АБАЙ (Ибраһим) Құнанбайұлы (10.8.1845. қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Қасқабұлақ
жайлауы - 6.7.1904, сонда, Балашақпақ жайлауы, бейіті Жидебайда) - ұлы ақын, философ,
ағартушы, композитор. Ақынның арғы бабасы - Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Айдостан
Ырғызбай, Ырғызбайдан Өскенбай тарайды. Өскенбайдың әйелі - Зереден Құнанбай туады.
Құнанбайдың (1804 - 1885) әйелі - Ұлжаннан Абай дүниеге келеді. А. "Ескітам" қонысында әкесі
ашқан медреседе оқып, ауыл молдасы Ғабитханнан дәріс алған. Әкесі Абайды он жасқа толған соң
Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл оқиды. Медресенің үшінші жылында А. осы
қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Осы жылдары шығыс
классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, т.б. оқыса, екінші жағынан А.С.
Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев,
Н.Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж.Байрон
сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағында
солардың ішіндегі өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударды. Абай 13 жасынан
елдегі әкімш.-билік жұмыстарына араласады. 1875 -78 ж. Қоңыркөкше еліне болыс болады.
1886ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен Семей обл. статистика к-тінің толық мүшесі болып
сайланды. 1885 ж. мамыр айында Шар өз-нің бойындағы Қарамола деген жерде Семей обл-ның
ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей обл-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам
би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға
"Семей қазақгары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін" әзірлеу тапсырылды. А. бастаған
комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етгі. А. үш әйел алған. Бәйбішесі
Ділдәдан (1843-1924) Ақылбай (1861 - 1904), Әбдірахман (1866- 1874), Күлбадан (1863 - 1932).
Әкімбай (1866-1874), Мағауия (1870 - 1904), Райхан (1871 - 1896); екінші әйелі Әйгерімнен
(1856 - 1919) Тұрагұл (1875 - 1974), Мекайыл (1884 -1931), Ізкайіл (1895 - 1929). Кенже (1901 -
1932). барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген
жоқ. А. өлең жазуды он жасында бастаған ("Кім екен деп келіп ем түйе қуған..."). "Сап, сап,
көңілім", "Шәріпке", "Абыралыға", "Жақсылыққа", "Кең жайлау" өлеңдері 1870 - 80 жылдар
аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - "Қансонарда" 1882 ж.
жазылған. Бастан-аяқ динамикалық суреттерден тұратын бұл өлең қазақ әдебиетінде қалыптасқан
дәстүрлі пішімнен өзгеше, ішкі ой иірімдері терең. А. лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан
алғанда көп салалы, көп қырлы болып келеді. Ол қазақ поэзиясындағы тіл кестесіне, сөз
қолдануына да жаңа сипат дарытқан ақын. "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады
аңға", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Жаз" ("Жаздыгүн шілде болғанда"), "Желсіз түнде
жарық ай". "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сұрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем
орным қара жерсіз болмай ма?", "Көк тұман - алдыңдағы келер заман" секілді өлеңдерінің
қай-қайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығарм. жаңалық. А-дың тіпті жылдың төрт мезгілін
суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" ("Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"),
"Жаз" ("Жаздыгүн шілде болғанда"), "Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді
бір топқа жататын өлеңдерінің де әрқайсысы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, құрылысы
жағынан әр түрлі болып шыққан. "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен елде бар болса", "Мәз
болады, болысың" туындылары оның мысқылға шебер ақын екенін дәлелдейді. "Ғылым таппай
мақтанба", "Интернатта оқып жүр" атты өлеңдерінде білім-ғылымды насихаттаудың тамаша
үлгісін көрсетеді. А-дың көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық
стилі еркін, икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды. А. қазақ
поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлық түрлер туғызды.
Қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, А. қазақ поэзиясы
мен музыкасына жаңа үлгілер енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалық
мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін, әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді
биік сапаға көтеріп, жаңа үлгіде қалыптастырды. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтовтың
шығармаларын шеберлікпен аударып, "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар",
"Теректің сыйы", "Асау той, тентек жиын, опыр-топыр", "Жартас", "Өзіңе сенбе, жас ойшыл",
"Альбомға" өлеңдерін қазақтың төл туындысынша сөйлетті. А. - мысал өлеңдердің де шебері.
Атақты орыс мысалшысы Крыловтың мысалдарын қазақ халқына алғаш жеткізуші. А. "Масғұт",
"Ескендір", "Әзім" поэмаларын жазған. Олардың үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке
қүрылған. Бүларға қоса, ол Лермонтовтың "Вадим" атты көлемді прозалық шығармасын және
"Демон" поэмасын өлеңмен аударған. Бұл екі аудармасы мен "Әзім" поэмасы біз - Оның қара
сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді.
Кейіннен, А-дың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. А.
музыка саласында да мол мұра қалдырып, қазақтың муз. өнерін дамытты. Қазіргі уақытта
ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген. А. әндерінің бір саласы тек өз шығарм-ғына ғана
тән өлең өлшемдеріне сай соны ырғақпен өріс табады. "Сегіз аяқ", "Бойы бұлғаң", "Көзімнің
қарасындағы" 4, 5. 6. 8 буынды өлең өлшемдеріне орай, олардың әні де халық музыкасында
кездеспейтін өзгеше сазға құрылады. А-дың қазақ әдебиетті жаңа ой орамымен байытты.
Пушкиннің"Евгений Онегинінен" бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, "Татьянаның хаты",
"Ленскийдің сөзі" атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір
жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы", "Асау той, тентек жиын,
опыр-топыр", "Жартас", "Өзіңе сенбе, жас ойшыл", "Альбомға " өлеңдерін өазақтың төл
туындысынша сөйлетті. А. - мысал өлеңдердің де шебері. Атақты орыс мысалшысы Крыловтың
қазақ халқына алғаш жеткізуші. А. "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" поэмаларын жазған. Олардың
үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке құрылған. Бұларға қоса, ол Лермонтовтың "Вадим"
атты көлемді прозалық шығармасын және "Демон" поэмасын өлеңмен аударған. Бұл екі
аудармасы мен "Әзім" поэмасы бізге толық жетпеген. А-дың филос. көркемдік, әлеум.
гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың кара сөздері
(ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық
дүниетанымын даралап көрсететін юіас-сикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы
саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын А-дың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта
жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан
өзгешелеу, ауқымды болып келеді. А. өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар
аударып қана қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. А-дың қара сөздеріндегі
гуманистік, ағартушылық, әлеум. ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ
халқының филос. тұжырымдамасын құрайды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж.
Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, А-дың қара сөздері орыс,
қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. А. музыка саласында да мол мұра
қалдырып, қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген. А. әндерінің бір
саласы тек өз шығармашылығына ғана тән өлең өлшемдеріне сай соны ырғақпен өріс
табады. "Сегіз аяқ", "Бойы бұлғаң", "Көзімнің қарасындағы" 4,5,6,8 буынды өлең
өлшемдеріне орай, олардың әні де халық музыкасында кездеспейтін өзгеше сазға құрылады.
А-дың "Сұрғылт тұман", "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын", "Өлсем орным қара жер...", т.б.
әндері - қазақтың ән творчествосында жаңалық ашқан шығармалар. Елімізде ұлы ақынға
жасалған құрмет ерекше. А. атында Қарағанды обл-нда қала (1997). Шығ. Қазақстан обл-нда
(1928) аудан, Семейде (1940), Қарқаралыда, Жидебайда (1945) әдеби-мемор. мұражайлар бар.
А-дың әдеби мұрасын студент жастарға тереңдей таныстыру мен оның шығармаларын ғыл.
тұрғыда зерттеу мақсатында 1969 ж. ҚазҰПУ- дың (бұрынғы ҚазПИ-дің) қазақ әдебиет
кафедрасы жанынан Абай кабинеті ашылған. Алматы, т.б. қалалардағы театрларға, көшелерге ақын
аты берілген. Абай атында шың(1932), асу, мұздық(1947) бар. Абай қоры жұмыс істейді.
Фильмдер, көркем шығармалар, зерттеулер жазылған. Қазақтың классик жазушысы М.Әуезовтің
әлемге белгілі шығармасы - "Абай жолы" ұлы ақынға арналған. Ақын тұлғасы өзге де көркемөнер
туындыларына өзек болды.
"АБАЙ" - ұлы ақын Абайдың өмірі мен ақындық жолы жүйеленіп баяндалған энциклопедия.
Таралымы 100 мың дана, онда 1631 мақала енген. Көлемі 120 авторлық б. т. Бұл басылым Қазақстан
үкіметінің 1990 ж. 22 ақпандағы "Абай (Ибрагим) Құнанбайұлыныңың туғанына 150 жыл
толуына әзірлік және оны өткізу туралы" қаулысына сәйкес шығарылды. 1995 ж. "Атамұра"
баспасынан қазақ тілінде жарық көрді. Энциклопедияда ақынның шығармалары мен аударма
туындылары, қара сөздері мен тарихи-зерттеу мақалалары, сондай-ақ, Абайдың өмір жолы мен
ортасы, ұстаздары мен шәкірттері, ата тегі, кейінгі ұрпақтары, шығармаларындағы жер-су
атаулары жайында жүйелі мағлұматтар бар. Ақынның шығармаларына зерттеулер жүргізген
ғалымдар туралы, өлеңдерін аударған шетелдіктер туралы деректер де кездеседі. Сонымен қатар
жеке ғыл.-зерт. еңбектерге анықтама берілген. Кітапты дайындауға көрнекті ғалымдар мен
абайтанушылар, шетелдік авторлар тартылған.
"АБАЙ" - әдеби журнал. Семейде 1918 ж. ақпан-қазан айларында алашордашыл қазақ
жастарының ұйымдастыруымен шығып тұрды. Небәрі 11 саны жарық көрді. Журналды шығаруды
қолға алып, алғаш редакторы болған Ж.Аймауытов, Журнал жұмысына М.Әуезов белсене ат
салысты. Журнал Абай шығармаларын ұдайы насихатгап, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті,
өнері мен тарихы туралы мәселелерді көтерді. Журналда Мадиярдың (Аймауытов пен Әуезов)
"Абайдан соңғы ақындар", Жас түріктің (Аймауытов) "Қайтсек адам боламыз?" мақалалары,
М.Жұмабаевтың "Күзді күні" өлеңдері, мақалалары, т.б. елеулі еңбектер жарияланды. "А." журналы
Семей қ-нда 1992 жылдан қайта шыға бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |