журналист. 20 ғ-дың басындағы саяси төңкерістер құрбаны. Ұлты татар. Өз әкесі Ғарапша
Мұхаммедшәріпұлы 1879 ж. Сергиополь (Аягөз) қ-нда ашқан медреседе білім алып, 1905 - 12 ж.
Қазан қ-нда оқыған. 1912 жылдан Сергиопольде мұғалім болып қызмет етеді. Қазақ ауыз әдебиеті
үлгілерін жинап, қазақ, татар, орыс тілдерінде шығатын басылымдарға мақалалар жариялап
тұрған. "Айқап" журналына қазақтардың шаруашылығы, мәдени өмірі, тарихы туралы 15-ке жуық
мақала жариялаған. 1-дүниежүз. соғыс басталысымен Ғ. әскери қызметке алынады. 1915 ж.
жауынгерлер арасында рев. үгіт-насихат жүргізді деп айыпталуына байланысты әскерден қашып,
Бішкек, Әулиеата, Шымкент қ-ларын паналайды. Кейін Кавказға өтіп кетеді. 1916ж. Верный
(Алматы) қ-на оралып, мұнда газет-журналдарға "Аягузи" деген лақап атпен мақалалар жариялап
тұрған. 1917 ж. Семей қ-нда әдеби-драмалық үйірме ұйымдастырған. 1918 ж. Верныйда шығатын
"Вестник Джетысуйского трудового народа", "Мұқбір", "Заря свободы" газеттерінің
редакциясында қызмет еткен. 1918 ж. 19 маусымда ақ гвардияшылармен болған шайқаста қолға
түсіп, азапталып өлтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: