Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Инновациялық дау-дамайлар



Pdf көрінісі
бет106/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

4.7 Инновациялық дау-дамайлар 

 

Нарықтық  экономика  жағдайында  ұйымдар  (кәсіпорындар) 

деңгейінде  түбегейлі  қайта  құрулар  болып  жатыр.  Экономика-

лық дербестікке ие бола отырып, өзінің шаруашылық қызметіне 

толықтай жауап бере отырып, ұйымдар жұмыстың жоғары тиім-

ділігін,  бәсекеге  қабілеттілікті  және  тұрақтылықты  қамтамасыз 

ететін әртүрлі факторларды пайдалануға ұмтылады.  

Ұйымдар басшылары, бас мамандар мен қызметкерлер өнді-

рісті жаңартуға; өз ұйымдарының әртүрлі шағын жүйелерінде – 

өндірістік (техникалық), экономикалық, әлеуметтік жаңалықтар-

ды енгізуге ұмтылады. Бұл салаларда инновациялар экономика-

лық мағынаға ие болады. Олар тиімді жұмыс істеу үшін жағдай 

жасауға, шығарылатын өнімге сұраныс пен ұсынысты тудыруға, 

пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.  



Инновациялар (немесе жаңалық енгізу) – қандай да бір жаңа 

өнімді, технологияны, басқаруды ұйымдастыру формасын және 

т.б. жетілдіруге немесе жасауға бағытталған мақсатты өзгеріс.  

Жаңалықтарды  енгізу  идеядан  нақты  өнімге  дейін  жетіледі 

және мыналарды ұсынады: 

−  өндіріс құралдары мен әдістерін жаңарту; 

−  шаруашылық қызметін ұйымдастыру формасына қатысты 

өзгерістер  (мысалы,  кейбір  кәсіп  түрлерін,  жұмыс  орындарын 

жабу, қосымша жаңа білімдерді пайдалану); 

−  басқарудың  жаңа  звеноларын  өзгерту  (АБЖ  енгізу,  диспет-

черлеу, іс жүргізудің, есепке алу мен бақылаудың жаңа формасы); 



268 

 

−  қызметкерлердің  еңбек  және  тұрмыс  мазмұны  мен  жағ-



дайларында  өзгерістер  енгізу  (еңбек  пен  демалыстың  прогрес-

сивті  режимдерін  енгізу,  өндірісте  тамақтандыруды  ұйымдас-

тыру және т.б.). 

Адамдар  қатысатын  инновациялық  қызметтің  мазмұны  мен 

ерекшеліктері ұжым мүшелеріне бірқатар талаптар қояды: 

−  жеткілікті жоғары біліктілікке және стандартты емес шы-

ғармашылық ойлауға ие болу; 

−  қабілетті болу және өзінің қызметі барысында өз бетінше 

оқуға ұмтылу және басқалардың тәжірибесін пайдалану; 

−  инновациялық процеске белсенді қатысу, тәуекелге дайын 

болу; 

−  стандартты емес шешімдерді тауып, іске асыра білу; 



−  жоғары ішкі мәдениетке ие болу, коммуникабельді болу.  

Инновациялық  процестің  әлеуметтік  базасы  өзінің  мақсат-

тарын  іске  асырғанға  дейінгі  билігінде  болатын  әртүрлі  мәр-

тебелік  жағдайға  және  мүмкіндіктерге  ие  қызметкерлердің  әр-

түрлі  топтары  болады.  Қызметкерлердің  мынадай  топтарын 

бөліп алып көрсетуге болады: 

−  «тәуелсіз  жаңашылдар»  –  олар  жұмыс  істейтін  ұйым 

бейініне  ықпал  етпейтін,  қандай  да  бір  жаңалық  ашқан  неме- 

се  өнертабыс  ойлап  тапқан  ғалымдар,  инженерлер,  жұмыс-

шылар.  Мысалы,  жұмысшы  джинсыларға  тойтарма  салу  үшін 

станок  жасайды.  Бірақ,  ұйымды  оның  жаңалығы  қызықтыр-

майды; 

−  «қызметі  бойынша  жаңашылдар»  –  қызметтік  міндетте-

мелеріне  ғылым  мен  алдыңғы  қатарлы  тәжірибені  енгізу  жүк-

телетін кәсіпорын мамандары мен басшылары; 

−  «рухы  бойынша  жаңашылдар»  –  бұлар  көбінесе  өз  бе-

тінше  болуға,  өндірісті  жаңартуда  белсенділікке  бағдарлан-

ғандар.  

 

Инновациялар және әлеуметтік қарама-қайшылықтар 

 

Инновациялар икемділіктің өзгеруінің сұраныс пен ұсыныс-

тың өзгеруіне жаңа перспективалар ашады, яғни ескіні – жаңаға 

ауыстыру  болады,  бұл  объективті  әлеуметтік  қарама-қайшы-




269 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет