Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет174/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Егер сіз 3-8 балл жинасаңыз – онда жақсы әңгімешісіз, бірақ 

кейде әріптесіңізді толық түсінгіңіз келмейді екен. Сыпайы түр-

де оның айтқанын қайталап, ойын толық және анық түсіндіруіне 

мүмкіндік  берсеңіз,  өз  ойлау  екпініңізді  оның  сөйлеу  екпініне 

бейімдесеңіз,  бір-біріңізді  жақсы  ұғынуларыңыз  мүмкін,  әңгіме 

қорытындысы жағымды әрі тиімді болып шығады. 



Егер  сіз  0-2  балл  жинасаңыз    онда  тамаша  әріптессіз.  Сіз 

тыңдай  аласыз,  сіздің  іскерлік  және  бейресми  стиліңіз  айнала-

ңызға үлгі бола алады. 



429 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Қоғамның  қарқынды  дамуы  елімізде  басшылықтың  ғана  бі-



лікті болуын талап етпейді, сонымен қатар мамандардың да пси-

хологиялық  жағынан  ойлары  жоғары,  білімдері  кемел  болуын 

талап етеді. Қазіргі кезеңді басшылыққа психологиялық басқару 

негіздері  бойынша  білімдері  мен  жоғары  басқарушылық  мәде-

ниетті талап етудің дәл кезеңідеуге болады. Осыған байланысты 

туындап жатқан мәселелі жайттардың шешімін табу мақсатында 

көптеген жоғары оқу орындарында басқару психологиясы жаңа 

пән ретінде енгізіле бастады. 

Басқарушылық қарым-қатынас – оқу құралының басты маңыз-

ға  ие  түрткісі  болып  табылады.  Онда  басқарудың  теориялық 

ережелерінің негіздерін Ресейде де, шетелде де басқару іс-тәжі-

рибесімен біріктіруге тырысады; теория мен практиканың сабақ-

тастығын, олардың өзара байланысы мен тәуелділігін көрсетеді. 

Бұл  идеяның  түйіні  оқу  құралының  құрылымында  және  әрбір 

тараудағы негізгі маңызды мәселелерді анықтауда жетекші орын 

алады. 


Әлеуметтік  құбылыс  ретінде  және  адам  тәжірибесінің  сала-

сында  басқару  ғылыми  зерттеу  пәні  болғаннан  әлдеқайда  ерте 

пайда  болды.  Адамдарға  бірлесе  жұмыс  істеуге  қажеттілік  пен 

қабілеттілік  тән  болғандықтан,  бұл  олардың  іс-әрекетінің  үйле-

суін,  келісуін,  кооперациялануын,  яғни  бірлескен  әрекеттерін 

басқаруды талап етеді. 

Басқаруға  психологиялық  тұрғыдан  талдау  жасамастан  бұ-

рын, басқарудың жалпы сипатын, басқарудың әлеуметтік фено-

менін,  басқару  ғылымының  мәні  мен  басқарушылық  ойларды 

дамытудағы негізгі  басқару мәдениетін, үрдістерді қарастырған 

жөн. Ресейлік танымал тарихшы С.М. Соловьев, жалпы ғылым-

ның  негізгі  баспалдағы  болып  саналатын  ең  қажетті  ұғымдар 

мен теориялық идеяларын негіздейтін кез келген ғылымның өзі-

не тән көбейту кестесі болатындығы туралы пікір білдірген бо-

латын. Оқу құралының бірінші тарауында осы аталған «көбейту 

кестесі» туралы ой бөлісеміз. 

Басқару  туралы  ғылымның  даму  үдерісі  басқару  теориясы-

ның дамуын тежейтін ішкі қарама-қайшылықтармен бірге жүре-




430 

 

ді. Бұл дамуға ықпал ететін факторлар өндірістің қарқынды да-



муы,  оны  жетілдіру  мен  қарқынды  жүргізу  жолдарын  табысты 

ұлғайту  негізі  ретінде  іздестірумен  байланысты  болады.  Бұл 

себептердің барлығын білу – басқару ғылымының даму тарихы 

туралы  дұрыс  түсінік  үшін  қажет.  Тек  соңғы  жылдарда  ғана 

оның теориясының дамуындағы ең нәтижелі кезең болды, деген-

мен мұндай мәселенің маңыздылығын ескере отырып, оны көп-

теген жылдар бұрын күтуге болатын еді. Басқару теориясын рә-

сімдеуде  Ф.  Тейлордың  «Ғылыми  басқару  принциптері»  (1911) 

еңбегінің маңызы зор. Ф. Тейлор ғылыми басқарудың негізін қа-

лаушы  болып  есептелінеді.  Басқарудың  ғылым  ретінде  пайда 

болуына үлкен бизнестің (нарықтың) қалыптасуы әсер етті, яғни 

қазіргі  техниканың  артықшылықтарын  пайдалануға  тырысу 

және  жұмысты  орындаудың  әлдеқайда  тиімді  тәсілдерін  ашуға 

тырысқан  ізденімпаз  адамдардың  шағын  тобының  жетістігі 

болды. 

Сонымен  заманауи  басқару  ғылымы  бірте-бірте  әлеуметте-

нумен психология бағытына ауыса бастағанын байқауға болады. 

Қазіргі  уақытта  ұйым  ішінде  адамдардың  әлеуметтік-психоло-

гиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  адамның  белсендіру 

жолдарын іздестірумен қатар олардың кез келген өндірістің бір-

лескен  тиімді  жұмыстарын  жетілдіру  шарттары  анықталады.  

Көп жағдайда басқару психологиясы көпжақты дамыту, негізгі, 

жеке  психология  ғылымының  объектілерін,  зерттеу  пәндерін  

нақтылайды.  Сөйтіп  бұл  тарауда  басқару  психологиясының  даму 

тарихына шолу жасала отырып, ғылыми тұрғыда өзінің дербес-

тігін айқындағанын байқауға болады.  

Басқару  үрдісінің  тиімділігі  басқарушының  нақты,  қалай 

басшылық  жасауына  тікелей  байланысты  екендігі  мәлім.  Олай 

болса,  басқарушының  жеке  кәсіби-маңызды  сапалары  мен  бас-

қару  іс-әрекетіндегі  алғышарттары  туралы  екінші  тарауда  сөз 

қозғалады. 

Жетекшінің ұйымдастыру жүйесіндегі жеке іс-әрекеті негізгі 

орын алатындықтан, оны зерттеу мен басқару іс-әрекетінің бас-

ты  мәселесі  болып  табылады.  Бұл  іс-әрекетті  психологиялық 

зерттеудің қиындықтарын, іс-қимыл мәселесін жалпы ұйымдас-

тырушылықтан бөліп көрсетуді ескеру қажет. Олар: 




431 

 

 1. Жетекші іс-әрекеті ұйым қызметінің барлық жақтарымен 



тығыз байланыста болады. Басқару іс-әрекетінің психологиясын 

қарастыруда  басқару  теориясынан  байқалатын  кең  ауқымды  оң 

және  теріс  нәтижелері  болады.  2.  Басқару  іс-әрекеті  тұтастай 

пәндер кешенінде зерттелді, бұл кезде оның психологиядан тыс 

жақтары:  ұйымдастырушылық,  әлеуметтік,  экономикалық,  т.б. 

басым болды. 3. Басқару іс-әрекетін ғылыми тұрғыдан психоло-

гиялық  зерттеу  өте  қиын,  өйткені  бұл  жерде  психикалық  нақ-

тылық  сияқты  айқын  емес  сала  зерттеу  тақырыбы  болып  табы-

лады.  Сондықтан  басқару  іс-әрекетінің  ішкі  мазмұнына  қара-

ғанда, оның сыртқы байқалымдары көбірек зерттелген, яғни бас-

қару  –  үнемі  адамдармен  қарым-қатынасты  жұмысты  талап 

етеді. Олар – қазіргі заманғы бағыныштылар, олардың қызметке 

бейімделуі,  олардың  мінез-құлқы  мен  қызметінің  негізгі  ретте-

гіштері  қалай  реттелуі  мүмкін?  Осы  сұрақтардың  шешімі  оқу 

құралының үшінші тарауында қозғалады. 

Жетекші іс-әрекетін сипаттау үшін келесі мәліметтер маңыз-

ды болады. Қабылдаудың жеке-стильді айырмашылығы да  бас-

қару  іс-әрекетінде  белгілі  бір  рөл  атқарады.  Стильдің  мынадай 

негізгі  –  аналитикалық  пен  синтетикалық  және  екі  қосымша  – 

аналитикалық-синтетикалық пен эмоционалдық түрлері белгілі. 

«Синтетикалықтар»  үшін  құбылыстардың  қорытылған  бейнесі-

не олардың мәнін анықтауға бейімділіктері басым болып келеді. 

«Аналитиктер» болса тетіктерін, бөлшектерін, жан-жақты баян-

далуын  атап  көрсеткенді  жөн  санайды.  Бұл  ерекшеліктердің 

комбинациясы,  бірақ  айқындығы  кем  болғанда,  аналитикалық-

синтетикалық  типке  тән.  Эмоционалдық  тип  жағдайға  жоғары 

сезімдік  әсермен  ерекшеленеді,  бұл  оны  баламалы  қабылдауға 

кедергі келтіреді. Басшы мен оның бағыныштылары арасындағы 

өзара  қарым-қатынас  әрдайым  басқарушылық  қарым-қатынас 

нысаны болып табылады. Басылымның төртінші тарауы осыған 

сәйкес  қарым-қатынас  үлгілері,  басқару  әсерінің  негіздері,  іс-

керлік қарым-қатынастың негізгі түрлеріне арналады. 

Дау-дамай    жер  бетiнде  тiршiлiктiң  пайда  болуымен  қатар 

дамыды  десек  қателеспейтiн  шығармыз,  өйткенi  тiршiлiк  иесi-

нiң  сұрыпталып,  сақталуы  мен  тiршiлiк  етуiн  жалғастыру  үшiн 

күрес  жүргiзуге  тура  келедi.  Алғашқы  ғасырлардың  өзiнде-ақ 




432 

 

адамзат өмiрiнде болған қақтығыстар мен олардың шешiлу жол-



дары  жайлы  көп  толғанған.  Дау-дамай  бұрыннан  ғылыми  зерт-

теудiң  объектiсi  болмаса  да,  өзiндiк  тарихи  орны  бар  және 

кейбiр  басқа  ғылымдармен  салыстырғанда  оның  тарихы  көне 

заманнан  бастау  алады.  Әлеуметтiк  дау-дамайлар  бiрнеше  бел-

гiлерi  бойынша  жiктеледi.  Мысалы,  дау-дамайдың  шешiлуiне 

байланысты:  толық  шешiлген,  жартылай  шешiлген  және  ше-



шiлмеген  болады.  Әлеуметтiк  психологиялық  зерттеулерде  кең 

тараған  эмоционалдық  және  iскерлiк  дау-дамайлар  бар.  Дау-да-

майлардың  көрiну  формасына  байланысты:  ашық,  латенттi 

және  потенциалдық.  Бүгiнде  әлеуметтiк  дау-дамайлар  туралы 

классикалық концепциялар кеңiнен қолданылады. Олар: Л. Кренс-

бергтiң  «әлеуметтiк  дау-дамай»,  Р.  Дарендорфтың  «қоғамдық 

дау-дамайлық  моделi»,  сонымен  қатар  Л.  Козердiң,  К.  Боул-

дингтiң, Д. Доллардтың, Дж. Бартонның теориялары. 

Негiзiнен алғанда дау-дамай субъектiнiң әлеуметтiк жүйемен 

қарым-қатынасының  дамуына  септiгiн  тигiзетiн  алғышарттар-

дың  бiрi  болып  табылады.  Сондықтан  қоғам,  әлеумет  дау-да-

майсыз  бола  алмайды.  Осыған  орай  дау-дамайдың  позитивтi 



және  негативтi  қызметтерi  болады.  Дау-дамайдың  зерттелiп 

жатқан  негiзгi  түрлерiнiң  бiрi  –  тұлғааралық  дау-дамай.  Ол  –

индивидтер  арасындағы  қарым-қатынас  формасының  бiрi.  Бұл 

дау-дамайдың  терең  зерттелуiне  зор  үлес  қосқандар:  М.  Дейч,  

Г. Макклинток және т.б. 

Басқару   уақыттың тапшылығы, шамадан тыс ақпарат, тұ-

рақсыз  жұмыс  күні,  билік  пен  бағыныштылардың  тұрақты  қы-

сымымен  сипатталатын  жұмыстың  ерекше  күрделі  формасы 

болып  табылады.  Аталмыш  жағдай  басқарушы  қызметінде  стрес-

стерге, қақтығыстар мен дағдарыстарға  жол беретіндігіне ешкім 

шүбә  келтірмейді.  Сондықтан  да  басшы  қызметіндегі  тұлғаның 

денсаулығы, басқару іс-әрекетіндегі стресстер мен дағдарыс мә-

селелері көп көңіл бөлуді қажет етеді.  

Күйзелісті  жағдай  қауіпті  болумен  қатар,  адам  ағзасының 

бұзылыстарға  жүрек-қантамырлары,  аллергиялық,  иммундық 

және басқа да аурулардың туындауына себепкер. Осынымен қа-

тар  адамның  еңбекке  жарамдылығы,  өмірлік  және  шығарма-

шылық  белсенділігі  төмендейді.  Себепсіз  шаршау,  пассивтілік, 




433 

 

ұйқысыздық  немесе  ашуланшақтық,  барлық  әлемге  көңілі  тол-



мау  –  күйзелістің  белгілері.  Осы  жерде  бұл  жағдайға  бір  нәрсе 

жасауға  бола  ма  деген  сұрақ  туындайды.  Күйзелісті  айналып 

өтуге бола ма? 

Бұл сұраққа жауап  міндетті  түрде  кері. Күйзелістен  мүлдем 

құтылу  мүмкін  емес.  Себебі  олардың  табиғаты  –  рефлекторлы. 

Бұл ағзаның қолайсыз жағдайларға автоматты түрде жасалатын 

реакциясы. Бұл адамның табиғи қорғанысы. Оны өшіру – адам-

ның өмірін жоюымен, сыртқы ортаны сезіне алмайтындай етуі-

мен пара-пар.  

Басқару психологиясы бойынша аталған мәселелерді өмірлік 

жайттармен байланыстыру мақсатында, яғни теориялық негізде-

рін  практикамен  ұштастыру  үшін  оқу  құралында  қолданбалы 

бөлім ұсынылған. Онда басшылық өзіне, қол астындағы маман-

дарға, топтық үрдістерге және құбылыстарға байланысты дұрыс 

шешім  қабылдауға  бағыттайтын,  олармен  жақынырақ  танысуға 

мүмкіндік беретін бірнеше сынақ әдістері мен әдістемелер, тест-

тер орын алады. Сонымен қатар танымал экспресс-диагностика  

бойынша басшы тұлғасының кәсіби қасиеттеріне арналған әдіс-

темелер ұсынылады. Басшы тұлғасының кәсіби маңызды қасиет-

терін анықтауға арналған әдістемелер бойынша:  «Әлсіз басшы-

лардың  белгілері»,  «Бағынушыларды  жазалаудың  жеті  ереже-

сі»,  «Менеджерлердің  сегіз  типтік  қателіктері  (Э.  Шварц  пен  

А. Маккензи бойынша)», «Басшыңыздың кім екенін айтыңыз, ... 

бұл  сізге  қалай  әсер  ететінін  біліп  аласыз»,  «Жетекші  стилі», 

«Басшы қызметіндегі адамдардың типтері», «Басшының басқару 

стилін  өзіндік  бағалау»,  «Тұлғаның  шығармашылық  әлеуетінің 

деңгейін  бағалау»,  «Басқару  біліктілігін  анықтауға  бағытталған 

әдістеме (И.А. Аглуллинаның авторлық тесті)»  қарастырылады.  

Оқу құралы, бірінші кезекте, түрлі сала бойынша басшылық 

қызметте  жұмыс  жасап  жүрген  тұлғалар  мен  болашақта  осы 

сала  бойынша  үлкен  жетістікке  жету  бойынша  алдына  мақсат 

қойып, сүбелі еңбек етіп жүрген болашақ мамандар (студенттер, 

магистранттар,  PhD  докторлар),  басқару  психологиясы  саласы 

бойынша  қызығушылық  танытып  жүрген  оқырмандарға    арна-

лады.  

 



434 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет