Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет338/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   677
БОРАНБАЙҰЛЫ  Алпысбай (10. 5.1950 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд. Ақбиік а) - 
ақын,  сықақшы.  Қазақ  аграрлық  университетін  бітірген.  Түлкібас  ауд.  "Ақбиік"  халық 
театрында қызмет  атқарған.  Қазір  шығарм. жұмыста.  "Бастау",  "Жездеме хат",  "Тұрыңыздар, 
сот  келеді",  "Нарықтың  намазы",  "Білесізде,  күлесіз",  "Әдресім  -  базар",  "Не  сатып  жүрсіз?", 
"Пойызда туған махаббат", "Қырық күлкі", "Қызық кітап" және  "Что продаете?", "Мой адрес - 
базар" сықақ кітаптардың авторы.   
 
БОРАНБАЙҰЛЫ  Сейіл  (14.1.  1930  ж.т.,  Қызылорда  обл.  Қазалы  ауд.  Сағындық  а.  - 
19.7.2005.  Қызылорда  қ.)  -  ақын.  Қызылорда  пед.  ин-тін  (қазіргі  "Қызылорда  мемл.  ун-ті") 
бітірген (1953). 1957 ж. Қостанай обл. Жанкелдина. орта мектебінде, Қызылорда обл. Қазалы 
ауд-нда мектепте мұғалім болған. 1957 - 90 ж. Қазалы ауд. "Социалистік жол" ("Ленин туы") 
газетінде  бөлім  меңгерушісі,  жауапты  хатшы,  редакторының  бірінші  орынбасары,  редактор. 
Қызылорда обл. баспасөз басқармасының бастығы, халықар.  "Қазақ тілі" қоғамы Қызылорда 
обл. ұйымының төрағасы қызметтерін атқарған. Тұңғыш балаларға арнал ған өлеңдер жинағы 
"Ұстаз"  1966  ж.  жарық  көрген.  Өлеңдер  топтамасы  "Қазақ  балалар 
ПОЭЗИЯСЫНЫҢ 
антологиясы" 
(1977), "Балалар әдебиегінің хрестоматиясы" (1978) жинақтарына енген. "Қалытқы", "Табиғатқа 
тіл бітсе", "Мырза", "Халқым қалай күн көрер" жыр кітаптарының авторы.   
 
БОСАҚОВ  Жамаладдин(15.5.1918.  Алматы  обл.  Жаркентқ.  -  12.3.1987.  Алматы)  -  жазушы. 
Жаркент пед техникумын (1936). ҚазҰУ-ды (1960) бітірген. Жаркент ауд-нда мектепте мұғалім, 
оқу  ісінің  меңгерушісі,  мектеп  директоры,  ауд.  оқу  бөлімінің  меңгерушісі,  1951  -  87  ж. 
"Жазушы" баспасында ұйғыр бөлімінің меңгеруші қызметтерін атқарған. Алғашқы әңгімелері 
"Достық" жинағына (1952) енген. "Қайнам" (1967), "Назугум" (1980) пьесалары Респ. ұйғыр 
театры  сахнасында  қойылған.  Орыс  жазушылары  М.С.  Бубенновтің  "Ақ  қайың",  Т.З. 
Семушкиннің  "Аласталған  Алитет"  (екінші  кітабы),  И.Т.  Мамякиннің  "Тереңағын",  өзбек 
жазушысы  А.Кадиридің  "Өткен  күндер"  шығармаларын  ұйғыр  тіліне  аударған. 
Шығармалары қазақ, орыс, өзбек, башқұрт тілдеріне аударылған. 
 
БОЯН - 11 ғ-да өмір сүрген ақын. " Игорь жасағы туралы жырда" оқиғаны әділ баяндаушы 
жырау әрі парасатты кейіпкер ретінде суреттеледі. Жыр авторы Игорь жасақтарының қыпшақ 
ауылдарына  шапқыншылық  жасау  кезіндегі  қатыгездігін,  жасақ  басшысының  опасыздығын, 
сол әрекетіне сай тұтқынға түсуін баяндар кезінде Б. жырауға сөз беріп отырады. Соған қарағанда 
Б. - 11 ғ-да қыпшақ даласы мен Киев Русіне танымал тұлға болған.   
 
БӨГДЕ  СӨЗ  -  сөйлегенде  не  жазғанда  баяндап  отырған  мәселеге  байланысты  келтірілген 
басқа  біреудің  сөзі,  пікірі.  Әдеби  шығармада  мұндай  сөздер  белгілі  мақсатпен,  мыс., 
кейіпкердің  сөйлеу  ерекшелігін  аңғарту  үшін  алынуы  мүмкін.  Б.  с-ді  қолданудың  негізгі 
мақсаты  -  баяндап  отырған  мәселе  жөнінде  автордың  өз  пікірі,  пайымдауларының 
дұрыстығын дәлелдеу, соны кеңейтіп көрсету.  Б. с-ді қолдану тәсілі әр түрлі: көп  жағдайда 


басқа  біреудің  сөзі,  пікірі  ешқандай  өзгеріссіз,  түпнұсқасы  сақ-талып,  төл  сөз  түрінде,  кейде 
басқа біреудің пікірі ғана сақталып, түгелдей автордың өз сөзімен берілген төлеу сөз түрінде де 
қолданылады.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет