Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет54/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70
жайылуынан тұруы көп. Ауыт-ауыт оттауын доғара койып, күнмен
бірге көтерілген даланың анау-мынау қозыдай дәубас көк соналарымен
айқасып кетеді (С.Асылбеков, Құлтай. «Жұлдыз», 1981, №1). Әкесі
құдықтың жанындағы цемент науаға өлермендене топылған
саулықтарды таяғымен мошқап қойып тәртіп орнатып жүр (85-бет).
Авторлық баяндаудағы мұндай қолданысты қазіргі талғамы биік
оқырманның қанағат тұтпайтын себебі, әдеби тілде ауыт-ауыт, топыл,
мошқап сөздерін ауыстыра алатын баламасы бар. Ал диалектизмдерді
әдеби тіл нормасының фонында эстетикалық қызметке жеге отырып
жұмсаудың, мысалы кейіпкер тілінің мінездемесі ретінде қолданудың,
еш бөтендігі жоқ. Қайта, автор тілінен кейіпкер сөзін даралай түсудің бір
тәсілі болар еді.
Диалектизмдердің көркем шығарма тілінде қолданылуының тағы бір
себебі – қаламгер соны сөз іздейді. Тіл қойнауының тыңында жатқан,
жалпы жұртқа беймәлім сөздер (мысалы: балықтың мәлігі «ұрпағы», қан
шілде «нағыз шілде», құс қанаты «көктемде болатын соңғы қарлы
жауын-шашын») өз сонылығымен оқырман назарын аудармай қоймайды.
Өйткені әдеби тілде баламасы ұшырай бермейтін, жоқтың орнын
толтыратын ондай сөздердің соны қолданыс ретінде әсері оқырман үшін
айтарлықтай. Бірақ амал не, кейбір роман, повестерді оқып отырсаңыз,
шығарма авторы бейәдеби элементтерді стильдік зәруліктің немесе сөзге
мұқтаждықтың өтеуі ретінде қолдануға көп көңіл бөле бермейді.
Нәйеті, ексемдеп, әлімәлі, кермалдасып, шеккі емес, бәткерде қылды,
мәнейі, аңыстама т.б. тәрізді. Жергілікті маңызы бар сөздердің арқалап
тұрған жүгі болмаса, қазіргі оқырмандарды баурай қоюы екіталай.
Әрине, жазушы (К.Ахметбеков. Егіз қайың. «Жалын», 1985. №5) нәйеті
мен мәнейілердің бәрімізге түсінікті әдеби тілдегі баламаларын білмеген
деуден аулақпыз. Алайда дағдыда бар сөзден (әдеби тілде баламасы бар
атаулардан) қаламын аулақ салып, автордың экзотикалық лексика іздеуін
сәтті дей аламыз ба? Мұндайлар көбіне ауылдастың сөзі жерде қалмасын
деген ниетпен төркіндес тәрізді көрінеді.
* * *
Әдетте көркем шығарма тілі тілге тиек бола қалса, әңгіме көбіне
диалектизмдердің орынды немесе орынсыз қолданылуына тіреледі.
96


Әрине, көркем шығарманың тіл кестесі бұлардан өзге де лексикалық
құбылыстармен астасып жатады. Солардың бір алуаны – көркем
шығарма тілінде көріне бастаған этнографиялық лексика мен кәсіби
сөздер легі.
Әлеуметтік диалектизмдерді, оның ішінде кәсіби сөздерді әдеби тілге
тән өзге жүйедегі сөздерге қарама-қарсы қоя отырып, эстетикалық
мақсатта жұмсау 20-30 жылдарда, мысалы, Ж.Аймауытовтың «Баушы
мен бала» әңгімесінде («Жас алаш», 1992, сәуір) айқын аңғарылады: 
– Бау-бақша деген немене? 
– Жеміс егетін жер емес пе? 
– Бауда қандай жеміс өседі? 
– Алма өседі, кауын-қарбыз өседі. Үзім өседі.... 
– Білмедің, балам, білмедің. 
– Неге? 
– Неге екенін айтайын, бау бір басқа, бақша бір басқа. Бауда алуан-
алуан жеміс ағаштары өседі: алма, өрік, мейіз, үзім, жиде, тұт, бадам
сияқты. Міне, мұны бау дейді (...)
– Ал бақша деген немене? 
Башада қауын, қарбыз, буылдық, сәбіз, қияр, пияз, карпосте.
памадор, қабақ, күнге бағар сияқты жемістер егетін жерді айтады.
– Мен

бау-бақша дегенді бір сөз екен деп ойлаушы ем. 
– Сен білмейсің. Өйткені біздің Арқада бау болмайды. Бау – әкесі де,
бақша – баласы. Сіздің жақта тайынша дейді. Біз тана дейміз. Сөздің
әкесі – Сырда, баласы – қырда, Арқада ғой (...).
Шағын әңгімеде жазушы кейіпкер сөзі мен жергілікті, кәсіби
сөздерді бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып, жалпыхалықтық сипат ала
қоймаған кәсіби лексиканың можа болу (ағаштың қартайып, мүжіле
бастауы), қыл буыттау (ағашты екі жағынан керте шабу), тұжыру
(жайыла өсу үшін тораңғы сияқты ағаштардың басын қырқу) тәрізді
түрлерін қолданады. Жазушы мұндай бейтаныс сөздерді оқырман
жатырқамас үшін контекст арқылы, мәндес сөздермен қабаттастыра
қолдана отырып, олардың мағынасын аңғартып отырады. Сөйтіп
бейтаныс сөздерді етене таныс сөздерге айналдырады.
Кейіпкер тілінің лексикалық құрамы, әсіресе соңғы жылдарда кәсіби
сөздермен, этнографизмдермен байи түсті. Жазушы қарамағындағы
97


мұндай пассив лексиканың түрлері кейіпкер сөзінің дәл, нақты болуына
қызмет етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет