67
Мотивация қызметінің мазмұнын ашу тұтастай алғанда
еңбек іс-әрекетінің мотивациялану мәселесімен байланысқан,
бұл осы мәселенің кеңдігі мен кешенділігіне байланысты оның
шешілу қиындығын туғызады.
Басқару іс-әрекетінің төмендегідей өзіндік аспектілері бар:
1) атқарушылық іс-әрекеттің мотивациялану сипаттамасы;
2) жетекші іс-әрекетінің өзіндік мотивация сипаттамасы
(басқарудың мотивациялануы);
3) мотивация қызметінің өзіндік құрылымы мен мазмұнын
басқару іс-әрекетінің негізгі компоненттерінің бірі ретінде си-
паттау.
Басқару тәжірибесінде бұл аспектілер тығыз байланысқан.
Еңбек іс-әрекетінің мотивация теориясындағы жалпы
ережелердің бірі – мотивация қажеттілігі бірлескен іс-әрекет
кезіндегі еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылатындығы.
Оның әрбір мүшесі үшін, ол өзі жеке қызметкер ретінде атқар-
ған міндетіне байланысты алатын жетістіктері нақты мотива-
циялануы болып шығады. Мотивация жүйесінің екі принципі
бар:
1) тек материалдық жағдайға емес, қызметкерге тиесілі
барлық қажеттіліктердің типтері мен түрлерінің барлығына
бағдарлануы;
2) әрбір атқарушының қорытынды нәтижеге нақты үлесін
баламалы бағалау және осы үлеске сай ынталандыруды қам-
тамасыз ету.
Екінші принцип ұйымдастыру құралдарын қолдануға, ал
біріншісі тұлға мотивациясының құрылымы туралы психоло-
гиялық түсініктерге тұрақтанады. Сондықтан мотивация барлық
басқару қызметінің ішінде «психологиялық» ретінде қарас-
тырылады. Бұл – басқарудың практикалық психологиясы.
Мотивация қызметінің мәні – жоғарыда көрсетілген екі прин-
ципті қанағаттандыратын жүйе жасау. Тұлғаның мотивация
әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін материал-
дық мотивация мен ынталандыруды дараландыру қате болып
табылады. Бұл әлеуетті тиімді пайдалану үшін жетекші оның
қандай факторлардың негізгі категорияларынан тұратынын
білуге тиіс. Мотивация жалпыпсихологиялық тұрғыда – іс-
68
әрекетке саналы түрдегі ішкі ұмтылысы. «Мотивация саласы»
ұғымымен тұлға белсенділігінің барлық ынталану көздері бі-
рігіп, оған келесі компоненттер кіреді: тұлғаның қажеттіліктері,
мүдделері, ұмтылыстары, сенімдері, ынталандырулары, идеал-
дары, сондай-ақ мінез-құлықтың әлеуметтік рөлдері, норма-
лары, ережелері, стереотиптері, өмірлік құндылықтары мен
мақсаттары, тұтастай алғандағы дүниетанымдық бағдарлануы.
Бұл жіктеме негізгі болғанымен, жалғыз емес. Қажеттіліктер
басқа негіздер бойынша да сипатталады: туа біткен және қа-
былданған, бірінші және екінші, нәтижелі және процессуалды,
т.б. қажеттіліктердің типтерінің алуан түрлілігі солардың не-
гізінде қалыптасатын мотивация күрделілігін анықтайды, демек
мотивация саласына қажеттіліктің әртүрлі санаттарын «қоса»
отырып, әсер етуге болады. Психологияда мінез-құлық пен іс-
әрекеттің жартылай мотивациялық ұғымы бар. Әртүрлі моти-
вациялар арасында оң (позитивті) және теріс (негативті) сипат-
тағы қатынастар қалыптасуы мүмкін, сондықтан олардың атқа-
рушыға ықпал ету әсерінен келісіп алу қажеттігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: