74
«Коммуникация» ұғымына енгізілетін құбылыстар мен про-
цестердің алуан түрлілігіне байланысты, оны құрылымдау және
жетекші іс-әрекетінің мазмұнын сипаттауға арналған сандағы ең
маңызды аспектілерді айқындау қажеттігі туындайды:
1) Коммуникация жалпы құбылыс ретінде;
2) Коммуникация жетекшінің атқарушылармен және ұйым
бөлімшелерімен тікелей байланыс тәжірибесі ретінде;
3) Коммуникация басқарудың ерекшелік қызметі ретінде.
Бұл аспектілердің әрқайсысы нормативтік-ұйымдасты-
рушылық және
субъектілік-психологиялық жоспарлардан тұ-
рады. Біріншісі оңтайлы коммуникативтік процесс құрылы-
мымен байланысқан. Екіншісі «коммуниканттардың» психоло-
гиялық ерекшеліктерінің осы қызметке үлкен ықпалын көрсе-
теді және оның маңызды деген, соның ішінде тиімділікке бөгет
болатын маңызды сипаттарын түсіндіреді. Коммуникативтік
қызмет ұғымы өзіндік үш психологиялық аспектіден тұрады:
жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы, оның іс-әрекетінің
коммуникативтік құбылыстары мен процестері.
Келесі бағыттар коммуникативтік қызмет мазмұнын си-
паттайды:
– бұл қызметтің мәні мен оның ерекшелігін анықтау;
– коммуникациялардың негізгі түрлері мен типтерін талдау;
– коммуникация үдерісінің құрылымдық компоненттері мен
кезеңдерін анықтау;
– осы қызметтің жүзеге асу формасын сипаттау;
– «барьерлерді (кедергілерді)» талдау (сипатты қателіктер
мен қиындықтар);
– коммуникативтік қызметін оңтайландыруға арналған не-
гізгі талаптарды сипаттау (оңтайлы коммуникация принципі).
Жетекшінің коммуникациялық қызметінің негізгі міндеті –
ұйым ішінде оның бөлімшелері арасындағы және сыртқы орта-
мен ақпараттың оңтайлы алмасуын қамтамасыз ету. Оңтай-
лылық көрсеткіші – қолданыстағы коммуникация желісінің
ұйымның жалпы мақсаттарына жетуге қолдау көрсетуінің
нәтижесі. Коммуникациялар тиімділігі үшін мақсаттың айқын
тұжырымы, оның әр бөлімше үшін шағын мақсатқа нақтылануы;
бөлімшелер жұмысының белгілі бір түрлері мен нормативте-
75
рін реттейтін мүшеленген жоспар; дұрыс таңдалған ұйым типі;
бақылаудың тиімді жүйесі қажет. Коммуникациялық қызмет-
тің ерекшелігіне, басқарудың басқа қызметтерінің барлығы,
яғни мақсат қою, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау оны жү-
зеге асыру құралдары болып табылатынын көрсетеді. Мұны
жетекшінің бүкіл жұмыс уақытының 50-90 пайызы осы ком-
муникациялармен толатыны туралы мәліметтер растайды.
Достарыңызбен бөлісу: