Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет58/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70
Қымтанып ауыл жатты жай.
Бұл – суреткер қаламының адам сезіміне (сезімдік қабылдауына)
тұтқиылдан әсер етуі. Ауыл тыныштық құшағында, ауыл ұйқыда
дегендерге оқырман сезімінің еті үйренген болса, арқасын сүйеп,
қымтанып жатқан адам әрекетіндегі қысқы ауылдың түнгі бейнесін
М.Мақатаев қаламы салған соны сурет, жанды бейне арқылы
елестетеміз. Міне, осылайша көркем тіл кестесіндегі сөз деректі сезімдік
қабылдау түрінде болады.
Сөз – күрделі категория. Тілдегі сөздердің бір алуаны деректі
ұғымды (қайың, қарға, қоян) білдірсе, енді бір алуаны дерексіз ұғымда
жұмсалатындығы белгілі (аң, құс, өсімдік). Бұлардың көркем тіл
кестесіндегі орны бірдей емес. Сондықтан дәннен гөрі сұлы, құстан гөрі
ұзақ 
деу көркем тіл кестесі үшін әлдеқайда жарасымды
(В.В.Виноградов). Себебі ұзақ, қарға, сұлы дегендерді көруге болады да,
аң, құс, өсімдік дегендерді көруге болмайды. Ал суреткер қаламы
осындай көруге болмайтынның көркем бейнесін жасап оқырман сезіміне
ұялата біледі.
104


Тыныштық деген – жан ізгі,
Сағынып келген жардайын.
Оянып кетер тәрізді,
Сипасаң болды маңдайын (М.Мақатаев). Ақынды қайталап айтсақ,
тыныштық – ізгі жан, сағынып келген жар. Тіпті ол аялай сипаған
алақанның өзінен оянып кетердей тым сезімтал, сергек. Өлең жолдарын
оқи отырып осындай сәулелі сезімге бөленесің. Сірә, тыныштықтың
мұндай нәзік, мұндай нақты бейнесін жасау биік талант деңгейінде
кездесетін сәтті суреткер болуы керек.
Жоғарыда айтылған мысалдардағы теңеу, метафораларға қарап,
суреткер айтып отырған жайды оқырман тек бейнелеуіш, көріктеуіш
тәсілдер арқылы ғана көз алдына елестетеді немесе түйсіне алады деуге
болмайды. Күнделікті қарым-қатынас қызметін өтеп жүрген қатардағы
жай сөздердің өзі де көркем тіл кестесіне енгенде образға айналады.
Образға айналу үшін олардың метафора, троп болуы шарт емес. Тіпті
көркем тіл кестесіне енген жай ғана сөздер арқылы да затты, іс-әрекетті,
сапаны шындық өмірдегідей түйсініп, көзбен көріп, құлақпен естігендей
күй кешеміз. Контекстегі сөз арқылы сол заттың, іс-әрекеттің, сапаның
санамызда нақтылы сәулесі пайда болады. Сондықтан көркем тіл
кестесіне енген шам, білезік, сырға, бөрік тәрізді ешбір сиқыры жоқ
сөздер сөз образға (словообраз) айналады. Екінің бірі айтатын қатардағы
сөздердің өнер материалына, басқаша айтқанда сөз образға қалай
айналатынын байқау үшін мынадай мәтінге назар аударып көрейік.
Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар.
Сүйндік бәйбішесімен және екі баласы – Әділбек, Асылбекпен – бәрі де
қонақтармен бірге болды. Бұл үйге әсіресе, өзгеше көктем нұрын
енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы – Тоғжан. Абай келгеннен
бері Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет
келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен
Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы,
бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері – баршасы да бұл
өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ
жүзді, қырлы мұрын, қаракөз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп
қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға
қарай тартылған қас, жүрекке шабар жендеттің жебесіндей.
105


Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса, сұлу
қастары бір түйісе түсіп, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып
дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем
қанатындай. Биікке, алысқа мегзейді (...). Абай көпке шейін Тоғжан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет