Қашу (жалтару) мына жағдайларда тиімді:
− қарастырылып жатқан мәселе сіз үшін аса маңызды болмаса;
− сіз өзіңіздің дұрыс жасамай жатқаныңызды және басқаның
дұрыстығын сезінсеңіз, әрі ол үлкен билікке ие болса;
− егер сіз күрделі сөйлесушімен тілдессеңіз;
− сіз шешім қабылдауға тырысып, бірақ не шешім қабыл-
дауды білмесеңіз;
− сізде мәселе туралы ақпарат толық болмаса;
− шиеленушілік жоғары және оны тастау қажет болса;
− сізге уақытты ұту қажет болған жағдайда.
Бейімделу мынадай жағдайларда тиімді:
− сіз аз ғана беріліп, аз жоғалтатыныңызды сезінсеңіз;
− жағдайды жеңілдету қажет болғанда;
− егер сіз нәтижесі сізге қарағанда, басқа біреу үшін аса
маңызды екенін түсінсеңіз;
− туралық сіз жақта болмағанда.
Келісімге келу, яғни сіз үшін жарым-жартылай өзіңіздің, жа-
рым-жартылай басқасының қалауын қанағаттандыру жағдай-
ларында тиімді:
− жанжалдың қатысушыларында бірдей билік болса және
олар бірін бірі жоққа шығаруға мүдделі болса;
279
− жылдам немесе уақытша шешім талап етілсе;
− басқа амалдар тиімсіз болған жағдайда;
− келісімге келу өзара қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік
берсе.
Әріптестік, келісімге келуге қарағанда, тереңірек деңгейде
қол жеткізіледі және де ұзақ уақытты әрі жанжалды шешуде
белсенді бірге қатысуды талап етеді. Бұл үлгі мына жағдайларда
өте тиімді:
− мәселенің шешімі екі тарап үшін де аса маңызды болса;
− сіздердің өзара арақатынастарыңыз тығыз, әрі ұзақ уақыт
жалғасқан болса;
− сізде мәселені қарастыруға уақыт болса;
− екі тарап та бірдей билікке ие болса немесе шынайы
билікті иеленуде айырмашылықтарды жоққа шығаруды қа-
ласа.
Жанжалды шешудің мүмкін болған жолдары. Кез келген
жанжалда оны шешудің үш жолы бар:
− ең оңай, бірақ әрқашан да шынайы емес: өзіңді немесе мә-
селеге деген өзіңнің қатынасыңды өзгерту;
− ең қиыны, сондықтан да тәжірибелік мүмкін емес: қарсы
пікір білдірушінің пікірін өзгерту, оған өзімізге қажетті бағытта
әсер ету;
− ең оңтайлы және шынайы: мәселені шешудің өзара тиімді
нұсқасын табу және оны жүзеге асыруға күресу.
Жанжалды шешудің мүмкін болған жолдары мына сұрақтар-
ға жауап іздеуден тұрады:
Жанжалды шешу үшін мен не істер едім?
Бұл үшін серіктесім не істер еді?
Жанжалдан шығу қажет болған жалпы мақсаттар қандай?
Мұнда сіз былай жасауыңыз қажет:
− сұхбаттасыңызға көңіл аудару және ниеттестік білдіру;
− серіктестің ерекшеліктеріне сабырлылық таныту, өзінің
шынайы жанашырлық сезімін көрсету;
− салмақты болу, өзінің әрекеттерін, сөзін, мимикасын бақы-
лау;
− адамды осы жағдайға не алып келгенін – айқын немесе
жасырын мақсаты қандай екенін түсінуге тырысу;
280
− сұхбаттасушының пікірін толық айтып беруіне мүмкіндік
беру, оны мұқият тыңдау; тікелей қайталау, тыңдағанын талдау
немесе қорытынды жасау жақсы нәтиже береді – сол арқылы
адамға оны тыңдағанын түсінуге мүмкіндік береді;
− әлеуметтік және физикалық қашықтықты оңтайлы деңгейге
дейін қысқарту;
− серіктестің назарын ауыр мәселеден қысқа уақытқа болса
да басқаға аударту, мұнда кез келген амалдар қолданылуы мүм-
кін – басқа жерге отыру, қоңырау шалу, жазып алуды сұрау-
дан бастап қандай да бір миға қонымсыз ойды, әзілді айтуға
дейін;
− сіздердің мүдделеріңіздің, мақсаттарыңыздың, міндеттері-
ңіздің жалпылығын атап көрсету;
− сұхбаттасқа оның сөздері тудырған сіздегі жағдай, сезім
туралы дайын емес бағалауларды және пікірлерді айту; бұл
сұхбаттастың сізге қысқа жауап қайырмай, ашық, мақсатты, өз
ұстанымын айта отырып жауап беруге мәжбүрлейді;
− сынға ескерту, сөгістерге жауап беруден бұрын, нақты не
көзделіп отырғанын ашып алу қажет; сіз барлығын дұрыс тү-
сінгеніңізге сенімді болуыңыз керек.
Әрбір жеке жағдайда жанжалдың себебі айқын болғанымен,
барлық жанжалдар ұқсас негізге ие: істің шынайы жағдайы
Достарыңызбен бөлісу: |