Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет50/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70
көзіне ілмеді (сөйлеу тілі), бит шаққандай көрмеді (әдеби қарапайым
тіл), мәу демеді (бейәдеби қарапайым) деген функционалдық-
экспрессиялық эквиваленттері бар.
Сатиралық эффекті тудыру үшін осылардың ішінде сөздің бейәдеби
қарапайым түрі контексте орынды көрінуі ықтимал. Мысалы: Бүгінде
нейтрон бомбасы десе жаны түршікпейтін адам жоқ. Ал осы сұрқия
бомбаның «әкесі» Самюэл Коэн бұған тіпті мәу демеді. Оның жағасы
жайлауда, екі езуі құлағында (Социалистік Қазақстан, 1981, 1 қазан).
Кезінде ұлы суреткер М.Әуезов Кеңес одағы халықтары әдебиетіне
талдау жасай келіп, былай деп пікір түйген болатын: «Қырғыз, қазақ
әдебиеттері жазба дәстүр жағынан жас әдебиеттер болғандықтан,
бұлардағы ұлттық традиция, әрине, көбінше ауызша сақталған тіл
мәдениеті – фольклор дәстүрі ретінде болған. Бұл романдардың
(Т.Сыдықбеков пен Ғ.Мұстафиннің романдары – Н.У.) тілдері бай,
көрікті. Көпшілік оқушыға түсінікті болғанда жазба әдебиет пен ауызша
сөйлем тілдің халық дәстүріндегі жігі соншалық ажыраспаған кезеңді
анғартады. Бірақ солай бола тұрса да сол жазушының өзді-өзі арасында
және де айырмастары бар.
Сыдықбеков халықтың мақал-мәтел, шешендік өрнектерді, сөйлем
орамдарды сол халықтық үлгіден көп өзгертпей алады. Ал Мұстафин
халықтық үлгіні еске алумен қатар өз жанынан тың, шебер, шешен
Жасынан үлгісіз шіркін
Не қылсын өнер ізденіп.
Сөйтіп, Абай авторлық фразеологизмнің классикалық үлгісін жасайды. Авторлық
фразеологизм немесе окказионал фразеологизмдер суреткердің қолтумасы ретінде тиісті сөздіктерде
беріліп отырады. Осы аталған авторлық фразеологизм проф. І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігінде» тіркелген. Бірақ, бір өкінішті жері, бұл фразеологизмнің (ит көрген
текедей) жалпыхалықтық қолданыстағы нұсқасы сөздікке енбей қалған. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде де ит көрген ешкі көзденіп-тің берілуін мақұлдауға болады. Бірақ авторлық деген белгі
керек.
89


афористік үлгілер тудырып отырады. Бірақ осы екі жазушының
геройларының ішінде қартаң адамдары шешенірек сөйлейді»
68
.
М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. суреткерлер
жалпыхалықтық тілде кездесетін фразеологизмдерді әр қырынан
қолданып қана қоймай, жұртшылыққа кеңінен танымал мақал-
мәтелдердің үлгісін пайдаланып, тыңнан сөз орамдарын жасады.
Ғ.Мұстафинде кездесетін жақсы қаулы – жарым іс деген орам жақсы
сөз – жарым ырыс дсген мақалдың моделі бойынша жасалған. Осы
тәрізді өгіздің аяғы болғанша, бұзаудың басы бол деген мәтел түріндегі
фразеологиялық тізбектің моделіне ұқсас сөз орамын М.Әуезовтың тіл
кестесінен де кездестіреміз: – Ай Бегеш-ау, бұл айтқан сөзіңнің бәрі
дұрыс болғанда, қалып жатқан қасірет тағы бар ғой. Қарамықтың
дәні болғанша, бидайықтың сабаны бол. Жаман қауымның жақсысы
балғанша, жақсы қауымның жаманы бол десе не дейсің? – деп Бегешті
біраз аңыртып тоқтатып қалды (М.Әуезов. Абай жолы). Ел зиялылары
арасындағы сөз қақтығысын анғартатын мұндай контексте қарапайым
немесе тұрмыстық сөйлеу тілі аясында қолданылатын фразеологиялық
тізбектен гөрі (өгіздің аяғы болғанша, бұзаудың басы бол) кітабилеу
реңктегі сөз орамы орындырақ көрінеді. Сондықтан жазушы белгілі бір
мақал-мәтелдердің моделін пайдалана отырып, сонымен мазмұндас,
бірақ реңкі жағынан контекске кірігіп тұратын сөз орамдарын жасайды.
Фразеологиялық сөз орамдарының көркем тіл кестесіне түсуі тек
бергі кезде ғана пайда болған жоқ. Ауызша әдеби тіл дәстүрінде
жасалған көркем үлгілерде фразеологиялық сөз орамының алуан түрін
ұшыратуға болады: ауыр қылыш; ала білек оқ; қанды көбе; ала балта;
он екі құрсау жез айыр; төменді бұзу; дұшпанның көзін қамау; жауды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет