Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет534/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   530   531   532   533   534   535   536   537   ...   677
ЖАМБЫЛ  МҰРАЖАЙЫ  -  Ж.Жабаевтың  өмірі  мен  шығармашылығына  арналған 
әдеби-мемориалдық  мұражай  үйі.  Алматы  обл.  Жамбыл  ауд-ндағы  Жамбыл  а-нда  орналасқан. 


Ақынның  1938  -  45  ж.  тұрған  үйінде  1947  ж.  мамыр  айында  ашылды,  12  бөлмесі  бар.  Алғашқы 
бөлме  Жамбылдың  ұстазы  Сүйінбайға  арналған.  1916  жылғы  көтеріліс  тарихын,  Жамбыл 
шығарм-ғын баяндайтын бөлмеде Х.Наурызбаевтың "Амангелді Иманов" атты мүсіні және 1913 
ж.  Жамбылдың  ақындар  арасында  түскен  тарихи  суреті  тұр.  1919  ж.  мамыр  -  маусымда  өткен 
ақындар мен күйшілердің слеті жөніндегі материалдардың фотокөшірмелері, Верныйдағы сол слет 
өткізілген үйдің суреті, ақынның жаңа шығарм-ғымен таныстыратын материалдар қойылған. 1934 
ж.  қазақ  ұлттық  өнер  шеберлерінің  тұңғыш  респ.  слетіндегі,  1936  ж.  айтыскер  ақындардың 
2-слетіндегі Жамбылдың суырыпсалма ақындығы оқшау көрінген тұстарына қатысты материалдар 
да қойылған. Ж. м-ның ауқымды бөлімдерінің  бірі Жамбылдың Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен 
мәдениетінің  он  күндігіне  қатысуына  арналған.  Мұражайдағы  Мәскеу  онкүндігіне  арналған 
экспозицияда 
Жамбылдың 
С.Мұқановпен, 
К.Байсейітовамен, 
Т.Жароковпен 
және 
колхозшылармен,  мемлекет  қайраткерлерімен  кездесулерінен  фотосуреттер  қойылған. 
Жамбылдың  Қазақ  КСР-інің  1-шақырылған  Жоғ.  Кеңесінің  депутаты,  Кеңестердің 
бүкілқазақстандық төтенше 10-съезінің делегаты болғандығына толтырылған мандаттар, ақынның 
ең алғашқы наградасы - Еңбек Қызыл Ту ордені, М.Соволевтің "М.ІІ. Калинин Жамбылға орден 
тапсырып  тұр"  деген  картинасы  да  осында  тұр.  Жамбылдың  шығарм.  қызметінің  75  жылдық 
мерекесін тойлау жөніндегі бөлімде елдің түкпір-түкпірінен  және көптеген шет елдерден "халық 
поэзиясының ақсақалына" жіберілген құттықтау жеделхаттар мен хаттардың фотокөшірмелері, 
сондай-ақ, КСРО Жоғ. Кеңесі Президиумы оны Ленин орденімен марапатталғаны туралы 1938 ж. 
19  маусымдағы  Жарлығы,  той  иесіне  тапсырылған  адресаттар,  фотоальбомдар,  сый-сыяпаттар 
қойылған.  Көркем  әдебиетті  дамытудағы  аса  көрнекті  табыстары  үшін  марапатталған  52 
ақын-жазушының ішінде Жамбылдың "Құрмет белгісі" орденімен марапатталғаны туралы 1939 
ж. 31 қаңтардағы жарлықтың фотокөшірмесі де, 1941 жылдың наурызында берілген Мемл. сыйл. 
лауреатының дипломы да осы тұсқа қойылған. Мұражайдың Отанды қорғауға арналған бөлімінде 
"Ленинградтық өренім" өлеңі, плакаттар, бұған қоса қарт Жамбылға алғыс сезіміне тола жазылған 
майданда жүрген жауынгерлердің сарғайған хаттары да тұр. Ақын есіміне деген сый-құрметтің 
белгісі  ретінде  Ленинградтың  250  жылдығына  арналған  медаль  да  осында  қойылған.  Келесі 
бөлмеде  Жамбыл  мүрасын  зерттеуші,  жамбылтанушылардың  шығармалары  бар.  М.Әуезов, 
С.Мұқанов, С.Садырбаев бұл салада үлкен еңбек сіңірген. Ж. м-нда Жамбылдың шет ел тілдерінде 
басылған  кітаптары,  ақынның  ізбасарлары  -  К.Әзірбаевтың,  Ү  .Кәрібаевтың,  Н.Байғаниннің, 
И.Байзақовтың, т.б. суреттері, Жамбылдың әдеби хатшылары  - Т.Жароков, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов 
сияқты көрнекті ақындардың суреттері, түрлі құжаттар тұр. Үйдің ортасындағы ас үй - кезінде 
қазақ  қонақжайлылығының  куәгері  болғаны  анық.  Үйдің  сол  жақ  қанатындағы  бұрышта  - 
ақынның  өз  бөлмесі.  Бұл  шағын  ғана  бөлме,  үстел,  кресло,  радиоқабылдағыш,  орыс,  қазақ 
тілдерінен жиналған кішігірім кітапхана, 7 сағат 55 минутгы көрсетіп, тоқгап қалған қабырға 
сағаты  (1945  ж.  22  маусым  күні  ақын  жүрегінің  тоқтаған  уақыты).  Бүған  жапсарлас, 
терезелері  тері-скейге  қараған  бөлме  -  ақынның  ұйықтайтын  бөлмесі.  Бұл  бөлме  Жамбыл 
дүниеден  қайтқан  сәттен  ешбір  өзгермеген.  Есіктің  оң  жағында  киім  ілінген  шкаф  тұр. 
Бұрышты - ағаштан қиып жасалған шифонер. Терезе аралығында алдында күнделікті тұрмысқа 
керекті заттар қойылған айна тұр. Қымыз құятын торсық, ақынның асатаяғы, күлсауыт және 
оның  өмірлік  серігі  болған  көне  домбыра.  Ұлы  Жамбылдың  туғанына  150  жыл  толар 
қарсаңына  Ж.  м.  толық  жаңартылып,  қайта  салынған.  Жаңа  салынған  конференц  залда 
Жамбылдың 150 жылдық мерейтойын тойлау рәсімдеріне байланысты мұражайға ескерткіш - 
сыйға берілген құжат, тарту-таралғылар, сурет, т.б. көрмесі қойылған. Мұражай үйінің қасында 
ақын кесенесі бар.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   530   531   532   533   534   535   536   537   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет