

Біздің  елімізде  еңбек  дау-дамайының  маңыздылығы  бүгінгі 

таңда  күрт  ұлғайып  келеді.  Тек  нарықтық  экономика  қалыпта-

сып қана жатқан жоқ емес, сонымен бірге әлеуметтік-еңбек қа-

тынастары айтарлықтай өзгеруде. 

Мемлекеттің  меншік  қатынастарына  және  еңбек  пен  өнді-

рісті басқару саласына қатысты өзінің монополиялық  жағдайы-

нан  бас  тартуы  еңбек  қатынастарына  қатысушылардың  жұмыс 



беруші-меншік  иегеріне  және  жалданбалы  жұмысшылар  –  өз 

жұмыс  күшінің  иегерлеріне  көзге  түсетіндей  поляризациясы 

болды.  Олар  көбінесе  сәйкес  келмейтін,  кей  уақытта  қарама-

қайшы мүдделерге ие, бұл  көбінесе  олардың арасындағы еңбек 

дау-дамайына (талас-тартыстарға) алып келеді.  

Қазіргі  таңдағы  қазақстандық  қоғамдағы  әлеуметтік-еңбек 

қарым-қатынастарының  ерекшелігі  мемлекеттің  еңбек  қатынас-

тарын  реттеуге  өзінің  қатысуын  қысқарту  болды:  оның  бұл 

қатынастар саласынан өзіндік кетуі байқалды. Нәтижесінде жұ-

мыс  берушілер  мен  жалдамалы  жұмысшылар  арасындағы  қа-

рым-қатынастарды  қатайту  тенденциясы  жеткілікті  көріне  бас-

тады.  


Қазіргі  таңдағы  Қазақстандағы  әлеуметтік-еңбек  қарым-қа-

тынастарының тағы да бір ерекшелігі олар тек қолданыстағы ең-

бек  заңдылығына  (ҚР  ЕК)  ғана  емес,  осы  қатынастар  субъек-

тілері арасында жасалған ұжымдық келісім-шарт және еңбек ке-

лісім-шарты  (контракт)  сияқты  жергілікті  мағынаға  ие  норма-

тивті актілерге негізделетінінде [15].  

Жеке еңбек келісім шартын да, сондай-ақ ұжымдық келісім-

шартты да жасауға қатысушылар тараптарының (бұл тараптар – 

жалдамалы жұмысшы немесе жалдамалы жұмысшылар ұжымы, 

бір  жағынан  және  жұмыс беруші  немесе оның уәкілетті өкілі – 

екінші жағынан) орындауға алған міндеттемелерін барлығы, бірі 

қалмастан, толық көлемде орындауы тиіс. 

Сәйкесінше  жағдайларда  бұл  міндеттемелерді  орындамау 

немесе  бұзу  ұйымда  дау-дамайлық  жағдайды  тудырады,  сөйтіп 

дау-дамайға ұласады.  



259 

 

Бұл қарсылық пен тайталасқа кім қатысатынына байланысты 



еңбек дау-дамайлары бөлінеді: 1) жеке және 2) ұжымдық.  

Жеке  еңбек  дау-дамайларында  бір  жағынан  –  нақты  жалда-

малы жұмысшы, екінші жағынан жұмыс беруші қатысады.  



Ұжымдық еңбек дау-дамайларына қатысушы ретінде жалда-

малы жұмысшылар ұжымы (бірыңғай ұйымдық құрылым) және 

оған қарсы тұратын жұмыс беруші (осы құрылымның уәкілетті 

өкілдері) қатысады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет