бірін бұзып алады. Айыпкер сізге қоңырау шалып не істеу керек-
тігін сұрайды.
Сіз қалай жауап бересіз?
А. «Нұсқаулыққа сай әрекет жасаңдар. Ол менің үстелім-
нің үстінде тұр, соны оқыңдар және не керек болса, соны істең-
дер».
В. «Болған жайды вахтерге баяндаңдар. Жабдықтың сынға-
ны жайлы акт жазыңдар, зардап шеккен кезекші медбикеге
барсын, ертең анықтаймыз».
С. «Менсіз ештеңе қабылдамаңдар, қазір барамын, содан соң
анықтаймыз».
Д. «Зардап шеккендердің жағдайы қандай? Егер қажет болса,
дәрігер шақырыңдар».
15. Бір күні сіз өндірістің бірнеше жетекшілерінің арасында
қызметкермен қандай қарым-қатынаста болу керек деген пікір-
таластың арасына тап келесіз. Көзқарастардың біреуі сізге
өте ұнады. Қайсысы?
А. Біріншісі – «жұмыста жақсы жұмыс істеу үшін оның жеке
қасиеттерін ескере отырып, арнайы көңіл бөлу керек».
В. Екіншісі – «оның бәрі – майда тірлік. Адамдардағы басты
құндылық – олардың іскерлік сапасы, жауапкершілігі. Әркім
өзіне тиісті жұмысты істеуі керек».
С. Үшіншісі – менің ойымша, жетекшіліктің сәттілігіне қол
жеткізу үшін, қол астыңдағылар өз жетекшісіне сенгенде ғана
сыйлайды.
Д. Төртінші – «ол дұрыс, бірақ сонда да жұмыстың ынталан-
дырғышы ретінде нақты бұйрық, жақсы ойлылық болып табы-
лады».
400
16. Сіз цех бастығысыз. Қайта құрудан соң, жаңа штат
кестесі бойынша бірнеше бригада ұйымдастыру керек. Сіз қай
бағыт бойынша барасыз?
А. Жұмысты өз қолыма аламын, цех қызметкерлерінің тізі-
мін және жеке іс қағазымен танысып, өз жобамды ұжым жина-
лысында ұсынамын.
В. Дау-дамайды болдырмау үшін қызығушы тұлғалардың
пікірлерін тыңдап, жаңа бригада құру бойынша комиссия түзем.
С. Цех белсенділеріне адамдармен тілдесіп, жағдайды түсін-
діріп, жаңа штаттық кесте бойынша кім қай бригадаға бараты-
нын анықтап білуін тапсырамын.
Д. Алдымен жаңа бригадалар мен аймақтарды кім басқара-
тынын анықтап аламын, кейін бригада құрамы бойынша сол
адамға ұсыныстарын дайындауды тапсырамын.
17. Сіздің ұжымыңызда жұмыс істегеннен көбірек бос жү-
ретін адам бар. Бұл жағдай оған ұнайды, ал сізге жоқ.
Сіз қандай амал қолданар едіңіз?
А. Бетпе-бет онымен сөйлесіп, өздігінен кету туралы арыз
жазғаны дұрыс екенін түсіндірем.
В. Жоғарыдағы бастыққа бұл лауазымды «қысқарту» туралы
баянхат жазамын.
С. Кәсіподақ ұйымымен бұл жағдайды талқылап, бұл адам-
мен не істеу керектігі туралы ұсыныс дайындауды тапсыра-
мын.
Д. Ол адам үшін лайықты жұмыс тауып, оның жұмысына
бақылауды күшейтемін.
18. Еңбекке қатысу коэффициентін (ЕҚК) тағайындау ке-
зінде бригаданың кейбір мүшелерін әділетсіздік орын алды деп
есептейді. Ол цех бастығына шағымдануға себеп болды. Сіз
олардың шағымына қалай қарайсыз?
А. Сіз шағымданушыға былай жауап беріңіз: «ЕҚК-ны сіздің
бригадирлеріңіз растайды және түзеді, менің мұнда қатысым
жоқ».
В. Жарайды, мен сіздердің шағымдарыңызды есепке ала
отырып, бұл мәселені сіздердің бригадирлеріңізбен қарастырам.
401
С. «Уайымдамаңыз, сіз ақшаңызды аласыз. Өз қарсылығыңызды
жазбаша түрде менің атыма жіберіңіз».
Д. Шындықты орнатуды уәде етіп, дереу бригадирмен кеңесем,
жазылғанның растығын білген соң, ЕҚК-ін қайта түзуді брига-
дирге тапсырам.
Достарыңызбен бөлісу: |