1
1
Қарақалпақ мемлекеттік университеті
Өзбек филологиясы факультеті
Түркі филологиясы кафедрасы
Ф Р А З Е О Л О Г И Я
(лекция)
Дайындаған: Адилова Г.
НӨКІС-2008
2
2
КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ЗЕРТТЕУ ОБЬЕКТІСІ
Жоспары:
1. Фразеология туралы түсінік
2. Фразеологизмдерге тəн басты белгілер
3. Фразеологизмдердің зерттелу тарихы.
Тірек сөздер: Қазақ фразеологиясы дербес пəн, фразеологизмдердің үш
түрлі басты белгісі, даяр қалпында жұмсалуы, мағына тұтастығы, тіркес
тиянақтылығы, қазақ фразеологиясының зерттелуіндегі І.Кеңесбаевтың еңбегі.
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады.
Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы
деген ұғымда қолданылады. Екіншісі- бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас
жиынтығы дегенді білдіреді.
Тіл арқылы қатынас жасау процесінде сөздер, əдетте, жеке дара күйінде
емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады. Сөздердің тілдің грамматикалық
заңдарына орайласып, емін-еркін тіркесуінен синтаксистік единицалар-ерікті
сөз тіркесі мен сөйлемдер жасалады. Сөздердің жалпы тіркесі мен синтаксистік
сөз тіркесі сөздердің бір-бірімен емін-еркін тіркесуінен жасалады. Бірақ сөздер
бір-бірімен жапа-тармағай тіркесе бермейді, мағыналарының үйлесімділігі
болғанда ғана, тіркесіп жұмсалады.
Сөздердің еркін тіркесіне сырттай ұқсас, бірақ іштей, яғни тілдік табиғаты
жағынан, оған қарама-қарсы қойылатын оймақ ауыз, жүрек жұтқан, жүрегі
тас төбесіне шығу тəрізді тіркестер бар. Бұлар құрамы жағынан тұрақты
болып келеді де, бүтіндей оралым бұрыннан тіркескен, дағдылы қалпын
сақтайды, сыңарлары ешкімнің еркіне көнбей, өзінен-өзі тіркесіп қойған тəрізді
болып ұғынылады. Мұндай тіркестер сөздердің еркін тіркесіне қарсы қойылып,
3
3
сөздердің еріксіз тіркесі немесе фразеологиялық оралым деп аталады.
Фразеологиялық оралымдарды фразеология зерттейді.
Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен
құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, əдетте,
фразеологиялық оралым деп аталады. Олардың қатарына, мысалы, орыс тілінде
глубокая осень, глубокая печаль тəрізді тұрақты сөз тіркестері, қазақ тілінде
қас қаққанша, көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында тəрізді тұрақты
сөз тіркестері енеді. Бұл фразеологизмдердің əрқайсысы сөздердің бір-бірімен
тіркесе жұмсалуынан жасалғанмен, мағынасы жағынан бір тұтас, құрамы мен
құрылым жағынан тұрақты едини-ца ретінде ұғынылады.
Фразеологизмдерге тəн басты белгі-оның даяр қалпында жұмсалу белгісі.
Фразеологизмдер қарым-қатынас процесінде, сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр
қалпында бір тұтас единица ретінде жұмсалады. Фразеологизмдердің бұл
қасиеті оны еркін сөз тіркесімен салыстырғанда, ашық көрінеді. Мысалы, суды
қайнату, қолды жуу тəрізді еркін сөз тіркестері сөйлеу кезінде жеке сөздердің
бір-бірімен еркін тіркесіп айтылуынан жасалса, қаны қайнау (ызалану), соры
қайнау (сорлау) жəне т.б. осылар тəрізді фразеологизмдер тіркескен күйінде,
бүтін қалпында жадымызда сақталады да, сөйлеу кезінде олардың сыңарлары
сөйлеушінің қалауы бойынша тіркеспейді, бүтіннің бөлшектері бұрыннан
өзінше тіркесіп қойған қалпында бір тұтас даяр күйінде қолданылады. Cөйлеу
кезінде фразеологизмдерді қолданушы адам оның құрамына енетін сөздерді
өзінше тіркестірмейді, тұтасқан күйін бұзбай, қаз қалпында қайталай
қолданылады. Мұндай қасиет фразеологиялық оралымға ғана емес, сонымен
бірге лексикалық единица-сөзге де тəн. Мысалы, əдемі (сүйкімді), дəулетті,
ұялмау ( шіміркенбеу) деген сөздер де жəне бұларға белгілі дəрежеде
синонимдес болып келетін үріп ауызға салғандай, мұртын балта шаппайды,
қас пен көздің арасында тəрізді фразеологизмдер де даяр қалпында жұмсалу
қасиетімен сипатталады. Бұлар сөйлеу кезінде конструкцияланбайды, даяр
4
4
тұрған құрылыс материалы сияқты қызмет етеді, тұтас қалпында не еркін сөз
тіркесінің, не сөйлемнің құрамына енеді.
Фразеологизмдер мағына тұтастығымен сипатталады. Оның өзіне ғана тəн,
меншікті мағынасы бар жəне ол мағына фразеологизмдерді құрастырушы
сыңарлардың
мағыналарына
тəуелсіз,
өздігінен
өмір
сүреді.
Фразеологизмдердің мағыналық тұтастығы, оның семантикасы құрастырушы
сыңарлардың мағыналарының жиынтығына сай келгенде де сақталады.
Басқаша айтқанда, мағыналық жақтан фразеологизмдер бір бүтін, бір тұтас
единица ретінде көрінеді де, оның семантика-сында құрастырушы
сыңарлардың мағыналары ашық, айқын бейнеленгенде де, мағыналық бүтіндігі
бұзылмайды. мысалы, тайға таңба басқандай (ашық-айқын), қаны қайнау
(ызалану) деген фразеологизмдер бүтіндей фразеологизмдердің семантикасы
мен оны құрастырушы сыңарлардың ара қатысы жағынан əр түрлі болғанымен,
мағына тұтастығымен сипатталады. Мəселен, жерден жеті қоян тапқандай
дегеннен қатты қуанды, шаттанды дегенді түсінемі. Бұл мағынада жер, жеті,
қоян, табу деген төрт сөздің бір де біреуімен байланыспайды, бірақ сол төрт
сөздің
қаз-қатар
жұптасып
қолданылуы
арқылы
пайда
болады.
Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қолданылып қана қоймайды,
мағыналық жағынан да біртұтас единица ретінде көрінеді. Мысалы: кір жуып,
кіндік кескен жер (атамекен, туған жер), екі аяғын бір етікке тықты (тықсырды,
састырды), инемен құдық қазғандай (бейнеті көп, өте ауыр), шаш етектен (көп,
мол) аттың жалы, түйенің қомында (асығыста, қарбаласта) дегендердің бəрі де
құрылым-құрылысы жағынан түрлі-түрлі болғанымен, əрқайсысы мағына
тұтастығымен сипатталады. Фразеологизмдердің мағына тұтастығын жеке
сөзбен нақ бірдей деп санауға болмайды.
Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне
жатады. Тиянақты сөз тібегіндегі сөздер əркімнің қалауынша емес, қалыптасқан
белгілі жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі
ажыратылмай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөздермен алмастыруға
5
5
я болмаса, тұрақты орын тəртібі өзгертуге келмейді. Мəселен, мұрнын көкке
көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек, мəн-мағынасы бүтіндей
өзгеріп кетеді. Тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді. Ал көк сөзін оның
синонимі аспан сөзімен алмастырсақ (мұрнын аспанға көтерді), мағына
тұтастығы онша бұзылмағанымен стильдік мəні солғындап, үйлесімі кемиді,
құлаққа жағымды тимейді. Көтерді деген етістікті көтермеді, көтеріп тұр,
көтермекші деп түрлендіріп, өзгерте беруге көнбейді. Тек өзінің сіресіп
қалыптасқан қалпында қолдануды талап етеді. Сол сияқты бармағын тістеді
деудің орнына саусағын тістеді десек, фразеологиялық мағынасынан ажырап,
басқаша мəн алады. Сондай-ақ санын соқты деген тұрақты тіркестің
құрамындағы сан деген сөздің орнына тізе немесе бас деген сөздер
қолданылмайды. Қолданыла қалған күнде тұрақтыдан еркін тіркеске ауысады.
Жоғарыда аталған үш түрлі белгі (тұрақтылық, тұтастық, тиянақтылық)
арқылы фразеологизмдер тілдің өзге категорияларынан оқшауланып, өзіндік
бітім-бейнесімен дербес өмір сүреді.
Қазақ тіл білімінде, түркологияда, фразеологияның жалпы проблемалары
бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ.
Басқаша аятқанда, сан алуан фразеологиялық тізбектер дербес зерттеу обьектісі
болудан гөрі, ілгері-кейінді жазылған сөздіктерде, мақалаларда, иллюстрация
материалы дəрежесінде қолданылып келді. Тіпті жалпы түркологияда елеулі
орын алатын бұрынғы сөздіктерде де идиомдық жəне басқа тұрақты сөз
тіркестері тым сирек кездеседі. Тек соңғы кезде ғана қайсыбір түркі тілдерінде
ғана осы салада еңбектер туа бастады. Мұның шешілмеген даулы мəселелері
өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пəн ретінде арнайы
зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы
деген топға жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі
мəлім. Соңғы 30-40 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология
проблемалары əжептəуір зерттеліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Əсіресе
академик І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты көлемді
6
6
еңбегін тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркітануға қосылған елеулі үлес деп
қарауға болады. Автор аталған сөздіктің фразеология туралы бөлімінде қазақ
тіліндегі фразеологимздердің теориялық мəселелерін жан-жақты қарастырып,
біраз ілгері дамытқан. Қазақ тілінің фразеологиясын зерттеушілердің қай-
қайсысы да бұл еңбекке соқпай өте алмайды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Фразеология терминіне анықтама берің.
2.Фразеологизмдерді өзалдына дербес лингвистика саласы
екендігін танытатын басты белгілері қандай
?
3. Еркін тіркес пен фразалық тіркесті қалай ажыратамыз
?
4.Фразеологизмдегі тіркес тиянақтылығы дегенде нені түсінесіз
?
5. Фразеологизмдердің зерттелу тарихы туралы не білесіз
?
6. Қазақ фразеологиясының зерттелу тарихындағы
І.Кеңесбаевтың ролі қандай
?
7
7
Фразеологизмдердің шығу арналары
.
Ж О С П А Р Ы:
1.Адам ойында қорытылған құбылыстар негізінде пайда болған
фразеологизмдер.
2.Өлшемдік ұғымдар негізінде пайда болған фразеологизмдер.
3.Діни ұғымдар мен ескі əдет-ғұрыптарға байланысты шыққан
фразеологизмдер.
4.Тарихи оқиғалар негізінде пайда болған фразеологизмдер.
Тірек сөздер: Қазақ тіліндегі фразеологизмдер жасалуына себеп болған
басты құбылыстар: адам ойында қорытылған құбылыстар, өлшемдік ұғымдар,
діни ұғымдар, аңыздар мен тарихи оқиғалар негізіде пайда болған
фразеологизмдер.
Тілдегі фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі құбылыстар, ұғымдар,
түсініктер себеп болған. Солардың бастылары:
1. Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған
құбылыстардың нақтылы бейнесі негіз болған. Мысалы, жауыр болды (əбден
мезі қылды, ығыры шықты) деген тұрақты тіркестің негізінде көп мініліп
арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Басында атқа байланысты
шыққанымен қазіргі кезде ол мағынасы ұмытылып, қайта жасалынып адамға
байланысты айтылады. Арс етті (беттен алды, қарсы келді) деген
фразеологизмнің негізінде иттің қарсылық білдіріп, айбат шегуі жатыр.
Кейіннен бұл мағына адамға қатысты айтылатын болған. От ала келген кісідей
деп, асығыс-үсігіс, мұрнына су жетпей жүрген кісіге айтылады. Бұл тұрақты
тіркестің о бастағы от ала келу мағынасы ұмытылып, қазір адамның өзіне
тікелей қолданылып кеткен. Сол сияқты ағынан жарылды, айдап салды,
астынан су шыққандай, асығы алшысынан түсті, ас ішіп, аяқ босатар, ата
сақалы аузына біткен, ат басына күн туды, атқа мінер, ат-тонын ала қашты,
8
8
ауыз жаласты, ауыздықпен алысты, жеп еті, ішіп сорпасы жоқ, жілігі
татымайды, аяғынан келді, аяғынан тік тұрды, аяғының ұшынан басты, аяқ-
қолын жерге тигізбеді, бал ашты, беті бері қарады, дəмін татты, ет жемесе де
сорпа ішкендей болды, еттен өтіп, сүйекке жетті, етігімен су кешті, жағасын
ұстады, жайып салды, жанбай жатып сөнді, аузынан ақ май ағызды, жас иіс,
жастығын ала жатты, жатып ішер, жау жетті, ел көшті, жауырды жаба тоқыды,
желі оңынан тұрды, жең ұшын жалғасты, жерге түкірді, жер шұқыды, жол
көрсетті, жібі бос, жібі түзу, жіпке тізді, иі жұмсақ, иі қанды, исі мұрнына
кірмеді, кəрі қойдың жасындай жасы қалды, қаймағы бұзылмаған, қамшы
салдырмайды, орнын сипап қалды, өңін айналдырды, өті жарылды, көшсе көш
басында, отырса от басында, санын соқты, сорпаға шығар, су татиды деген
фразеологизмдердің жасалуына да сөз жоқ, адам ойында қорытылған
құбылыстардың нақтылы себеп болғандығын танып білуге болады.
2. Бірқыдыру фразеологизмдер өлшемдік ұғымдардың негізінде пайда
болған. Мысалы: а) уақыт, мерзім өлшемдер: күн шыға, сəске түсте, тападай тал
түсте, шаңқай түсте, түс ауа, күн бата, күн ұясына кіргенде, ел орынға отыра,
көз байлана, қас қарая, ымырт жабыла, қызыл іңірде, іңір қараңғысында, ел
жата, түн ортасында, таңға жақын, жылқы жусар кезде, тауық шақырғанда, таң
ата, құлқын сəріде, таң аппақ атқанда, ала жаздай, қыс бойы, ақ қар көк мұзда,
мал балалап жатқанда, ел қосқа шыққанда, көктің көлінде, ел жайлауға
көшерде, күзем алып жатқанда, ел күзекке отрығанда, соғым сойып жатқанда
т.б.
1) көлем өлшемдер: бір топ (ошар) жан, бір тайпа ел, бір қора қой, бір үйір
жылқы, бір қоспақ (келе) түйе, бір табын сиыр, бір көген қозы, бір желі құлын,
бір айдам жер, бір мая шөп, бір ұрттам су, бір жағым от, бір тең жүк, бір сабақ
жіп, бір шүйке жүн, бір киер киім, бір жалқы, бір түйір дəн, бір түп көде, бір
қанат ши, бір шумақ жіп, бір кесек киіз, бір жайым құрт, бір білем май, бір
асым ет, бір шайлық сүт, бір тілім нан, бір қайнатым шай, бір шағым қант, бір
саба қымыз, бір атым насыбай, бір қарын май, бір қап астық, бір шана шөп, бір
9
9
шайнек шай, сыңсыған қалың орман, мыңғырған мал, жер қайысқан қол,
жайқалған егін, шаш етектен, қыран күлкі, мидай дала т.б.
б) ұзындық, қалыңдық, тереңдік өлшемдері: бармақ қазы, бір елі, сала құлаш
жіп, тұтам емшек, қол созым жер, таяқ тастам жер, бір табан жақын, ат
шаптырым, айлық жол, кісі бойы, оқ бойы, ат кекілінен, бір кез, бір шақырым,
иек асты, түстік жер, бір көш жер, көз көрім жер, арқан бойы, тұла бойы, өн
бойы, есік пен төрдей, аспан мен жердей, жырта (кере) қарыс, бір сүйем, сынық
сүйем, бір құшақ т.б.
Қазақ халқы Қазан төңкерісіне дейін көшіп-қонып көшпенділік дəуірді басынан
өткізгендігі белгілі. Олар жаз жайлауда, қыс қыстауда, күз күзекте бірден-бірге
көшіп-қонып жүргенде уақыт мерзімін, ұзындық пен көлемді қалай өлшеп
білген деген заңды сұрақ туады. Сол заманда біздің халқымыздың уақытты
сағатпен, көлем мен салмақты таразымен, ұзындық пен кеңістікті метрмен
өлшеуге əлі дағдыланбаған, үйренбеген кезі еді. Бəлкім, сол кезеңге бұл
өлшемдердің көшпенділік тұрмысқа соншалықты қажеті де болмаған шығар.
Қалай дегенмен, сол заманның тұрмыс-тіршілігіне лайық өз өлшемдері
болғандығын тілдегі өлшемдік ұғымды білдіретін қыруар сөздер мен тұрақты
сөз тіркестері арқылы танып білуге болады. Өткен заманда қазақтар уақытты
сағатпен нақтылап өлшемегенімен, секунд, минут, сағат деген уақыт
өлшемдерін шамамен дəл болжай білген. Мəселен секунд ұғымын қас қағым,
кірпік (қабақ) қаққанша, көзді ашып-жұмғанша, демнің арасында, табан
аузында деген дене мүшелерінің қимыл қозғалысы арқылы білдірген. Секунд
деп айтпағанымен, секунд ұғымын айнытпай дəл түсініскен. Минут пен сағатты
бие сауым, сүт пісірім, шай қайнатым, ет асым сияқты нақтылы мөлшерлі
уақытпен білдірген. Осы фразеологиялық тіркестер сағат болмағанымен,
сағаттың орнына жүрген. Тəулік пен жыл ішіндегі мерзімдерді нақтылап дəл
айыру үшін қазақтар Ай, Күн, Шолпан, Жеті қарақшы, :ркер, Темірқазық,
Есекқырған тəрізді толып жатқан аспан денелерін молынан пайдаланған.
10
10
Олардың күнбе-күнгі (тəулік бойындағы) айлық, жылдық қимыл-
қозғалыстарын қадағалап бақылап отырған.
Уақыт-мезгіл өлшемдерінде қас, кірпік, қабақ, көз, ауыз, дем сияқты
адамның дене мөлшерінің қимыл-қозғалысы пайдаланылса, ұзындық пен
қалыңдықты өлшеуге елі, сүйем, қарыс, табан, адым, тұтам, құшақ тəрізді
атаулар қатысқан. Мəселен жылқының қазысын өлшегенде пышақ сырты, қыл
ел, жарты елі, шынашақ, бір елі, бармақ елі, екі елі, үш елі, төрт елі, сынық
сүйем, табан сере деп талдайды. Бұл өлшемдер ел арасында əлі күнге сақталған.
Тігінші, үйші, етікші, ұста, ағаш ұстасы дегендердің бəрі де метрлік өлшем
тұрмыс тəжірибесінде əлі ене қоймаған кезде, негізінен жоғарыда аталған
өлшемдерді қолданған. Бірақ əрқайсысы əр түрлі өлшемге пайдаланылған.
Мəселен, ендей матадан киім пішкенде құлаш, қарыс, сүйем, елі жұмсалған.
Жіпке қарыс, тұтам, құлаш, сала құлаш, ал шашылып-төгілетін жəне жұмыр
нəрсеге тұтам мен құшақ қолданылған.
3. Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі əдет-ғұрыптарға
байланысты жасалған. Мысалы: ант су ішті, аруақ (құдай) атсын, бата қылды
(оқыды), бір тарының қауызына сыйғызды, дін мұсылман ағайын, діні қатты,
жазмыштан озмыш жоқ, жан берді (тапсырды), жан таласты, жетісін берді,
қырқын берді, заман ақыр, қыл көпір, зəмзəм суы, зікір салды, иманды адам,
иман жүзді, иманы жолдас болсын, кəусар суын ішті, кешу айтысты, пірге қол
тапсырды, құран сөзіндей, құрбан шалды, махшар күні, маңдайға жазды,
мойнына бұршақ салып тіледі, намазы қаза болды, неке суын ішті, некесін
қиды, талақ етті, пайғамбардың жасына келген, періштенің құлағына
шалынсын, пітір берді, дем салды, атастырып қойды, бесік құда т.б.
4. Кейбір тұрақты тіркестердің жасалуына аңыздар мен түрлі ұғымдар,
өткен тарихи оқиғалар негіз болған. Мысалы: қайда барса да Қорқыттың көрі,
Есімханның ескі жолы, Қасымханның қасқа жолы, ердің құны, нардың пұлы,
есте жоқ ескі мезгілде, жазған құлда шаршау жоқ, жар салды, сауын айтты,
жыланы қайтты, ер кезегі үшке дейін, ер қаруы бес қару, күл төбенің басында
11
11
күнде жиын, жеті атасынан қара көк, шынжыр балақ, шұбар төс, қара нар, қалы
кілем, ат-шапан айып, ақ сүтін көкке сауды, теріс батасын берді, жерұйық, қой
үстінде боз торғай жұмыртқалады, қой тұяқ жамбы, құба қалмақ заманы,
кедейдің жеті қаңтаруы бар, кедейдің аузы асқа тисе мұрны қанайды, мал
құлағы саңырау, қара жер хабар бермесін, сүт көп, көмір аз, отқа май құйды,
жыртысын жыртты, сойылын соқты, шашбауын көтерді, қол шоқпар болды, қол
жаулық т.б.
Тілдегі фразеологизмдердің бəрінде о баста конкретті тура мағынасы
болған. Профессор Г. Мусабаевтың пікірінше, осы күнгі жүрек жұтқан, қан
ішер, қатарға қосылды, санатқа ілінді, ит терісін басына қаптады деген
фразеологизмдердің бəрі о баста тура мағынада қолданылған. Бұлар талай
заманның белгісін сақтап, кейіннен басқа мағынаға ауысып кеткендігін айтады.
Бет моншағы үзілді (түсті), бет пердесін сыпырды (ашты, жұлды) деген тұрақты
тіркестер де баста тура мағынада қолданылған. Бұлар талай заманның белгісін
сақтап, кейіннен басқа мағынаға ауысып кеткендігін айтады. Бет моншағы
үзілді (түсті), бет пердесін сыпырды (ашты, жұлды) деген тұрақты тіркестер де
басында тура нақты мағынаны білдірген. Кейіннен қатты ұялып, біреуге тіктеп
қарай алмау, біреудің айыбын бетіне басып масқаралау мағынасында
фразеологизмге айналып кеткен. Əр заманнан тілде белгі қалады. Соған қарай
отырып, тіл фактісі арқылы көненің сырын ашуға болады. Мəселен, қазіргі
қазақ тілдіндегі ит шана, ит арба деген тіркестерге қарап көне заманда итті
көлік ретінде пайдаланған шығар деп жорамалдауға болады. Мұны ит өлген
жер, ит арқасы қиян дегендер де дəлелдщей түседі. Фразеологиялық мағынаның
түп-төркіні лексикалық мағынамен астасып, іштей өзектесіп жатады.
Фразеологизмдердің пайда болу жолдары, шығу арналары бұл айтылғандармен
шектелмеуге тиіс. Олардың жасалуы мен түп-төркінін əлі де зерттеу келешектің
ісі.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
12
12
1.Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің шығу арналарына жалпы сипаттама
берің.
2. Өлшемдік ұғымдардың негізінде пайда болған фразеологизмдерге мысал
келтірің.
3.Ант су ішті, бата қылды, жетісін берді деген фразеологизмдер қалай
жасалған
?
4. Көлем өлшемдері негізінде пайда болған фразеологизмдерге мысал
келтірің.
5.Қайда барса да Қорқыттың көрі, Есімханның ескі жолы, Қасымханның
қасқа жолы деген тіркестер қандай жолмен жасалған
?
Достарыңызбен бөлісу: |