'ЕРМЕК БАТЫР" - жыр. Еңлік пен Кебектен қалған бала Ермектің ер жеткен соң
ата-анасының кегін қалай алғаны жайлы халық қиялынан туған оқиғаға құрылған. Бірнеше
нұсқасы бар. Жырдың барлық нұсқаларының мазмұны ұқсас, кіріспе бөлімі, көбінесе батырлық
жырлардағыдай, Ермектің балалармен ойнап жүріп, тентектік жасаумен, ата-анасының
зұлымдықпен өлтірілгендігі жайлы естіп, кек алуға аттанғандығымен басталады да, жас батырдың
әке-шешесін өлтірген жақты қырғынға ұшыратып, дастан соңында батыр мақсатына жетеді. Ермек
бұл жерде ата-ана кегін алу үшін ғана күрес жүргізеді. Дастанда негізгі сюжетгік желі - ру
таласынан туған зұлымдық әшкереленуге құрылған. Жыр нұсқалары Орталық ғылыми
кітапхананың қолжазба қоры мен Әдебиет және өнер институты қол-жазба және мәтінтану
бөлімінде сақтаулы.