"ЕРІК ТІЛІ" - бұрынғы Орал обл. Жымпиты уезінің газеті. 1920 жылғы қарашадан 1923
жылғы наурыз айына дейін апта сайын шығып тұрған. Таралымы 500-600 дана. Газет
жергілікті халыққа ашаршылықтан соң әлеум.-шаруашылық жұмыстарын жүргізу жөнінде
ақыл-кеңес беру, жөн-жоба көрсету мақсатын көздеген. Сондай-ақ аудандағы кеңестік құрылыс
жұмысын, "жаңа экономикалық саясатты" және қосшы ұйымдарының, кооперативтендірудің
мәні мен пайдасын түсіндірген. Ел ішіндегі асыра сілтеушілікке, өктемдікке, барымтаға, пара
алуға, т.б. ұнамсыз қылықтарға, ауыл белсенділерінің жолсыздықтарына қарсы күрес
жүргізген.