Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет42/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   184
Жеке кәсіби тәжірибе басқару іс-әрекетінің 

реттеуіші ретінде 

 

Бұл  тәжірибе  ұзақ  мерзімдік  естің  негізгі  қасиеттерінің 



әсерімен   қалыптасады. Бүкіл кәсіби және жеке өмірі негізінде 

қалыптаса  келе,  тәжірибе  мнемоникалық  процестер  негізінде 

құрылады,  тіркеледі  және  қызмет  атқарады.  Олардың  құры-

лымы,  ерекшеліктері  мен  заңдылықтары  басқару  іс-әрекетінің 

осы бір маңызды реттеуішінің негізі болып табылады. Тәжірибе 

– бұл ұзақ мерзімді ес басқару іс-әрекетінің барлық салаларына 

тиімді  әсер  ететін  нәтижелік  құбылыс,  сондықтан  оның  негізгі 

сипаттамаларын  және  олардың  мнемоникалық  процестердің 

ерекшеліктерімен байланысын қарастыру қажет. 

Кәсіби тәжірибенің басты сипаттамасы – көлемі мен сантүр-

лілігі,  байлығы.  Жетекші  тәжірибесінің  маңызды  ерекшелігі  – 

оның  жағдайлық  рәсімделуі.  Тәжірибенің  негізгі  «бірліктері»  – 

басқарудың  бұрынырақ  кездескен  және  әрі  қарайғы  іс-әрекет 

үшін  ең  тиімді  болып  табылатын  тұтастық  жағдайлары.  Соны-

мен  бірге  бұл  –  осы  жағдайлардың  туындауы  туралы  және 

солардан  шығудың  ең  әсерлі  тәсілдері  жайлы  ақпарат.  Сон-

дықтан  көбінесе  жағдайды емес,  белгілі бір сценарийді тәжіри-

бенің  негізгі  «бірлігі»  деп  есептейді.  Тәжірибені  скриптілік 

ұйымдастыру  оның  ақпараттық  сыйымдылығын  күрт  артты-

рады.  Бұл  «бірлік»  скриптілердің  барынша  кешенді  және  ақпа-

раттық толықтығы есебінен мүмкін болады. 

Тәжірибенің  құрылымданғандығына,  реттілігіне  негізгі  бас-

қарулық  жағдайлардың  типологиялануының  арқасында  қол 

жеткізуге  болады.  Олар  кәдімгі  штаттық  және  экстремалдық, 

яғни  басқаларға  тапсыруға  болатын  және  тікелей  өзінің  арала-

суын  талап  ететін  болып  бөлінеді.  Кәсіби  тәжірибе  құрылы-

мындағы  типологиялануға  оның  басқа  да  компоненттері,  ең 

алдымен  адамдар  ұшырайды.  Атқарушылар  мен  жетекшілердің 

типологиялары көптеп кездеседі [35]. 



109 

 

Кәсіби тәжірибенің дифференциалдануы келесі сипаттармен 



анықталады: 

1)  Тәжірибеде  реттелген  басқару  жағдайларының  санымен 

және алуан түрлілігімен; 

2)  Олардың типологиялық дәрежесімен

3)   Жетекшінің әртүрлі жағдайлардағы «мінез-құлық репер-

туарының» алуан түрлілігімен. 

Тәжірибенің  интеграциялануы  –  оның  компоненттерінің  

шоғырлану  шарасы,  дифференциялануының  туындысы.  Ол 

негізгі  екі  аспектіден  тұрады:  1)  тәжірибе  компоненттері- 

нің  қаншалықты  реттелгені  және  шоғырланғаны;  2)  олардың 

бір-бірімен  қарама-қайшылықта  қаншалықты  болмауы,  жалпы 

мағынамен  және  жетекші  тұжырымдамасымен  қаншалықты 

біріккендігі. 

Дифференциялану  мен  интеграциялану  бірлесе  отырып, 

жалпы  сипаттаманы  –  тәжірибенің  ұйымдастырылу  дәрежесін 

береді.  Жоғары  ұйымдастырылу  жетекші  іс-әрекетіндегі  опера-

тивті естің негізгі қасиеті  болатын ақпараттың жоғары жұмылу 

дайындығының  байқалуы  үшін  аса  маңызды  шарты  болып  та-

былады. 

Тәжірибенің  жекеленуі.  Тәжірибе  өз  жетістіктері  мен  кем-

шіліктері  нәтижесінде  қалыптасады,  сондықтан  да  тәжірибенің 

барлық  құрылымы  үшін  білуге  тиісті  жағдайлардың  бірыңғай 

жиынтығы  жоқ.  Біреуі  үшін  жақсы  болған    екіншісіне  мүлде 

келмейді. 

Тәжірибенің таңдалымдылығы (селективтілігі) ұзақ мерзімді 

естің  осыған  ұқсас  қасиетіне  негізделген.  Тәжірибе  қалыпта-

суының  басты  шарты  –  оның  үнемі  байытылуы,  бірақ  ол  ақпа-

ратты  механикалық  түрде  жинақтау  сипатында  болса,  онда 

ақпараттық  артық жүктелу туындайды. Сондықтан кәсіби  тәжі-

рибе құрылымына селекция механизмі енгізілген. 

Тәжірибенің мәндік интеграцияға қарай ағымы да ұзақ мер-

зімді естің осыған ұқсас заңдылығына негізделген. Тәжірибенің 

қарама-қайшылығы теріс фактор ретінде бағаланады.  

Кәсіби  тәжірибенің  операциялылығы,  оның  жағдайының 

негізгі  «бірліктеріне» міндетті түрде оларды жеңу тәсілдері қо-

сылатындығында. 




110 

 

Тәжірибенің  өнімділігі  мнемоникалық  процестердің  ұқ- 



сас  сипаттамасына  оның  нәтижесі  ретінде  негізделеді.  Же-

текшіліктің  жазылмаған  («алтын»)  ережесі  тәжірибе  компо-

ненттерінің  бірі  болып  табылады.  Олардың  кейбіреулері  мы-

налар:  «жағымды  альтернативті»,  «сүйікті  себептер»,  «шет- 

тер  мен  орталар»  (хабар  ортасы    нашар  сақталады),  т.б.  құбы-

лыстар. 


Жетекшінің  кәсіби  тәжірибесіне  басқару  іс-әрекетінің  аса 

маңызды  реттеуіші  басқарудың  жеке  тұжырымдамасы  негіз-

деледі.  Бұл  –  басқару  әдістері  мен  тәсілдеріне  деген  тұрақты 

көзқарастар  жүйесі,  оның  мақсаттары  мен  міндеттері,  мәнері 

мен қол астындағыларға қоятын талаптары. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет