Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


КІТАБИ ТІЛ РЕҢКІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР



Pdf көрінісі
бет44/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70
КІТАБИ ТІЛ РЕҢКІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Кітаби реңктегі фразеологизмдерге паш етті, шалқар шабыт, тарих
сахнасына шықты, баянды бейбітшілік, алғы шепте, тартылыс заңы,
ақ халатты абзал жан, өмір майталмандары, болат жол, т.б. жатады.
Кітаби тіл реңкіндегі фразеологизмдер тек жазба тілде ғана
қолданылмайды, сонымен қатар ауызекі тілде де (шаршы топтағы сөз,
радио телевизия хабарлары тілінде, т.б.) жұмсалып, сөзге көтеріңкі,
салтанатты немесе интеллектуалды сипат береді. Фразеологизмдердің
мұндай экспрессиялық-стильдік топтарына қатысты сөздерді тұрмыс
жағдайындағы сөйлеу тіліне араластыру сөздің шырқын бұзады. Сөйлеу
тілін табиғи реңкінен айырып, жасанды көрсетеді. Көркем проза тілінде,
әсіресе диалогте, мөлшерден тыс көп қолданылса, кейіпкер сөзі құлаққа
нанымсыз естіледі, жазушы ділмарсып кеткендей көрінеді. Әр
кейіпкердің іс әрекетіне орай сөйлеген сөзі де оларды бір-бірінен
өзгешелеп тұрады. Ұлы суреткер М.Әуезовтың «Дос-бедел досында»
(М.Әуезов. Шығармалар. 10 т. 1969, 429-484 б.) кейіпкердің тілдік
мінездемесі әртүрлі. Жазушы әр кейіпкерді өз мінезіне, өз әрекетіне
лайық нанымды сөйлетеді. Бедел терең пайыммен, толғамды оймен сөз
айтса, Жаппас байбаламшыл, жала жауып, күйе жағып сөйлейтін, дөрекі
тілді, домбытпа сөзді. Жазушы кейіпкерлер тілін бұлайша даралаумен
шектелмей, шығарманың композициялық иініне орай, өзге стильдік
арналардан да бояу тартып, шындықты өз өңімен, шын сырымен шебер
өрнектейді. 
Кеңес дәуірі кезіндегі социалистік мәдениет, тарихи диалектизм,
тарихтық документ, коммунистік тәрбие, маркстік-лениндік ілім, т.б.
кейіпкер тілінің интеллектуалдық сипатына тән бояуды аша түссе,
революцияның нұр күні тоңдарды жібітіп, мұздарды ерітіп отыр,
78


адамзат көктемін әкелгені кәне... тәрізді афоризм публицистикалық
қолданысқа тән реңк үстейді. Ал құттықтау телеграмдар, жолдас
ғылыми кеңестің бастығы, күн тәртібіндегі мәселе, т.б. ресми сипатты
танытатын функционалдық-стильдік бояулар. 
Дүнияуи, жаһил, мағлум, мәтбуғат, мәсжид, мужтаһид, тауарих,
уәзифа, шәһәр, һәмәндә, т.б. сөздерді жазушы кейіпкерлер аузына
кездейсоқ салып отырған жоқ, мұндайлар кейіпкер сөзіне ескіше өң
беретін тілдік маскалар. Орфографиялық қағидадан әдейі ауытқи
отырып, жазушы көнелік реңкті графикалық тәсілмен де беріп отырады:
ғауым-қауым, хазір-қазір, хиянат-қиянат, фиғыл-пиғыл, шарафат-
шарапат, әлбеттә-әлбетте т.б.
Саналы түрде, көркемдік мақсатқа орай алынған мұндай бөгде
стильдік элементтер оқиғаның қай дәуір, қандай әлеуметтік ортада өтіп
жатқанын, соған тән бояуларды көрсетеді. Кейіпкер тіліне әлеуметтік-
типологиялық мінездеме береді. Суреткер бөгде стильдік элементтерді
таза коммуникациялық мақсатта жұмсамай, эстетикалық қызметке
жеккен. Жазушының стиль тезіне түскен (стилизацияланған) мұндай
қолданыстар өзге сөздермен «тіл табысып» барып, шығарма тілінің
көркемдік кестесін құрайды.
Қазіргі тілімізде толып жатқан жарыспалы сөздер бар: байымда –
пайымда, нысан – нышан, қария – кәрия, т.б. Бұл – кемшілік емес, тілдің
жаңғырып, қайта түлеп отыруының бір белгісі. Өлі тілде ғана ондай
тіршілік нысаны болмайды. Халал – адал, харам – арам, дұспан –
дұшпан, мақсұт – мақсат тәрізді варианттар бір кезде жарыса
қолданылған. Бұл сыңарлардың ескі кітаби тіл реңіндегі алдыңғылары
тіл майданынан ығысып, соңғылары әдеби тіл нормасы ретінде
қалыптасқандығы ешбір дау туғызбайды. Әдеби тіл межесінен тысқары
қалған мұндай көне кітаби элементтерді кейде қаламгерлеріміз көркем
тіл кәдесіне жаратып отырады.
– Жол ұзақ, ұйқы ашар болсын деп ойлап ем, ғайыпқа бұйырмаңыз,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет