Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет425/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   677
ДРАМАТУРГИЯ - (грек.dramaturgia) - қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір 
дәуір  мен  кезеңдегі  драмалық  шығармаларының  жиынтығы.  Драм.  шығармалардың  алғашқы 
үлгілері  Ежелгі  Грекияда  діни  дәстүрлерден  (Дионис  құдайға  табынудан)  басталған.  Олардың 
сюжетінің  негізін  құдайлар  мен  мифтік  кейіпкерлер  құрады.  Қазақ  сөз  өнерінде  Д.  20  ғ-дың 
басында  қалыптасты.  Қазақ  жастары  ұйымдастырған  әдебиет,  ойын-сауық  кештері  ұлттық 
сахналық  өнер  мен  Д-ның  бастамасы  болды.  Бұлардың  тәжірибелері  отандық  Д-ның  пайда 
болуына, ұлттық драм. шығармалардың жазылуына ықпал жасады. Қазақстанның әр түкпіріндегі 
алғашқы  сахналық  талпыныстар  Қазан  төңкерісімен  ілесе,  ұлттық  Д-ның  дүниеге  келуіне  негіз 
болды.  1915  ж.  Қ.Тоғысовтың  "Надандық  құрбаны"  драмасы  жеке  кітап  болып  Уфада  басылып 
шықты.  Төңкеріс  қарсаңында  және  одан  кейін  Ж.  Аймауытов,  М.Дулатов,  Қ.  Кемеңгеров,  М. 
Әуезов,  С.  Сейфуллин,  Ж.Шанин,  т.б-дың  алғашқы  драм.  шығармалары  ұлттық  Д.  жанрының 
негізін қалады. Еур. үлгідегі Д-ның қыры мен сырын меңгеруге қазақ топырағында алғаш рет ден 
қойған  Ж.Аймауытов.  Оның  тұңғыш  үш  пьесасы  ("Рәбиға",  "Мансапқорлар",  "Қанапия  - 
Шәрбану")  1916-17  ж„  ал  "Ел  қорғаны",  "Шернияз",  "Сылаң  қыз"  1920  -  25  жылдар  ішінде 
жазылған.  С.Сейфуллиннің  "Бақыт  жолында",  "  Қызыл  сұңқарлар"  пьесаларында,  Шаниннің 
"Шахта"  пьесасында  драмаға  лайықты  сипат  сақталған.  20  ғ-дың  20-жылдарындағы  отандық 
Д-да  әйел  бостандығы  мен  теңдігі  басты  тақырыпқа  айналды.  Солардың  бірі  1926  ж. 
Кемеңгеровтің  "Алтын  сақина"  мен  "Ескі  оқу"  пьесалары  Қазақ  драма  театрының  сахнасында 
қойылды.  Театрдың  алғашқы  жылдардағы  репертуарынан  Б.Майлиннің  шағын  комедиялары, 
Ж.Тілепбергеновтің  "Сүйіскендер",  "Перизат-  Рамазан",  Р.Малабаевтың  "Үй  тұтқындары", 
"Ғұрып күні", С.Аблановтың "Күндеспейтін қатын", А.Тоқмаганбетовтың "Екі заң", т.б пьесалары 
орын алды. Бұлардың ішінде театр репертуарында ұзақ сақталғаны  - "Перизат  - Рамазан" және 
А.Оспанов  пен  Е.Өтеулиннің  "Зарлығы".  20  ғ-дың  20  -  30-жылдарындағы  Д-да  трагедия 
жанрының  дамуы  айқын  көрініс  берді.  Олардың  көбісі  тарихи-эпостық  жырлардың  негізінде 
жазылған.  Театр  репертуарынан берік орын  алған Шаниннің  "Арқалық батыры" 1924  ж. жеке 
кітап  болып  басылып  шықты."  Арқалық  батыр"  трагедиясы  -  отандық  Д-дағы  фольклорлық 
материалды  игерудің тұңғыш қадамы. Шаниннің  бірнеше  шағын  комедиялық  шығармалары  да 
сахнаға  шықты.  Олар  -  "Торсықбай",  мен  "Айдарбек",  бұлардың  сюжеттерінің  желісі  -ауыз 
әдебиетінің негізіне құрылған, қазақтың әйгілі әзілкештерінің төңірегінен өрбитін аңыз-әңгімелер 
мен  олардың  күлдіргі  әрекеттері.  Комедия  жанрына  ерекше  көңіл  аударып,  негізін 
қалаушылардың  бірі  -  Майлиннің  "Шаншар  молда",  "Ел    мектебі",  "Неке    қияр",  "Айша", 
"Сәлде", "Көзілдірік", т.б. шығармалары театр мен үйірмелердің репертуарынан берік орын алды. 
Бұларда комедияның шағын үлгілері - скетч, водевилге тән түрлері кездеседі. Ұлттық Д-ның дамуы 
мен  қалыптасуына  ерекше  еңбек  сіңірген  ұлы  қаламгер  Әуезов  20  ғ-дың  20-жыл-дары  "Еңлік  - 
Кебек", "Ел ағасы", "Бәйбіше - тоқал", "Қарагөз" пьесаларын жазып, сахнаға шығарды. Бұлардың 
барлығында  да  өткен  замандағы  қоғамның  әлеум.  қайшылықтарын  суреттеп,  сан  қилы 
кейіпкерлердің  қайталанбас  бейнелерін  жасады.  Бірнеше  өңдеу  мен  жөндеулерден  кейін 
ұлттық Д-ның қайталанбас көркем, классик. дүниесіне айналды, түпнұсқасы 1923 ж. жеке кітап 
болып басылып шықты. 20-жылдардағы Д-ның көркемдік шоқтығы биігі "Қарагөз" - махаббат 
пен  жеке  бастың  бостандығы  жолындағы  күресті  суреттейтін  шығарма.  Трагедия  ауыз 
әдебиетінен ұтымды пайдаланған "жар-жар", беташар, айтыс және басқа өлең-жырлар ерекше 
көрік,  поэтикалық  мазмұн  береді.  Қазақстан  топырағында  өтіп  жатқан  күрделі  де  сан  қиялы 


саяси-әлеум.  құбылыстарды  бейнелеп,  өткір  тартысқа,  жаңа  тіршілік  жолындағы  айқасқа 
құрылған  Майлиннің  "Майдан",  Ғ.Мүсіреповпен  бірігіп  жазған  "Амангелді",  І.Жансүгіровтің 
"Кек", "Түрксіб", "Біздің жігітгер",    Әуезовтің "Түнгі сарын", т.б. пьесалары жазылып, сахнада 
қойылды.  Бүлардың  кейбіреулері  партиялық  идеологияға  ыңғайлап  жазылғанымен,  тарихи 
шындық арқауы үзілмей, шынайы бейнелеу тапқан. 20 ғ-дың 40 - 50 жылдары ұлттық Д. жаңа 
белеске  көтерілді.  Бүрынғы  тарихи-күрескерлік  тақырып  М.Ақынжановтың  ""Исатай  - 
Махамбет",  С.Мұқановтың  "Күрес  күндерінде",  Әуезов  пен  Ә.Тәжібаевтың  "Ақ  қайың", 
Әуезовтің "Абай" трагедияларында жалғасын тапты. Ұлы Абайдың өмірі мен қазақ халқының 
өткен  ғасырлардағы  әлеум.  болмысын  суреттейтін  "Абай"  трагедиясы  отандық  Д-ның 
көркемдік  қуатының  молдығын  көрсетіп  берді.  Сондай-ақ,  Әуезовтің  "Қара  қыпшақ 
Қобы-ланды", Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" пьесалары күрделі өзіндік ерекшелігін 
меңгерудің  үлгісіне  айналды.  "Қара  қыпшақ  Қобыланды"  драмасы  сахнада  халқымыздың 
бостандық  жолындағы  күресін  бейнелейтін  қаһармандық  тақырыпты  орнықтырды.  "  Қозы 
Көрпеш-  Баян  сұлу"  -  отандық  Д-да  махаббат  тақырыбын  әлемдік  үлгі  дәрежесіне  көтерген 
күрделі  пьеса.  Осы  жылдары  күнделікті  тірліктің  маңызды  мәселелерін  қозғаған 
Ш.Құсайыновтың  "Марабай",  аңыз-ертегінің  негізінде  жазылған  "Алдар-көсе  комедиясы 
жарық көрді. Қазақ халқының әр кезеңдегі ұлы қайраткерлеріне арналған Мүсіреповтің "Ақан 
сері  -  Ақтоқты",  Ақынжановтың  "Ыбырай  Алтынсарин",  Мұқановтың  "Шоқан  Уәлиханов", 
Тәжібаевтың "Майра" пьесалары отандық Д-ның ірі жетістіктері болды. 2-дүниежүз. соғысы 
мен одан кейінгі кезеңдегі өмір болмысын суреттейтін Әуезовтің "Сын сағатта", Ә.Әбішевпен 
бірігіп жазған "Намыс гвардиясы", Әбішевтің "Достық пен махаббат" пьесалары халқымыздың 
басына  түскен  ауыр  кезеңдерді  бейнелейді.  20  ғ-дың  60  -  70-жылдары  Д.  еліміз  өміріндегі 
елеулі әлеум. мәселелерді көтерген тың шығармалармен толықты. Осы кезеңде қазақ Д-сына өз 
қолтаңбалары бар Қ. Мұқамеджанов, Қ. Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев, Т. Ахтанов, С. Аянбеков, С. 
Жүнісов,  Ә.  Тарази  (Ә.Әшімов),  т.б.  бір  топ  драматургтер  келіп  қосылды.  Д.  басқа 
жанрлармен  бірге  комедиялық  шығармалар  театр  репертуарларынан  берік  орын  алды. 
Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік  астында", Құдағи келіпті", "Қуырдақ дайын", "Өзіме де 
сол керек", Байсейітов пен Шаңғытбаевтың "Беу, қыздар-ай", "Ой жігіттер-ай!", Ахтановтың 
"Сәуле",  Әбішевтің  "Армандастар",  "Нұрлы  жаңбыр",    Жцнісовтің    "Ажар  мен  ажал", 
Таразидің "Күлмейтін комедия", т.б. шығармалар жазылып, сахнада қойылды. 20 ғ-дың 70 - 
80-жылдары  қазақ  драматургтерінің  қатары  О.Бөкеев,  Н.Оразалин,  Б.Мұқаев,  О.Бодықова, 
Д.Исабеков,  А..Сүлейменов, Т.Әбдіков, И.Оразбаев, С.Бағгабаев  және т.б. жаңа  таланттармен 
толықты.  Бұлардың  шығармаларында  өз  замандастарының  ой-арманы,  өмірлік  көзқарасы 
терең бейнеленді. Бөкеевтің "Құлыным менің", "Текетірес", Оразалиннің "Шырақ жанған тун", 
"Таскиіктер",  Ысқақовтың  "Таңғы  жаңғырық",  Мұқаевтың  "Қош  бол  менің  ертегім", 
Исабековтің "Әпке", "Мұрагерлер", Сүлейменовтің "Қыздай жесір штат қысқарту", "Жетінші 
палата", "Кек", т.б. шығармалар отандық Д-ны әр қырынан байытқан елеулі туындылар ретінде 
бағаланды. Қазақстан Республикасы  тәуелсіз  мемлекетке  айналған  соң  бұрын  айтуға, жазып 
жариялауға жабық болып келген көптеген тарихи құбылыстар, ұлттың мақтанышы болған ұлы 
қайраткерлер өмірі мен қызметі драм. шығармалар арқауына айнала бастады. Ысқақовтың "Жан 
қимақ", Оразбаевтың "Шыңғыс хан", "Естайдың қорланы", С.Сматаевтың "Той үстінде топалаң", 
Б.Әбілдаұлының  "Төлеби",  О.Дастановтың  "Әзірет  Сұлтан",  А  Бекбосыновтың  "Соңғы  сезім", 
Таразидің  "Алатау  сьшды  алабым",  М.  Байсеркеновтың  "Абылай  ханның  ақырғы  күндері", 
Ә.Кекілбаевтың  "Абылай  хан",  Шахимарденнің  "Томирис"  пьесаларында  халқымыздың 
басынан кешкен сан қиялы тағдыры тарихи дәлдікпен, ерекше көркемдік қуатпен бейнеленген. 
Ал  Сүлейменов  пен  Мұқаевтың"3аман-ақыр",  Р.Мұқанованың  "Мәңгілік  бала  бейне" 
пьесалары  экология  тақырыбын,  әлемге  әйгілі  болған  Семей  полигонының  қазақ  халқына 
әкелген трагедиясын суреттейді.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет