Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет41/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Жетекші іс-әрекетіндегі ұзақ мерзімді 

ес ерекшелігі 

 

Ұзақ мерзімді ес ерекшелігі басқарудың практикалық және 



стратегиялық  функцияларына  байланысты,  сондықтан  ол  бас-

қару  іс-әрекетінің  режимдік  факторларымен  азырақ  шарт-




106 

 

талған.  Бірақ  ол  «материал»  ерекшеліктерімен  –  еске  сақтауға 



және  қайта  өңдеуге  арналған  ақпаратпен  көбірек  анықталады. 

Ұзақ  мерзімді  естің  жетекші  іс-әрекетінде  келесідей  ерекше-

ліктері бар. 

Материалдың  үлкен  көлемі,  алуан  түрлілігі  мен  алуан  са- 

палылығы  (гетерогенділік).  Сипаты  бойынша  әртекті  мате-

риалды  сақтаудың  алуан  тәсілі  мен  естің  әртүрлі  типтері  

кейде  «қабаттасады»  және  бір-біріне  бөгет  болады.  Бұл  құ- 

былыс  психологияда  интерференция  құбылысы  деп  ата- 

лады. 

«Әлеуметтік  нысан»  секілді  ұзақ  мерзімді  еске  арналған 



мұндай  материал  мнемоникалық  процестерге  жаңа  талаптар 

қояды. Бейнеге деген ес жетекші үшін аса қажет. Бұл басқа бір 

мнемоникалық  қасиеттің  –  қол  астындағылардың  субъективті 

мінездемелеріне,  яғни  қабілеттеріне,  мүдделеріне,  өмірбаян 

сипаттарына, т.б. деген естің байқалуы. Қол астындағылар үшін 

бұл  тиімді  жұмыс  үшін  қолдау  бола  тұрып,  маңызды  мотива-

циялық  рөл  атқарады.  Батыс  менеджментінде  жетекшінің  қол 

астындағылар  туралы  жеке  есі  тек  ынталандыру  құралы  ғана 

емес, сондай-ақ манипуляциялық техниканың  бірі ретінде  кеңі-

нен қолданылады [15, 16, 17]. 

 Сақталған  материалдың  құрылымдануы  бірқатар  меха-

низмдердің,  яғни  материалды  сапалау  мен  топтаудың,  оқиға-

ларды  мағынасына  қарай  жүйелеудің,  категориялаудың  және 

ретке  келтірудің,  олардың  арасында  байланыс  орнатудың,  т.б. 

көмегімен  жүреді.  Осының  нәтижесінде  ұзақ  мерзімдік  естің 

материалы  мнемоникалық  немесе  семантикалық  (мәндік)  желі 

ұғымымен белгіленетін  формаға ие болады. Онда байланыстың 

негізгі  екі  –  көлденең  және  тік  түрі  бар.  Алғашқысы  тәжірибе 

элементтері  арасындағы  тікелей  мәндік  ассоциациялармен 

түзілген.  Екіншісі  тәжірибені  қорытылу  дәрежесі  бойынша 

құрылымдайды. 

Ұзақ  мерзімдік  естің  кешенділігі  сақталуға  тиіс  материал-

дың  кешенділігімен  анықталады.  Осыдан  ұзақ  мерзімдік  ес- 

тің  келесі  ерекшелігі  –  жағдайлық  туындайды.  Ол  тіркеле- 

тін  ақпараттың  нақты  басқару  жағдайлары  түрінде  рәсімде-

луін  білдіреді.  Ұзақ  мерзімдік  естің  «бірліктері»  болады. 




107 

 

Басқару  жағдайлары  түрінде  рәсімделген  мәндік  блоктар 



осындай  бірліктер  болып  табылады;  «скриптер»,  «фреймдер» 

(ағылш.  frame  –  қаңқа,  құрылым)  сияқты  ұғымдарды  қолда-

нады. 

Жетекшінің  ұзақ  мерзімдік  есінің  өнімді  қасиеттері  психо-



логиялық  құбылыс  ретінде  «кештен  гөрі  таң  жақсы»  дегендей, 

бірқатар  мәтелдерде  көрініс  табады.  Бұл  ерекше  құбылыстың 

негізі – басты екі психологиялық механизм. 

Реминисценция  құбылысы  (мнемоникалық  процестер  көр-

сеткіштерінің  қандай  да  бір  уақыт  өткеннен  кейінгі  жақсаруы) 

және  бейнеленген  ақпарат  өңдеуге  ұшырайтын  кездегі  сақталу 

процесінің белсенді сипаты. 

Жетекшінің қол астындағылармен өзара іс-әрекет процесі екі 

негізгі  –  саймандық  және  экспрессивтік  типке  бөлінеді.  Сай-

мандық – жетекшінің іс-әрекетін, қол астындағылармен іскерлік 

өзара  іс-әрекетін  жүзеге  асырудың  құралы.  Экспрессивтік  – 

бірлескен  іс-әрекеттегі  тұлғааралық  қатынастарға  байланысты 

туындайтын  процестер.  Қатынасқа  деген  ес  эмоционалды  –  оң, 

бейтарап және теріс болуы мүмкін. 

Жетекшінің  ұзақ  мерзімдік  есінің  полифокустылығы  оның 

функцияларының  көпжақтылығына  байланысты.  Ол  өз  іс-әре-

кетінің  көптеген  нысандарына,  құбылыстарына  мнемоникалық 

бақылау қажеттігінен көрінеді. 

Ақпараттың  ұзақ  мерзімдік    тіркелуіне  «көмектесетін»  қо-

сымша  маңызды  белгі  –  оның  шынайылық  параметрі.  Демек, 

ақпарат  көзі  мен  оны  алу  жағдайын    сақтау  керек.  Жетекшінің 

ұзақ мерзімдік есінің өзіндік сипатттамасының біреуін құрайтын 

«ақпараттың  шлейфі»  оған  түсетін  жүктеменің  артуына  соқ-

тырады және жалпы талаптарды арттырады.  

«Жақсы ұзақ мерзімдік ес» қасиетке қарама-қарсы сипаттама 

ұмыту  шеберлігі  ретінде  белгіленеді.  Төрт  мнемоникалық  про-

цестің  бірі  бола  отырып,  ұмыту  адамды  тым  артық  ақпараттық 

жүктелуден сақтайды. Бұл – бейнеленген ақпараттың объективті 

маңыздылық  және  субъективті  мәндік  параметрлері  бойынша 

селекциясының белсенді процесі. Селективтік ұмытудың жетек-

шінің  міндетті  мнемоникалық  қасиеті  ретінде  болуы  басқару 

біліктілігі  белгілерінің  бірі  болып  табылады.  Белсенді  ұмыту 




108 

 

механизмі,  сондай-ақ  барлық  керексіздерді  сүзгіден  өткізе 



отырып, жетекшінің жеке кәсіби тәжірибесінің тұрақтандырғыш 

функциясын орындайды

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет