"ЖОШЫ - АЛАША ХАН" - дастан. Еш жерде жарияланбаған. Авторы - Семей обл.
Шұбартау ауд-нда тұрған әрі ақын, әрі әнші У.Мейірманұлы. Шығарманы семейлік
Ә.Сыпанұлы деген кісі жинап, Орт. ғыл. кітапхана қорына тапсырған. Дастанда Алаша ханның
баласы Жошының аң аулауға шыққанда қаза табуы, бұл қазаны Тыма деген күйшінің естіртіп,
ханның домбыраны сындыруы, қайғыдан бас көтермеген ханның елден безіп, оны Тыма
күйшінің қайта оралуға көндіруі, содан кейін Алаша ханның қалың құланды қыруы жөнінде
оқиғалар баяндалады. Жырдың оқиға желісі тартымды. Дастан 11 буынды қара өлеңмен
жазылған.