"ЖАРШЫ" - ұлттық қоғамдық-саяси журнал. Алғашқы саны 1929 ж. жарық көрген. Алғашқы
редакторы - І.Қайымов. Журнал оқырман қауымды латын әліпбиіне жаттықтыруды мақсат еткен.
Көбінесе. сыни, сықақ материалдар жариялап тұрған. 1930 жылдың маусым айынан "Ж.".
"Қазақстан" баспасының құрамына қосылып, редакторы Б.Майлин болған. 1931 жылдың соңында
жабылған.
ЖАРЫЛҒАПБЕРДІ Жұмабайұлы (1851. Павлодар обл. Баянауыл ауд. - 1914. сонда) - әнші.
композитор. ақын. Шығыс поэзиясын жақсы меңгерген. Ел арасында жыр. қиссаларды жатқа
айтып. Біржан салды ұстаз тұтқан. Ол шырқаған "Топайкөк" әні ел ішіне кең тараған. Ж-нің халық
жадында тек" Шұбартау", "Шама", "Қаракөз", "Ардақ" әндері сақталған. Бұл әндерді Балабек пен
Сапарбай Ержановтар, Қ.Байжанов, Ғ.Айтбаев орындап, бүгінгі ұрпаққа жеткізді. "Азаң" әнін А.В.
Затаевич "музыка өнеріндегі құнды олжа" десе, А.Жұбанов Ж-ні "Ұлттық ән өнерінің ірі өкілі" деп
бағалаған.